400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Экономика біздің өмірімізде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика туралы түсінік, қаржы сауаттылығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға

арналған мамандандырылған мектеп-интернат

















Экономика біздің өмірімізде

(7 класс)





Урынбаева А.С.

















2019-2020 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: Экономика біздің өмірімізде 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеп, өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ–жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақша тақырыбына арналған карточкалар.

Сабақтың барысы: – оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп оқушылардың назарын сабаққа аудару.

– сабақ мақсатын түсіндіріп , топқа бөлінген оқушыларды орнына отырғызу.

Сайыс жоспары: 

«Өнер білім бар – жұрттар» (мақал – мәтелдер жарысы) 

«Білім аукцоны» (әр топ сұраққа дұрыс жауап беріп, өз тобына ақша қорын жинайды.) 

«Отандық брендті бірге жасайық» (оқушылар өздері таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалары әдемі де, қимылдармен, өлеңдермен шығуы керек.)                          

I. Ұйымдастыру

Экономика материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Қоғамның тиімді дамуына жол ашатын ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі адамның өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қарапайым түрде экономика дегеніміз өзіміздің тұрмысымыз. Мысалы: базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз бәріне есептеу экономика. Экономиканы білмесек тұрмысымыз төмендей береді, ал егер жақсы білсек ол бізге пайда әкеледі. Экономика деген ұғым алғаш рет, біздің заманымызға дейінгі 4 ғасырда Аристотельдің еңбектерінде пайда болған.                                                                                                            

Балалар, сендер өмір сүріп жатқан әлемді көз алдарыңа елестетіңдер. Көп қабатты үйлер, кең көшелер, оның бойымен ағылып жатқан машиналары бар қалалар. Сан түрлі өнім шығаратын фабрикалар, зауыттар, шағын кәсіпорындар. Сендердің айналаларыңдағы адамдардың бәрі өз жұмыстарын орындап жүр. Бұл жерде экономикалық мағыналы сөзді қолданбай кету мүмкін емес, өздерің де білесіңдер.  

Салық, банк, пайда, тауар, бәсеке, экономика, ақша, кәсіпкер.

Балалар тапқан сөздерінің мағынасын түсіндіріп кетеді.

Сөз шектерін қосып, экономикалық терминдерді табу.                                                                                                          

3 минут уақытта қай топ көп экономикалық термин тапса , сол топқа жоғары балл беріледі.
Эко           уші                                                                                     
Пай           кер             
Сау           пания
Жар          ке
Мем         да
Өндір       ляция
Ком          юта
Бәсе        нама
Вал          нес
Та            лекет
Тұты        номика
Биз         нушы
Кәсіп         да

1. « Өнер білім бар жұрттар » мақал – мәтелдер
Жеті рет өлшеп .... (бір рет кес)
Есептей білгеннің...... (есесі кетпейді)
Судың да ......(сұрауы бар )
Теңге......( тиыннан құралады)
Көрпеңе қарай .....(көсіл)
Ақыл азбайды....( білім тозбайды)
Ақшаны табуд
ан.....(шашу оңай)
Наданмен дос болғанша......(адаммен дос бол)

2. Пән бойынша сұрақ.
– Жануарларға ұқсас атым бар,
Балдарға көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын. (Жауабы: тышқан, компьютердің енгізу құралы)

Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, сырт – келбеті, түр –түсі , көзінің  түстері, бас сүйегі мен бет пішіні бір–бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі неде? (табиғат ерекшеліктеріне байлынысты)
– Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттің ақша белгісі қалай аталады? (валюта)                                                                                         

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануы
Аренда – жалға беру.
Бартер – зат пен затты ақшасыз айырбастау
Тұмсығы ұзын жануар – піл
Саудагер дегеніміз кім -  сауда саттық пен айналасатын адам
Перестройка – қайта құру
Презентация – тұсау кесер
Шөлге төзімді жануар – түйе
Контракт – келісім шарт

4. Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларына жарнама жасайды.

Қорытынды.

Экономика адамның өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі