400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3

Мектеп: Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Наурзбаева Мейрамгүл Болатқызы

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.4 - экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: табиғаттағы тұрақты экожүйелердің құрылу заңдылықтарын біледі; терминнің мағынасын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: экологиялық сукцессия үдерісіне мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: Биогеоценоздың ауысы нәтижесінен табиғатта болып жатқан себеп-салдар байланысы бойынша өз бітінше ақпарат көздеріне талдау жүргізіп,жұмыс жасай алады

Бағалау критерийі

  • экологиялық сукцессиялардың үрдісін сипаттау.

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика және терминалогия:

Экожүйе, тіршілік ортасы, сукцессия, жағдай, қоршаған орта, бейімделу, ағза, түрлер, қоғамдастық, тұрғын, (пионер), топырақ, тау жынысы, өсімдік, шалғын, бұта, орман, алмастыру, колониялау, өсу, өзгеру, бейімделу, пайда болу, өлу,

  • Экологиялық сукцессия – сипаттауға қолданылатын термин

Құндылықтарға

баулу

Бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы оқу, сыйластық құндылықтары қалыптасады

Пәнаралық байланыс

Экология, химия, география

Алдыңғы білім

Қарапайым қоректік тізбек құрастыра білу

Қоректік тізбек сызбасы көмегімен продуцент, консумент және редуценттерді анықтай білу

Тірі ағзалар арасындағы қарым-қатынас түрлерін сипаттай білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Белсенді орта қалыптастыру

1. Бұрынғы білімдерін жаңғырту.

дұрыс тұжырымдамаларды таңда, өз таңдауыңды дәлелде

«Дұрыс тұжырымды таңда» әдісі бойынша

  1. Тірі ағзалардың бір –біріне әсер етуі биотикалық факторлар деп аталады.

  2. Өсімдікпен қоректенетін жануарларға қасқыр, түлкі, қоян, құтан жатады.

  3. Жануарларды жейтін жануарлар жыртқыштар немесе етқоректілер деп аталады.

  4. Ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден өлтірмейтін ағзалар сапрофиттер деп талады.

  5. Жануарлардың паразиттері- бүрге, бит, маса, кандала, паразит құрттар жатады.

  6. Әртүрлі қорекпен қоректенетін ағзалар, талғаусыз қоректенетіндер деп аталады.

  7. Продуценттер- жарық энергиясын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Оларды өндірушілер деп атайды.

  8. Өсімдіктер бірінші қоректік деңгейді құрайды.

  9. Шөпқоректілер екінші қоректік деңгейді құрайды.

  10. Қоректік тор- әртүрлі қоректік тізбектен тұратын күрделі құрылым.


Дескриптор:

  • Өткенді еске түсіріп, дұрыс тұжырымды тапты.

  • Таңдауын дәлелдей алды.


Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі бойынша

( оқушылар өз өздерін бағалайды)

Презентация




Сабақтың ортасы


2 минут





5 минут



3 минут


















3 минут










15-17 минут

1.Ой шақыру.

Слайд шоу қарау. « Экологиялық сукцессиялар»

(оқушылар пікірі)

  • Олай болса оқушылар біздің бүгінгі тақырыбымыз Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.

туралы болмақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырамын.

  1. Материалмен жұмыс жасау.

  • Сукцессияны анықтау.

  • Сукцессия түрлері.


Жұппен жұмыс

№ 1 тапсырма «Рет бойынша сапқа тұр!»

Бастапқы сукцессияның кезеңдерін ретімен қойып шық және қойылмаған кезеңді тап


БАСТАПҚЫ СУКЦЕССИЯ КЕЗЕҢДЕРІ:


1.Тау жыныстарының жел қақтырылуы

2.Бактериялардың , балдырлардың, қаспақты қына және топырақ түзілуі

3.Мүктердің және жалпақ қыналардың тұрақтануы,

4.Шөптесін өсімдіктердің пайда болуы-қоғамның қалыптасуы

5.Бұталардың тұрақтануы

6.Орман–тұрақты экожүйе.


№ 2 тапсырма «Айырмашылығын тап»

Сүретке мұқият қара, көрсетілген үрдісте бастапқы сукцессияның екіншілік сукцессиядан айырмашылығы қандай?


Бастапқы білімді тексеру. Баспадан шыққан тапсырмалармен жұмыс жасау.


№ 3 тапсырма.Қойылмаған сөздерді орнына қою:

1. Бастапқыда өсімдік өспеген аймаққа, өсімдік басып кетуі......... (бастапқы сукцессия)

2. Мүктер мен қыналарды ... деп атайды (сукцессия пионерлері)

3. алғашқы топырақ ...... әсерінен түзіледі. (редуцент- бактериялар)

4. Қандыағаш тамырларында түйнектері болады – арнайы мүшелер, олардың құрамында ...... болады (селбесуші бактериялар).

5.Селбесуші бактериялар…… мүмкіндік туғызады (топырақ құрамына азот жиналуына ).

6. Сукцессияның қозғаушы күші .... болып табылады (астындағы топырақ құрамын өзгертетін өсімдіктер).



Ішкі жиынтық бағалау тарауды

( жиынтық бағалау тапсырмаларын орындау)









https://www.youtube.com






Презентация




А. Соловьева.

Б. Ибраимова

Биология Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық

Флипчарт, маркер, стикерлер



Интерактивті

тақтада

тапсырмалар,

бағалау критерийлері

мен дескриптор көрсетіліп

турады.






Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. 5-6 бет

Сабақтың соңы

Бағалау:

2 минут

2 минут

Экологиялық сукцессиялар тақырыбын оқытудың мәні неде?

Алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Сабақ барысында сізге не жеңіл берілді?

  • Қиындық тудырған сұрақтар?

  • Осы қындықтар неге байланысты туындады деп ойлайсың?




Саралау- Сіз қандай тсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Әр оқушының қажеттілігін ескере отырып, оқу мақсаты мен бағалау критерийі негізінде тапсырмалар беріліп саралау жүргізілді.








Қауіпсіздік техникасын сақтау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін күнделікті өмірде жаратылыстану ғылымы бойынша білімдері қолдану дағдыларын дамытады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы , қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса , неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ неліктен?кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау.

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)?


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді ( оқытуға оқуға қатысты )?


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері \ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
44 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
10912
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі