жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Экологиялық ойындар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ОЙЫНДАР
Ойынның тақырыптары: «Экологиялық
өсімдіктер»
Орман
Жидектері
Ойын қатысушыларына бес минуттың ішінде орман жидектерінің
атауларын және оның ішінде қайсысы жеуге жарамды немесе жарамсыз
екенін жазу ұсынылады.
Кейін ойынның әрбір қатысушылары өзінің
тізімдерін оқиды. Кім көп орман жидектерінің атауын және оның жеуге
жарамды қасиеттерін есіне түсірсе, сол жеңімпаз
атанады.
Емдік Шөптер
Ойын қатысушыларына бес минуттың ішінде орман шөптердің атауларын
жазу ұсынылады.
Емдік шөптердің атауын көп есіне түсірген қатысушы жеңімпаз
болады.
Осыдан кейін жүргізуші қатысушылардан қандай ауруға қандай шөптің
көмектесетінін еске түсіруді сұрайды. Халықтық медицинаның үздік
білгірі ретінде сауалнаманың нәтижесінде екінші жеңімпаз
анықталады.
Фитошай
Ойынның қатысушылары 3-4 адамнан топтарға бөлінеді. Топтарға 5- 7
минуттың ішінде орман өсімдіктері мен шөптерден шайдың рецептін
құрау ұсынылады. Одан кейін әр топ өзінің құраған шайдың рецепті
мен оның қасиеттері туралы оқиды.
Әділқазылар, фитошайдың білгірлерінің арасынан жеңімпазды
анықтайды.
Соңғы Әріп
Ойыншылар шеңбер құрайды. Жүргізуші қандай да бір өсімдіктің атын
атайды да, шеңбер бойында тұрған бір ойыншыға нұсқайды. Ол алдында
айтылған өсімдіктің соңғы әрпінен басталатын өзге өсімдіктің атын
атауы қажет. Шеңбер бойындағы оқушылар екінші және т.б. әр аталған
өсімдіктің соңғы әріптерінен басталатын өсімдіктерді атауын ойлап
табады. Ойлап таппаған ойыншы, ойыннан шығады.
Шеңберде жалғыз қалған ойыншы жеңімпаз
атанады.
Секіргіш
Ойыншылар кезекпен секіргіштен секіріп, әрбір секірген сайын бір
өсімдіктің атын атайды.
Кім көп секіріп және көп өсімдікті еске түсірсе, сол жеңімпаз
атанады.
«ЖАСЫЛ АПТЕКА» ТАПСЫРМАЛАРЫ

Сен жөтеліп қалдың. Сенің жөтеліңді емдеуге қандай дәрілік шөптер көмектеседі?
(өгейшөп, түймедақ,жалбыз)
Қолың жарақаттанғанда немесежәндік шағып алғанда қай өсімдіктің жапырағын сол жарақаттанған жеріңе басуға болады?
(Жолжелкен жапырағын)
Жолда келе жатқанда сенің аяғыңды аяқ киімің қажап тастады. Ауырғанын қандай шөптің көмегімен басуға болады?
(Жолжелкен жапырағын
ауырған жерге басу керек)
Қалақайдың қандай пайдасы бар?
Оның құрамында С,В,А витаминдері көп және оны тамақ ретінде пайдаланады.
Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақ жесе, 3 тәулікте қанша жапырақ жейді?
(90 жапырақ)
«СИПАТЫ БОЙЫНША ЖАНУАРДЫ ТАП»
Бұл жануар өте тәкаппар құс. Өзінің ұясын құздың ең биік шыңына салады. Көк аспанда қалықтап ұшып, өз қорегін іздейді. Қиядағыны көзі шалады. Егер жерден жемтігін көрсе, аспаннан сорғалап келіп тырнағымен бүре түседі. Бұл қандай құс?
(Бүркіт)

Бұл жануар екі құлағы тікірейіп ескі бұтаның түбіне таң ата келді. Сол жерде отырып,, жан-жағына мазасыздана құлақ түре отырып, ақтеректің, жас талдың бұталарын кемірді. Тойып алып, айналсоқтап, секіріп-секіріп,, бұтаның жел жағына жата қалып, ұйқыға кетті. Бұл қай жануар?
(Қоян)

Ойын. Бірінші кезең «Ширату» деп
аталады.
Мұнда әр топқа 2 сұрақтан беріледі ,
жауаптарын шапшаң ойланып берулері керек. 2 сұраққа да дұрыс жауап
берілсе ,жетон беріледі.Тек біреуіне дұрыс жауап берілсе, жетон
берілмейді.
Сұрақтары
:
1. Адам бойындағы ең күшті бұлшық ет Тіл
3.Мүйізі бар орман жануары Бұғы
4.Қыста ағаш өсе ме? Жоқ
5.Кит қандай жануар? Сүтқоректі

6.Аңдар жуына ма? Иә
7.Өрмекшінің неше аяғы бар? Сегіз
8.Дельфин қалай ұйықтайды? Бір көзін
ашып 
9. Бал беретін жәндік. Ара
10. Құс үйі . Ұя
11. Үлпілдеген әдемі сарғыш құйрығы бар жабайы аң. Түлкі
12. Түнгі құс. Жапалақ
13. Түйеден де көп уақыт сусыз жүре алатын жануар. Тышқан
14. Ат секілді
жылдам шаба алатын аң. Аю 
«Ғажайып жануарлар» деп
аталады.
Сұрақтары:
1. Секіре алмайтын жалғыз
жануар. Піл
2. Ешқашан
ұйықтамайтын
жәндіктер. Құмырсқа
3. Дүние
жүзіндегі ең жылдам ұшатын құс –
Сұр
қарлығаш. 4. Арыстан
қалай
орман
патшасы
болса, мұхиттардың
да
патшасы. Акулалар.
5. Ағашта
өзінің қорегін кептіріп алатын
аң. Тиін
Ойын: «Анның сүйікті тағамы».
Допты кімге берсе сол бала жауабын айтады:
Мысалы: Тәрбиеші: Бала:
Қоян сәбіз
Аю бал
Кірпі алма
Түлкі тауық
Тиін жаңғақ
Қасқыр ет

Ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт,
және бұл түстер нені білдіреді? Нені
ажыратады?
(Көк, жасыл, сары,
қызыл)
(Қыс, Көктем, Күз,
Жаз)
Ойын: Табиғат құбылыстары
туралы жұмбақтар шеше білеміз
бе?
Аузы жоқ
үреді,
Аяғы жоқ желеді.
(Жел)
Жардай дәулер
соғысты,
Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт
найзағай)
Жарқ етсе сабау
қамшы
Төгіліп жауар тамшы (Найзағай,
жаңбыр)
Көк жүзінде көк
доға
Жер жүзінде жоқ
доға
Қолмен ұстауға
болмайды,
Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ)

Аспанда алып
доп,
Жарқырайды жарық
боп.(Күн)
Көк жастығым
сөгілді
Ішінен мамық төгілді
(Қар)

Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат
құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып
алайық.
Жел тұрды
гуілдеп,
Ағаш біткен
уілдеп.
Аспанды бұлт
торлады,
Найзағайлар
ойнады.
Жаңбыр жауды
себелеп,
Кемпір қосақ
көрінді.
Жарқыраған күн
шықты.
(Балалар қимылмен
көрсетеді)
Ойын: «Ауа райының өзгерістерін
тап»
«Табиғат туралы мақал мәтелдер
айту»
«Жер қазына, Су
гауһар.
Ойын:"Жақсы - жаман" ойынын
ойнайық.
Ойын ережесі: "Жақсы - жаман қасиеттер
бейнеленген суреттерге қарап "Жақсы" қасиет болса қол шапалақтау
"Жаман" қасиет болса тып - тыныш
отыру.
Гүлдерге су
құю
Ағаштарды
сындыру
Құстарға жем
беру
Құстың ұясын
бұзу
Гүлдер
жұлу
Құстарға ұя жасап
беру.




«Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып
қалмас!»

«Судың да сұрауы
бар!»
Өте жақсы балалар! Табиғатты аялауға,
қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп шыққанда ағаштарды
сындырмайық, оларды күтіп, қорғап
жүрейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген