Экологиялық
таза өнімдерді жобалау.
(Эссе)
Сәлеметсіздерме!
Мен жас студентпін. Қазіргі айтайын деп
отырған мәселем, экологиялық таза өнім
жайында болмақ. Яғни география пәні
бойынша.
Мектептегі
оқу жүйесі мен колледждегі оқу жүйесі
мүлдем бөлек. Мектептегі географияны
оқу мен үшін аса қиындық тудырмады.
Картамен жұмыс жасайтынбыз, сұрақ-жауап,
капитан секілді ойындар арқылы сабақтарды
көңілді жүргіздік. 2018 жылдан бастап
жаңартылған білім беру жүйесімен өттік,
басқада салалармен байланыстырдық,
БЖБ-ТЖБ секілді тесттілеу басталды.
Жалпылай айтқанда мектептете толық
болмасада географияны бір шама біліп
шықтық.
Колледжде
де жаңартылған білім беру жүйесі екен.
Басында менде кішкене қиындықтар болды,
алайда қазір жартылай болсада түсіндім.
Карантин болғандықтан колледжге барып
оқып жүрген жоқпыз. Соның өзінде
сабақтарды көңілді өтіп жүрміз.
Компьютермен, әр-түрлі бағдарламалармен
слайдтар жасаймыз. Енді оқу орнына барып
оқымасақта, жақсы әсер алудамыз.
Енді
тақырыпқа көшсек. Экологиялық таза
өнім- құрамында химиялық зиянды заттары
жоқ, немесе аз мөлшерде қолданылатын
өнімдер. Яғни, өзіміздің сүт, айран,
қымыз, шұбат секілді табиғи өнімдер.
Мен
болашақта экологиялық таза өнімдерден
бет терісіне арналған маскалар және де
дәрілік шөптерден жасалатын жуыну,
сұйық сабын секілді, қыз-келіншектерге
арналған күтіну топтамасын жасап
шығарғым келеді. Бұл дегеніміз денеге,
шашқа арналған жалпылай сыртқа
қолданылатын өнімдер топтамасы.
Маскаларды: сүт, айран және табиғи
жемістер мен көкеністерден өндіріп
шығарсам деймін. Ер адамдарға қарағанда
әйел адамдар тез қартайғыш келеді,
осыған орай мен маска жасағым келеді.
Мүмкін әдемі аруларымыз пластикалық
операция жасауды доғаратын болар.
Білемін қазіргі кезде хирургия саласы
қарқынды дамыған, косметолог мамандарына
жүгінулеріне де болады. Алайда Аллаһтың
қалаған түріне өзгеріс жасаған адам-
үлкен күнаға батары хақ. Әрине әрбір
қыздар, келіншектер әдемі болуды
қалайды. Бірақ ота жасау арқылы әдемілену
дұрыс емес деп білемін. Оданша табиғи
заттардан жоғарыда айтылып өткендей,
күтіну топтамасын шығарып соларды
пайдаланғанымыз жөн деп білемін. Бұл
менің жеке көз қарасым. Мүмкін бұл айтып
жатқандарым жәй ғана қиял да шығар...!
Ақтөбе
облысы
Ақтөбе
қаласы
ТОО
Колледж и КазГУЮ колледжі
1-курс
студенті Шайхын Акерке