Материалдар / Экологиялық викторина
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экологиялық викторина

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық викторина «Табиғат майталманы» Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы танымдарын кеңейтіп, қоршаған ортаны қорғауға үйрету Көрнекіліктер: презентация ІС-ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ 1. Таныстыру; 2. Сен білесің бе? (сұрақтар арқылы тіршілік иелерін атау); 3. Бұл кім? (сипаттар арқылы жануарларды анықтау); 4. Біліміңді тексер (тест сұрақтарына жауап беру); 5. Жұмбақтар; 6. Капитандар сайыс (сұрақтарға жылдам жауап беру); 7. Викторинаның қорытындысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
3000
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларға Зумға кірерде, нешінші топ екенін және атың жазып кірсін деп хабарлау



Экологиялық викторина

«Табиғат майталманы»



Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы танымдарын кеңейтіп, қоршаған ортаны қорғауға үйрету

Көрнекіліктер: презентация


ІС-ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ


  1. Таныстыру;

  2. Сен білесің бе? (сұрақтар арқылы тіршілік иелерін атау);

  3. Бұл кім? (сипаттар арқылы жануарларды анықтау);

  4. Біліміңді тексер (тест сұрақтарына жауап беру);

  5. Жұмбақтар;

  6. Капитандар сайыс (сұрақтарға жылдам жауап беру);

  7. Викторинаның қорытындысы


ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ


Викторинаға қатысушы сыныпты алдын-ала 3 топқа бөлдім. Оқушыларға өз топтарына ат қойып, эмблемаларын, өздерінің ұранын дайындап келу тапсырмасы берілді. Әр топқа капитанды өзім тағайындадым.

Енді осы викторинаның қатысушыларын бағалайтын әділқазы алқасын сайласақ:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

  2. Биология мұғалімі

  3. Математика мұғалімі


Олай болса, викторинамызды бастаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілеймін!


  1. кезең. Таныстыру.

Топтар өздерін таныстырады (1- ден 5 баллға дейін)


  1. кезең. Сен білесің бе? (әр дұрыс жауапқа 1-ден 3 баллға дейін)

  1. Ұлуға мүйіз не үшін керек? (негізі ол мүйіз емес, қармауыштар екен. Қармауыштар арқылы ұлу кез келген затты ұстап, дәмін татып, иіскеп, жан жағын қарап шығады екен. Осы қармауыштардың ұштарында кішкентай көздер орналасқан.

  2. Не себепті шошқа итке бәсекелес бола алады? (адамдар шошқаны ит сияқты - есірткіні іздейтін жануар ретінде үйретеді екен; шошқа затты тез әрі нақты табуымен ерекшеленеді)

  3. Судың доңызы деп кімді атайды? (ол тұщы суда өмір сүретін - карп балығы. Ол 70 жастай өмір сүреді, салмағы 69 кг жетеді, бойында еті мен майы өте көп болып келеді. Сол себепті балықшылар оны осылай деп атайды)

  4. Неге тотықұстың торына айна қойылатындығын білесіздер ме? (тотықұс қозғала беретін құс болып табылады. Ол жалғыздықты ұнатпайды, себебі ол жалғыз болса іші пысады, сондықтан ауырып қалуы мүмкін. Осыған орай адамдар тотықұстың жанына айнаны қойып қояды екен. Айнаның жанында отырып, тотықұс өзінің бейнесімен бірнеше сағаттар бойы сөйлесуі мүмкін)

  5. Қай елде сиыр қасиетті жануар болып табылады? (Үндістанда. Ол елде діни тыйымдар бойынша сиырды етке союға болмайды. Егер сиыр сүт беруден қалса, онда оны жай ғана далаға шығарып жібереді екен. Далада жаңбыр жауып тұрып немесе қатты суық бола тұра, сиыр бір ғимаратқа кіріп кетсе ( мысалы, дүкенге, дәріханаға), оны ешкім қуып шыға алмайды екен.

  6. Ал, енді панта деген не екенін естіген шығарсыздар? (панталар медицинада пайдалы болып табылатын, бұғылар мен маралдардың мүйізі).

  7. Үрмейтін ит туралы білесіздер ме? (ол иттердің атауы – басенджи, Африка құрлығында кездеседі. Олардың дауыс шығаратын аппараттары ерекше болып келеді, яғни дауыс байламдары тіп-тік болып келеді, сол себептен олар дауыстап үре алмайды, бірақ кейде қыңсылайтын кезі болады).

  8. Құмырсқалар қашан ұйықтайтынын білесіздер ме? (олар ешқашан ұйықтамайды, тек күніне екі рет 8 минуттан тынығып алады. Ал құмырсқалар патшайымының тынығуы күніне 90 минут уақытты алады).

  9. Жылқылардың естеу сақтау қабілеті туралы не айта аласыздар? (жылқылардың есте сақтау қабілеті жақсы болып келеді. Олар өздері көрген заттар мен адамдарды және көптеген жылдар бұрынғы дағдыларын есте сақтаулары мүмкін).

  10. Инеліктің жылдамдығы туралы айта аласыздар ма? (олар кез келген бағытта ұша алады екен, яғни алға, артқа, оңға, солға. Олардың максималды жылдамдығы – сағатына 100 км құрайды).


  1. кезең. Бұл кім? (әр дұрыс жауапқа 1 баллдан, ойлануға 1 минут беріледі)

1. Көк кит

Мен Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ішіндегі ең алыбымын. Мен 3 динозаврды қосып қойғаннан да ауыр болып келемін, 33 африка пілін қосқандай салмаққа иемін. Мен өзім сияқтылармен 60 шақырым жерден сөйлесіп, ести аламын. Бұның барлығы ауадан қарағанда суда дыбыстың жақсы таралатындығында. Сонымен қатар, мен жарқанат сияқты дыбыстық толқындарды пайдаланамын.

Менің денемде мұхиттың мұздай суық суынан қорғайтын өте қалың май қабаты бар. Осы май қабатының арқасында денем әдемі және тегіс болып келеді. Мен – жылы қанды жануармын. Біздің тұқымның ұрғашылары өз балаларын сүтпен емізеді. Мен балаларым туу үшін, жұмыртқаны баспаймын, олар табиғи жолмен туылады. Мен басымдағы екі тесіктің арқасында дем аламын. Менің туыстарым азайып қалды, біз сиреп барамыз.

2. Бақа

Менің төрт аяғым, екі көзім және омыртқам бар. Мен суда да құрлықта да өмір сүре алатын, жасыл түсті болып келемін. Тілім ауызымның ұшында орналасқан. Өзіме қорек ретінде жейтін жәндіктерді аулау үшін тілімді пайдаланамын. Мен – суық қанды жауармын, жақсы жүзе аламын және жұмыртқамды судың ішінде басамын. Қыс мезгілінде тоғанның түп жағына тығылып алып ұйықтаймын. Бала кезімде мен өсімдіктермен қоректенгенмін.

3. Түйе

Мен қатал климатқа, аяз бен құрғақшылыққа өте төзімдімін. Жазда 5 күн бойы сусыз жүре аламын, ал қыста 20 күнге де шыдай аламын. Ұзақ уақыт бойы сусыз жүргеннен кейін, мен бірден 120 литрдей суды ішіп қоя аламын.

  1. Керік

Мен – әлемдегі ең ұзын бойлы жануармын. Соның өзінде менің мойынымда қарапайым адамның мойынындағыдай 7 омыртқа бар. Мен негізінен өсімдіктердің жапырағымен қоректенемін. Жердегі шөпті жеу үшін аяқтарымның арасын кеңінен ашып қойып, басымды қаттырақ төмен қарай созамын.


4 кезең. Біліміңді тексер (әр дұрыс жауапқа 1 баллдан, ойлануға уақыт берілмейді, сұрақтар әр топқа кезектесіп қойылады)


1. Пілден ауыр жануарды атаңыз?

А) Құмырсқа

Ә) Мүйізтұмсық

Б) Акула

В) Керік


2. Әлемдегі ең ұзын құс?

А) Тырна

Ә) Түйеқұс

Б) Марабу

В) Қарға


3. Иттің арғы атасы болып табылатын жануар

А) Түлкі

Ә) Гиена

Б) Аю

В) Қасқыр


4. Басын төмен қаратып ұйықтайтын жануар

А) Жарқанат

Ә) Теңіз жылқысы

Б) Ұлу

В) Көбелек


5. Жұмыртқасын жерге салатын сүтқоректіні атаңыз

А) Скунс

Ә) Ехидна

Б) Теңіз шошқасы

В) Бүркіт


6. Қазақ аңыздары бойынша қасиетті ағаш

А) Емен

Ә) Терек

Б) Бәйтерек

В) Үйеңкі


7. Шаяндар қайда қыстайды?

А) Орманда

Ә) Судың түбінде

Б) Өзінің ұясында

В) Құмда


8. Морждарға не үшін ұзын азу тіс керек?

А) Шөпті қазу үшін

Ә) Қоректенуге

Б) Қорғануға

В) Судың ішінде жылынуға


9. Қандай жәндік аяғы арқылы естиді?

А) Қара қоңыз

Ә) Қырықаяқ

Б) Шегіртке

В) Бақа


10. Ұшпайтын құсты атаңыз

А) Дуадақ

Ә) Пингвин

Б) Бозторғай

В) Қарға


11. Қойдың төлі қалай деп аталады?

А) Лақ

Ә) Құлын

Б) Қозы

В) Бұзау


12. Құйрығымен дем алатын жәндікті атаңыз

А) Су сарышаяны

Ә) Мөңке балығы

Б) Тиін

В) Тауыс


13. Өрмекшінің неше аяғы бар?

А) Үш

Ә) Бір

Б) Сегіз

В) Алты


14. Жер бетіндегі салмағы ең жеңіл жануар

А) Тышқан

Ә) Сасық қоңыз

Б) Тритон

В) Ергежейлі жертесер


15. Балықтың жасын қалай білуге болады?

А) Қабыршығынан

Ә) Түсінен

Б) Құйрығынан

В) Қанаттарынан


16. Көбелектің қанаттарында көзге ұқсайтын бейнелер не себепті болады?

А) Ұрықтану үшін

Ә) Анығырақ көру үшін

Б) Қорғану үшін

В) Әдемілік үшін


17. Неге алайдың (зебра) денесі жолақ болып келеді?

А) Жәндіктердің шағуынан сақтану үшін

Ә) Терісі зақымдалғандықтан

Б) Әкесі қара, анасы ақ болғандықтан

В) Күн мен ыстықтың әсерінен


18. Әлемдегі ең жылдам жануар

А) Түйе

Ә) Жылқы

Б) Қабылан

В) Жылан


19. Францияның нышаны болып табылатын тіршілік иесі

А) Барыс

Ә) Сиыр

Б) Қарға

В) Әтеш


20. Австралиядағы фермерлердің өрескел жауы болып табылатын жануар

А) Қоян

Ә) Кенгуру

Б) Маймыл

В) Қоңыз




  1. кезең. Жұмбақтар (әр дұрыс жауапқа 1 баллдан)


1)Жер қопарған тiсiмен,

Сескенесiң түсiнен. (Қабан)


2)Тастамайды бiр елi,

Үйiн сүйреп жүредi. (Тасбақа)


3)Ешбiр бұйым тiкпеген,

Үстi толған көк тебен. (Кiрпi)


4)Көк төрінде жоғары, ілулі тұр атамның сапталмаған орағы. (Ай)


5)Зәулімде тұрағы, тіреусіз тұрады. (Бұлт)


6)Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)


7) Гүл-гүл жайнап жер, аспан,


Гүрілдейді сайда өзен.


Гүлжазира жарасқан


Г 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!