жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Экологиялық ойындар
Эколгиялық ойындар
Ш
ығыс
Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
«Өкпеті» орта мектебінің
жоғары санатты география
пәні
мұғалімі
Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ойын арқылы оқушылардың ой шапшаңдығы, тіл байлығы молаяды, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Мен өз сабақтарымда, сынып сағаттарымда және үйірме сабақтарында экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданамын. Солардың біразына тоқталаайын.
«Космостық экспедиция» ойыны
Белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйым салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді. Планетаның орнына өз елімізді, туған ауылымызды қоюға да болады.
«Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенде завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.
« Қыз қуу» ойыны. Оқушы суреттегі өсімдіктің атауын тез айтып, сипаттама беру керек \ слайд \ жеңіліп қалса табиғатты қорғауға байланысты мақал-мәтел айтады. Жергілікті жердің өсімдіктерін алуға болады.
«Ол кім? Бұл не?» ойыны.(Сыныпты топқа бөлуге болады.) Жалпы бұл ойын алдарындағы түрлі карточкаға бір- бірінен сұрақ-жауап алады. Қай команда дұрыс жауап берсе, сол команда 1 ұпайға ие болады.Әр командаға 6 сұрақтан беріледі.
1.Вулкан 1.Қытай
2.Карта 2.Құс
3.Бәйшешек 3.Машина
4.Шошқа 4.Жусай
5.Ірі қара 5.Су
6.Ауыл шаруашылығы 6.Балық
Экологиялық эрудиттер ойыны.Бұл ойын бүгінгі күннің ең басты проблемасы - Жер ғаламшарының ластануына арналған.(Топтық ойын)
Ойын кезендері:
1 кезең: ''Біз нені қоқысқа тастаймыз?''немесе ''Қоқыстың алтын қорлары''.Қазіргі әрбір топқа бес-бес сұрақтан жиыны 15 сұрақ қойылады.Әр топ алдында 1, 2, 3 сандары немесе жауап нөмері жазылған дөңгелекшелер жатыр. Әр сұраққа жүргізуші үш жауап айтады. Басқарушы белгілгісімен дұрыс жауап нөмерін көрсету керек.
2 кезең:''Экологтардың одақтастары''. Берілген ағаш жапырақтарының, құстар мен басқа да жан- жанүарлардың сыртқы белгілеріне қарап, қандай ластану әсерінен өзгеріске ұшырағанын анықтау.
3 кезең: Мақал-мәтелдер сайысы. Мұндай әрбір топ су, жер, өсімдік және жануарлар туралы мақал- мәтелдер айтудан жарысады. Бірінші болған топ мына жасырған сөзді ашқан, жасырын сөзді ашқан топ осы кезеңнің жеңімпазы болады. Бірақ мақал- мәтелдер қайталанбауы тиіс. Сондай- ақ мақал- мәтелдердің мағынасына да мән беріледі.
4 кезең: Экологиялық ой толғау жазу ( оқушыларға тақырыптары бар конверт беріледі, таңдаған тақырыптарына өз ойларын жазады.)
1. Егерде мен табиғатты қорғау минстрі болсам....
2. Егер де мен аулымның әкімі болсам .....
3. Егер мен эколог болсам .....
«Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы және орта сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер де қатыса алады.
Қалада төмендегідей мекемелер құрылады:
1. Ботаникалық бақ. Өсімдіктер туралы викториналар.
2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.
3. Табиғат тақырыптарына арналған карталармен танысу.
4. Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі.
5. Концерт залы. Табиғат тақырыбына арналған шумақтар.
6. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.
7. Кітапхана. Табиғат туралы кітаптар көрмесі.
8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы презентациялар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.
Далада ойыналатын экологиялық ойындар
«Пингвин» ойыны ( топтық ойын)
Әр топтан бір- бір оқушы алға шығып, аяқтарына доп қыстырып алады. «баста» деген белгі берілгенде алға қарай жылжиды. Белгіленген жерге дейін барып, кері қайтады да кезегін келесі оқушыға береді. Допты түсіріп алса ойыннан шығады. Бірінші болып аяқтаған топ - жеңімпаз атанады.
«Кенгуру» ойыны
Барлық оқушы бір сызықтың бойында тұрады. Әр оқушы допты тізенің тұсына қойып ұстау керек. Белгі берілгеннен кейін келесі сызыққа дейін секіріп бару керек және допты түсіріп алмауы тиіс. Ара қашықтық 10-15 метр болуы керек.
«Қояндар» ойыны (топтық ойын)
Ойыншылар аяқтарына мешок киіп алып секіреді. Берілген межедегі үстелдегі сәбізді ауыздарымен тістеп алып кері қайтып, кезегін келесі ойыншыға береді.
«Бақалар» ойыны. Қызықты және көңілді ойын.
Ойыншылар бір сызықтың бойына жиналады. Белгі берілгенде бірдей отырады, қолдарын белдеріне қояды да келесі бетке қарай секіреді. Ойын «бақалар» деп аталғандықтан бақаға ұқсап секіру керек және әр секірген сайын неғұрлым ұзақ секіруге тырысу керек.
«Баскетболшы тиін»
Ойынға қатысатын балалар бір сызықтың бойына тұрады. Әр топ жеке- жеке. Әр топтың қасында кішкене доптар салынған шелек тұрады, ал 3-4 метр қашықтықта келесі бос шелек тұрады. Топтың тапсырмасы кезек-кезек доптарды шелекке салу. Қай топ көп доп түсірсе, сол топ жеңімпаз.
«Топ қаздар»
Барлық қатышушылар шеңбер жасап тұрады. Тапсырма: аяқтарын тізенің үстінен сәл бүгіп, қолдарын соның үстіне қою. Белгі берілген мезетте осы қалыпты сақтап алдыға жүру. Көлдің суреті сызылған жерге кім бірінші жетсе, сол жеңімпаз.
«Тиіндер» ойыны (топтық ойын)
Екі немесе үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бір ойыншы шығып келесі бетке (белгіленген жер) дейін жүгіріп барып, қайтар жолда 10 шишка алып бөгеттерден өтеді. Қолындағы шишкаларды түсіріп алмау керек, жерге түскенді қайта алуға болмайды. Топқа келісімен келесі оқушыға кезегін береді. Қай топ көп шишка жинаса сол топ - жеңімпаз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген