Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экономика біздің өмірімізде
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«КЕЛІСІЛГЕН» Колледж әдіскері ______ Б.Ж. Нәрікбай «____»__________2018ж
|
|
«БЕКІТЕМІН» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ________Көпбаева С.Л. «____»__________2018ж |
Тақырыбы: «Экономика біздің өмірімізде»
Оқытушы: Көмекова Г.М
Пәні: Экономика негіздері
Күні: 08.12.2017
Өтетін орны: Акт зал
Қатысатын топтар: НМК-11-17/г, АШМ-9-16/г, ПТ-11-16/г
Оқытушы: Көмекова Г.М
Сайыстың
тақырыбы: “ Экономика біздің өмірімізде
“
Экономикалық
–интеллектуалды
сайыс!
Мақсаты: Экономика пәні бойынша білімділік
дағдысын
қалыптастыру
Білімділік:
Оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру,экономикалық білімін
шыңдау.
Дамытушылық:
Нарықтық экономиканың негізгі
заңдары
жайлы білімдерін жетілдіре
отырып,
оқушылардың ойлау қабілетін
,ой-өрісін,
шығармашылық қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылар бойына ыждағаттылық пен
сенімділікті
ұялата отырып материалдық және
рухани
құндылықты бойына сіңірген, ойы ашық
бәсекеге
қабілетті тұлға
тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: Интеллектуалдық
сайыс
Әдіс-тәсілдері:
Сұрақ-жауап, ой қозғау, «Білім аукционы»
ойыны, «Отандық брендті бірге жасайық» слайд
шоу
Көрнекіліктер:
Плакаттар,слайд, жасанды ақша, кеспе
қағаздар
Пән аралық байланыс: Кәсіпорын экономикасы, Салалар экономикасы
Ойын барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру,жеңімпазды анықтау.
Экономика біздің өмірімізде
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен студенттер, бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымызға қатысатын мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік 3 командамызды ортаға шақырсақ.. «Белсенділер», «Тәтті бизнес леди», «Сұңқар» топтары.
Экономика саласының біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Болашақта жұмыс барысында болсын, біздің қоршаған орта экономикамен тікелей байланысты. Сондықтан бүгін «Экономика біздің өмірімізде» атты сайысты бастағалы отырмыз.
Бұл сайысқа колледжіміздің құрметті басшылары мен ұстаздары келіп отыр.
Экономика
сырлары,
Қызықтырды
біздерді.
Ойынға бірге
қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, – дей
отырып бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен
тапқырлығына баға беретін әділ қазылармен таныс
болыңыздар…
(Әділқазылар алқасымен
таныстыру)
1. Колледж директорының
ғылыми- инновациялық жұмыстары жөніндегі
орынбасары:
Сералиев Ғалымжан Елубекұлы
2.«Жалпы білім беру және гуманитарлық» пәндік циклдік комиссиясының төрағасы Жүсіпбеков Жаңабек Жүсіпбекұлы
3. Колледж жастар комитетінің төрайымы Мадалиева Алтынай Ізбасарқызы
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі- саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Сынаптай сырғыған уақыт
ешкімді күтіп тұрмайды,
жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және
жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз
тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ
жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең
басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу
керек.
Сайыс жоспары:
-
«Сәлемдесу» Топтартардың өзін-өзі таныстыруы (6 мин)
-
«Сөз жұмбақ» Экономика негіздері пәні бойынш (6 мин)
-
«Білім аукционы» (әр топқа оқупәндері бойынша 5 сұрақ қойылады, дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды) (9 мин)
-
«Эрудиттер сайысы» (оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске жетеді).(3 мин)
-
«Ұлы экономистерді танисыз ба?» (Әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек).(9 мин)
-
«Отандық брендті бірге жасайық» (оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамайлайды. Жарналамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек).(6 мин)
-
«Конверттен шыққан басқатырғылар» (әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қою керек).(6 мин)
Бүгінгі сайымызға қатысатын топтарға сәтілік тілей отырып:
Таза мінсіз, асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады,
-де Асан қайғы баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз
.
І-кезең «Сөз жұмбақ»
Үш топқа Экономикалық терминдерден «Сөз жұмбақ» беріледі.
-
Монополия
-
Кәсіпорын
-
Экономика
Монополия АШМ-9-16/г
-
Жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі құрал жабдық және қаражаттарды қалай атаймыз? Меншік
-
Адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы не деп аталады? Экономика
-
Сатушы мен сатып алушының кездесетін орны? Нарық
-
Ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті жалға қою не деп аталады? Ипотека
-
Белгілі бір бизнесті каражат табу мақсатында ашқан жеке
тұлға? Кәсіпкер
-
Шет мемлекеттен саудаға түсу үшін Қазақстан аумағына кіргізілген тауарды не деп атаймыз? Импорт
-
Ақшаның құнсыздануы? Инфляция
-
Бағалы қағаздардың саудаға түсетін орны? Биржа
-
Жаңалық, жаңарту ұғымын қалай түсінесіз? Инновация
Кәсіпорын НМК-11-17/г
-
Қосымша ақша қаражаты? Капитал
-
Екі кәсіпорын бірдей тауар шығарғанда олардың арасында не туындайды? Бәсеке
-
Тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсету үшін төленетін ақының ақшалай сомасын не деп атаймыз? Сұраныс
-
Қоғамда заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект не деп аталады? Кәсіпорын
-
Ауыр және жеңіл болып қандай заңды тұлғаны екіге бөлеміз? Өнеркәсіп
-
Елдің аумағынан сыртқы саудаға шығару не деп аталады? Экспорт
-
Адамзат өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатында құрылған белсенді жаңғыру үрдісін не деп атаймыз? Өндіріс
-
Белгілі бер кезеңде және белгілі бір көлемде төленетін міндетті тқлем ұалай аталады? Салық
-
Сатушы мен сатып алушының кездесетін орны? Нарық
Экономика ПТ-11-16/г
-
Елдің аумағынан сыртқы саудаға шығару не деп аталады? Экспорт
-
Ақша қаржылары мен қорларын жинақтау , жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға несие беретін қаржы мекемесі не деп аталады? Банк
-
Экономиканың негізін қалаушы грек ойшылы кім? Ксенофонт
-
Белгілі мерзім де белгілі пайызбен берілетін және қайта қайтарылатын ақша? Несие
-
Адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы не деп аталады? Экономика
-
Ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобын қалай атаймыз? Ұжым
-
Ақшаның құнсыздануын қалай атаймыз? Инфляция
-
Қосымша ақша қаражаты? Капитал
-
Белгілі бір тауардың құнын бейнелейтін балама? Ақша
Әр кезеңге 10 ұпай.
ІІ-кезең «Білім аукционы»
Келесі кезеңіміз «Білім аукционы» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда 10000 тг ақша бірлігімен жүргізіледі. Әр топтың қорында 70000 тг бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталын көбейту олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы 10000тг. Топ капиталы 10000тг жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.
Ескерту: Егер топ қорында барлық сомаға сұрақ сатып алып, қателессе, онда банкрот болып, өкінішке орай ол топ аукционға қатыса алмайды.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукционды бастаймыз. Аукциондағы қойылатын сұрақтар:
1-сұрақ
Жануарға ұқсас ойым бар
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер қане айтыңдар (тышқан, компьютер енгізу құрылғысы)
2 сұрақ
Экономикалық ғылымның дамуын қанша кезеңге бөлінеді
Жауабы: -Меркантилистік кезең
-
Физиократтық кезең
-
Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономика кезеңі
-
Маркстік саяси экономия кезеңі
-
Қазіргі экономикалық ой-пікір
3-сұрақ
Нарық- тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтеріне не жатады?
Жауабы: құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс.
4-сұрақ
Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттердің ақша белгісі қалай аталады?
Жауабы: Валюта
5-сұрақ
Өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамдардың ресурстарды қалай бөлінетінін зерттейтін ғылым.
Жауабы: Экономика
Әр кезеңге 10 ұпай
ІІІ-кезең «Эрудиттер сайысы»
Көңілін халқыңның таптың бүгін
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық
Байқайық студенттердің тапқырлығын.
Келесі кезекте «Эрудиттер сайысы» айналымы. Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ бұл айналымда жеңіске жетеді. Сұрақтар экономика пәні бойынша
«Белсенділер» тобының сұрақтары
1.Аукцион – Бәсеке сауда
2.Инфляция – Қағаз ақшаның құнсыздануы
3.Монета – темір ақша
4.Бюджет – белгілі бір мерзімге есептелген кірістер мен шығыстар жоспары
5.Ақшаның қанша түрі бар – монета, купюр, банкнота
6.Аренда – жалға беру
7.Приватизация – жекешелендіру
8.Фирма – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруші ұйым
9.Саудагер дегеніміз кім – сауда саттық пен айналысатын адам
10.Бартер - затпен затты ақшасыз айырбастау
«Тәтті бизнес леди» тобының сұрақтары
1.Вексель – құнды қағаз
2.Лимит – кез келген нәрсенің шегі мөлшері
3.Презентация – тұсау кесер
4.Контракт – келісім шарт
5.Эмиссия – ақшалар мен бағалы қағаздарды айналымға шығару
6.Дотация – мемлекет тарапынан берілетін жәрдем
7. Шығын – белгілі мақсаттарға жұмсалатын ақша
8.Меншіктің қанша түрі бар – 2 түрі
9. Банк – салымдарды қабылдайтын және қарыз беретін мекеме
10. Купюра – қағаз ақша
«Сұңқар» тобының сұрақтары
-
Жарнама – тауар туралы хабардандыру
-
Ресурстың қанша түрі бар – 3 түрі
-
Тұтынушы-тауар мен қызмет көрсетулерді пайдаланушы
-
Ресурс – түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру
-
Экономиканың негізгі сұрақтары – кім? Не үшін? Қалай?
-
Салық – белгілі бір мезетте және белгілі бір көлемде төленетін ақша сомасы
-
Ақшаның қанша түрі бар – монета, купюр, банкнота
-
Кеден – жеке жүк немесе басқа да жүк тауарларының шетке шығарылуы мен шеттен әкелуін бақылайтын мекеме.
-
Экспорт – мемлекеттен сыртқа шығарылу
-
Импорт – мемлекетке сырттан кіргізілуі
Әр кезеңге 10 ұпай
ІV-кезең «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (әрбір жауап 10 ұпай)
«Белсенділер» тобына сұрақ
Оның зерттеушілерінде экономика бірнеше салаларға: ауыл шаруашылық, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері бар грек ойшылы ..............Ксенофонт (427-355)
Саяси экономиканың алғаш теориялық мектебі меркантилизм болды.Бұл бағыттың өкілдері кімдер?............Т.Ман, Б.Колбар, Д.Юм.
Англияда жаңа-классикалық мектеп пайда болды. Оның көрнекті өкілдері кім?........ Ульям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо.
«Тәтті бизнес леди» тобына сұрақ
Классикалық саяси экономиканы аяқтаушы ретінде экономика ілімі тарихында айтарлықтай із-қалдырған. Оның зерттеу методикасында басты орынды базис және қондырма туралы концепция алады. Ол мұны 1859 жылы «Саяси экономикаға сын» деген еңбегінде жазды. «Капиталдың авторы кім?» (К.Маркс)
Алғаш рет «Экономия» термині қай грек ойшылдарының еңбектерінде пайда болды?..........Ксенофонт, Платон, Аристотель.
«Жұмыспен қамтудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінің авторы кім? Джан Мейнард Кейнс
« Сұңқар » тобына сұрақ
1980 жылы қай экономистың «Экономика ғылымының принциптері» атты еңбегі жарыққа шықты. (Альфред Маршалл)
«Оңтайлы экономика очеректері», «Капитализм және еркіндік» және «Таңдау еркіндігі» атты еңбектердің авторы?........М.Фридман.
Францияда физиократтардың ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушылар кімдер?.........Ф.Кене және А.Тюрго.
V-кезең «Отандық брендті бірге жасайық»
Шарты: Студенттер өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнама әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек.
І –топ «ЭКО ШИНА» АҚ зауытын жарнамалайды
ІІ – топ «Береке» кондитерлік фабрикасын жарнамалайды
ІІІ – топ «ЮКМЗ» АҚ зауытын жарнамалайды
VІ-кезең «Конверттен шыққан басқатырғылар»
Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетесің мақсатыңа біле-біле – деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сайысымыз «Конверттен шыққан басқатырғыштар» деп аталады.
Шарты: Әр топқа конверттен таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы бар, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны студенттер дұрыс тауып ретімен қою керек.
«Белсенділер» тобына
-
Жапония – Токио – Иена
-
Марокко – Рабат – Дирхам
-
Южный-Судан – Джуба – Фунт
-
Бразилия – Бразилиа – Реал
«Тәтті бизнес леди» тобына
-
Исландия – Рейкьявик – Крона
-
Германия – Берлин –Евро
-
Бангладеш – Дакка – Така
-
Армения – Ереван – Драм
«Сұңқар» тобына
-
Аргентина – Буэнос-Айрес – песо
-
Швецария – Берн – Франк
-
Англия – Лондон– Фунт стерлингов
-
Мозомбик – Оңтүстік шығыс Африка – метикал
Эксперттер тобының жұмысы: (сараптау және бағалау)
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бүгінгі сайысымызды қортындылай келе белсенді қатысқан студенттерге алғыс айта отырып сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!!!
Бүгінгі сайысымызда «Достық» жеңді деп есептеймін. Сау саламатта болыңыздар.
Оқытушы: _____________________ Көмекова Г.М
ПЦК жетекшісі: ____________________ Жүсіпбеков Ж.Ж