400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экологиялық пирамиданың ішінде энергия алмасу қалай іске асады

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

3-сабақ.

Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Экологиялық пирамиданың ішінде энергия алмасу қалай іске асады

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар экологиялық пирамида мен заттар алмасуы қандай тәсілмен жүзеге асатынын біледі.

Құндылықтарға баулу:

Елін, жерін құрметтеуге, жауапкершілікке баулу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.


1.Азықтық тізбек дегеніміз не?


2. Экологиялық пирамида ұғымына анықтама береіңдер.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. Суреттегі реттілікті мұқият қараңдар. Сен оны қалай түсіндіресің? Қандай заңдылықты анықтай аласың? Есіңе түсір, мына түсініктер нені білдіреді: «автотрофтар», «гетеротрофтар», «продуценттер (түзуші)»,

«редуценттер (ыдыратушы)». Тізбекте берілгендердің қайсысын осы

аталған ұғымдарға жатқызар едің?


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Суретпен жұмыс жасайды;

- Сұрақтарға жауап береді.

6-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері.



2-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Редуценттер (ыдыратушылар) мен продуценттер (түзушілер) арасындағы нұсқар нені білдіретінін анықтайды (сызба). Энергияның тұйықталған айналымы бойынша берілуі мүмкін бе? Егер Күн жоғалатын болса, қандай жағдай орын алады?


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Тапсырманы талдайды, сызбамен жұмыс жасайды.


6-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері


3-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Экологиялық пирамиданы сипаттап береді.

2. Суқоймада салмағы 8 кг болатын шортан балық өсуі үшін қанша килограмм планктон қажет? Ол үшін шортан, планктон, торта балықтан тұратын азықтық тізбек құрастырады.


3. Экологиялық пирамиданың ережесі негізінде анықтайды: салмағы 400

кг болатын бір дельфин Қара теңізде өсіп, тіршілік етуі үшін қанша планктон (балдырлар мен бактериялар) қажет? Азықтық тізбек: планктон → моллюскілер → ұсақ жыртқыш балық → дельфин.


4. «Тұйықталған экожүйені өз қолыңмен жаса» жобасымен жұмысты

жалғастырады. Экожүйеңде орын алған өзгерістерді фотоға немесе бейнежазбаға түсіруді ұмытпа.


5.«Экология және тұрақты даму» бөлімінде оқылған тақырыптар бойынша медиаәліппе жасайды.



Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Тапсырмаға сипаттама береді.

- Азықтық тізбек құрастырады.

- Жобамен жұмысты жалғастырады.

- Медиаәліппе жасайды.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.

Рисунок 23




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
29.04.2024
240
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі