Саяхат
сабағы: «Экологияның
қоршаған ортамен байланысы»
Экология-биология
ғылымдарьның көрнекті және қарқынды
дамып келе жатқан салаларының бірі.
Экологияны биология ғылымына еңгізген
австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді.
Экология - гректің (ойкос - үй, тұрақ,
мекен жөне логос - ғылым), казақша тірі
ағзалардың тіршілік ететін ортасы мек
қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген
мағына береді.
Экология
ғылымының ең басты мақсаты
- биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды
бақылай отырып, ондағы тіршіліктің
тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам - биосфера
арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре
отырып, табиғат ресурстарын тиімді
пайдаланудың адам-нооэкологиялық
тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының
зерттеу мөлшері- биологиялық және
химиялық микро және макрожүйелер (түрлі
популяция, биоценоз, экожүйелер т.б.)
мен оның уақытпен кеңістікке қатысты
тіршілік тәуліктік, маусымдық, жылдық
ырғағы.
Экология
ғылымының негізгі міндеті
- популяция, биоценоз және экожүйені
динамикалық зерттеу, экологиялық
үрдістердің заңдылықтарын ашу,
индустриализация және урбанизация
жағдайындағы ғаламшар проблемаларын
зерттеу.
Экология
ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:
1.Ағзалардың
бір-бірімен қарым-қатынастары мен
айналаны коршаған табиғи ортасы. 2.
Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен
кеңістікке байланысты туындайтын
өзгерістері.
3.Табиғат
ресурстары, оны тиімді пайдалану және
қорғаудың ғылыми- теориялық негіздері.
4.
Адам - биосфера - қоғам арасындағы
гормониялық байланыстарды реттеу.
5.Биосфера шегіндегі биологиялық
заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды
қамтамасыздандыру. 6.Биосферадағы
тіршілікті қалыпты сақтауды әлемдік
нооэкологиялық деңгейге көтеру болып
есептелінеді.
Даму
тарихы.
Экология - биология ғылымдарының
негізінде XIX ғасырдың аяғында айқындала
болғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі
XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басы
болып саналады. Алғашқы экологиялық
зерттеулердің элементтерін біз ерте
ғасырларда өмір сүрген Эмподокл,
Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты
философтар мен табиғат зерттеушілерінің
еңбектерін білеміз.