Материалдар / "Экономика және бизнес"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Экономика және бизнес"

Материал туралы қысқаша түсінік
курс бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
739
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

мРисунок 85 ектепкедейінгі,жалпыорта,техникалықжәнекәсіптікбілімберуұйымдарыныңоблыстықоқу-әдістемеліккабинеті















«Экономика және бизнес» арнайы

курс бағдарламасы

(10-11 сынып)

(К.С.Абдрахманова және Л.Ф.Избанованың

іс - тәжірибесінен)





Орал ,2018 ж



Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі,

жалпы орта,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып,

облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №1 07.02.2018ж



Құрастырушылар:

Абдрахманова К. С.- Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің жоғары санатты геграфия пәні мұғалімі

Избанова Л.Ф.- Жалпы орта білім беретін Шипов мектебінің жоғары санатты геграфия пәні мұғалімі

Пікір жазғандар:

Ерғалиев А.С. - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты

Айтжанов Ж.Х. –«Сәулет» мектеп- лицейінің жоғары санатты география пәні мұғалімі



10-11сыныптарға арналған «Экономика және бизнес» арнайы курсының бағдарламасы әрбір тақырып және тарау бойынша жетік, терең қарастырып, экономика мен бизнес туралы жалпы түсінік қалыптастырады және коммерциялық география негіздерімен таныстырады. Курс бағдарламасы география пәні мұғалімдеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және кәсіби бағдар беруде тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады.









Мазмұны:

І.Түсінік хат......................................................................................................... 3

ІІ. «Экономика және бизнес» курс бағдарламасының мазмұны..............................................................................................................5

ІІІ.Тақырыптық-күнтізбелік жоспары........................................................... 6

ІV.Сабақ жоспарлары.................................................................................................7

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................33

















Түсінік хат

Бұл бағдарлама географиядан өтіп жатқан материалдарды нақтылау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту , шығармашылық қабілетін арттыру мен кәсіби бағдар беру мақсатында орта мектепте мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып «Экономика және бизнес» бағдарламасы құрастырылды. Аталған бағдарлама оқушыларға қоғам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасы туралы білім бере отырып, жаратылыстану ғылымындағы білімін өмірде қолдана білулері арқылы болашақ мамандықтарын таңдай білуге көмекші ретінде 10-11 сынып оқушыларына арналған. Курс бағдарламасы жылына 34 сағат, аптасына 1 сағатқа құрылған.

Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалар арқылы оқушылардың ҰБТ-ға, дайындығына көмектеседі.

Арнайы курс бағдарламасында «Қазақстан Республикасының экономикасы», «Экономикадағы тұтынушы», «Табыс көздері», «Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке», «Бизнес –экономикалық категория» бөлімдері бойынша оқушыларға экономикадағы, бизнестегі, халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелерді оқып-үйрете отырып, шығармашылыққа білімдерін жетілдіру мен өмірге бейімділіктерін ұштау.


Бағдарламаның өзектілігі: дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан саяси процестерге белсене араласып, көптеген елдермен тұрақты саяси және экономикалық байланыс жүргізіп отырған ел азаматын тәрбиелеуде курстың берері мол.

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану, экономикалық білімдерін, түсініктерін және табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі - кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға көмектеседі.

Бағдарлама мынандай міндеттерді шешуге арналған:

  • экономикадағы, бизнестегі, халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелерді оқып- үйренуге көмектесу;

  • курс бағдарламасында берілген материалдардың көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай алынуы;

  • физикалық, экономикалық бағыттағы ойлау қабілеттерін дамыту;

  • әртүрлі шығармашылық сипаттағы тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту және қалыптастыру;

  • өмірлік жағдаяттармен байланыстырылған мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы тапсырмаларды түсіну және интерпретациялау;

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау,

3

есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерін дамуын қамтамасыз ету;

  • Оқушыларды ғылым мен өндірістің негізгі бағыттарының дамуымен, экономикалық проблемаларды шешуде, географияның техника мен технологиялардағы ролімен таныстыру;

  • Әлемнің қазіргі заманғы көрінісін ойлау мен қазіргі заманғы білімді, мәдениетті және құзіретті тұлғаға қажетті білім және қызмет тәсілімен қаруландыруда географияның маңызды үлес қосатынын түсіндіру;

Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:

  • дүниежүзілік дамудың аса маңызды белгісі, біртұтас дүниенің артып келе жатқан өзара тәуелділігін табиғатта болып жатқан өзгерістердің себептерін анықтау;

  • баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу;

  • әлемдік өркениет және модернизацияны түсіну;

  • өз ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;

  • туған өлкенің тарихи деректерін жинақтау, іскерлігін дамыту;

  • ғылым іскерлігін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

  • Табиғат пен қоғам арасындағы заңдылықтар туралы дүние танымдық көзқарастарын қалыптастырады;

  • Тапсырмалар орындау арқылы бұрынғы меңгерілмеген материалды қайталау және қорытындылау жүзеге асады;

  • География ғылымының таңдаған мамандығында қажеттігін сезінеді, қалаған мамандығына дұрыс таңдау жасайды;

  • Теориялық білімін іс жүзінде қолдана біледі;

  • Ұжымда, топта әртүрлі тұрғыдағы оқу және жаратылыстану білімін пайдаланалады;

  • Географиялық білімді меңгерген, танымдық қызығушылығы қалыптасқан, заман талабына сай білімді ,оқып-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын оқушы дайындау;

  • Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді;

Тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау, өз ойындағысы нығайту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.





«Экономика және бизнес»

курс бағдарламасының мазмұны


Кіріспе /2 сағат/

Экономиканы үйрене бастайық. Экономикадағы басты мәселелер. Макроэкономика. Микроэкономика. Әміршіл экономика. Аралас экономика. Бизнес туралы түсінік. Кәсіпкерліктің қысқаша тарихы.


І бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасы/8 сағат/

Қазақстан экономикасы: кешегісі және бүгінгісі .Реформа кезеңдері. Ішкі жиынтық өнім. Жекешелендіру мен мемлекет қарамағынан алу. Қазақстандағы экономикалық жүйе. Нарықтық экономика (Өндіріс факторларының , еңбек, қаржы капитал , тұтыну тауарлары, инвестициялық тауарлар нарығы). Қазақстан экономикасының дамуын белгілейтін факторлар. Орнықты даму және тұсау болатын факторлар. Мемлекеттің экономикадағы ролі.


ІІ бөлім. Экономикадағы тұтынушы. Табыс көздері /10 сағат/

Табыс көздері. Жинақ ақша және оның көлеміне әсер ететін факторлар. Тұтынушылардың шығыс ақшасы. Тұтынушылар шығаратын шығын. Жарнаманың рөлі. Жарнаманың артықшылығы мен кемшілігі. Жарнаманың өтірігі. Тұтыну бюджетін жоспарлау. Тұтыну кредиті. Кредит беру шарттары. Кредиттің артықшылығы мен кемшілігі. Қамсыздандыру. Қамсыздандырудың пішіндері мен түрлері. Тұтынушылардың құқын қорғау. Тұтынушы нарықта.


ІІІ бөлім. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке. /5 сағат/

Өндіріс. Қажеттілік және қажеттілік пирамидасы. Өндіріс факторлары. Табиғи, капиталдық, адам ресурстары. Өндірісті шоғырландыру. Бәсеке. Жетілген бәсеке. Монополия, олигополия. Монополистік бәсеке. Бағадан тыс бәсеке. Патент. Лицензия. Бірлесу пішіндері ( картель, синдикат, концерн, трест). Ірі ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі («ҚазақОйл», «Испат-Кармет» т.б.).


ІҮ бөлім. Бизнес –экономикалық категория /9 сағат/

Бизнесті ұйымдастырудағы негізгі пішіндер (формалары). Жеке бизнес: артықшылықтары мен кемшіліктері. Бизнес ұйымдастырудағы серіктестік (ЖШС, АҚ т.б.). Бизнестің ішкі және сыртқы функциялары. Бизнестің экономикадағы ролі. Бизнес жоспар құру. Экономикалық терминдер.




«Экономика және бизнес» арнаулы курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары. Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат

Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі


Кіріспе

2


1

Экономиканы үйрене бастайық

1


2

Бизнес туралы түсінік

1



І бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасы

8


3-4

Қазақстан экономикасы: кешегісі және бүгінгісі

2


5

Қазақстандағы экономикалық жүйе

1


6-8

Нарықтық экономика (Өндіріс факторларының , еңбек, қаржы капитал , тұтыну тауарлары, инвестициялық тауарлар нарығы)

3


9

Қазақстан экономикасының дамуын белгілейтін факторлар

1


10

Мемлекеттің экономикадағы ролі

1



ІІ бөлім. Экономикадағы тұтынушы. Табыс көздері

10


11

Қажеттіліктер мен тұтынушылар

1


12-13

Табыс көздері. Жинақ ақша

2


14

Тұтынушылардың шығыс ақшасы

1


15-16

Жарнаманың рөлі. Жарнаманың артықшылығы мен кемшілігі

2


17

Тұтыну бюджетін жоспарлау

1


18-19

Тұтыну кредиті. Кредит беру шарттары

2


20

Қамсыздандыру. Тұтынушылардың құқын қорғау

1



ІІІ бөлім. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке

5


21

Өндіріс. Өндіріс факторлары

1


22

Өндірісті шоғырландыру

1


23

Бәсеке. Жетілген бәсеке

1


24

Монополия, олигополия. Монополистік бәсеке.

1


25

Ірі ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі («ҚазақОйл», «Испат-Кармет» т.б.)

1



ІҮ бөлім. Бизнес экономикалық категория

9


26

Бизнесті ұйымдастырудағы негізгі пішіндер (формалары)

1


27-28

Жеке бизнес: артықшылықтары мен кемшіліктері

2


29

Бизнес ұйымдастырудағы серіктестік (ЖШС, АҚ т.б.)

1


30

Бизнестің ішкі және сыртқы функциялары

1


31

Бизнестің экономикадағы ролі

1


32

Бизнес жоспар құру

1


33

Экономикалық терминдер

1


34

Қорытынды

1


Пайдаланған әдебиеттер:



1. М.Н.Лиокумова «Экономика негіздері: БИЗНЕС-МАНСАП» Алматы, 2006 ж


2. Т.М.Ильичева, Е.Б.Попкова, А.Н.Сайлыбаева, Г.С.Шегчебаева «Экономика негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» Алматы, 2008 ж


3. Желтиков В.П. «Экономикалық география» Ростов на – Дону 2003ж.


4. Бейсенова Ә. Каймулдинова К. География Мектеп – 2007ж.


5. Саушкин Ю.Г. Экономическая география СССР. Часть ІІ. Московский университет, 1973 Сорока Цюпа О.С. Смирнов В.П. "Мир в 20 веке".М. «Просвещение» 1999г


6. Своик П.П. "Как вывести страну из кризиса" Алматы – 2008г.


7. Шотанов Т. «Будущее Казахстана» Астана – 2001г.


8. Қазақстан және әлем елдері. Алматы «Өнер» 2007.


9.ИбадуллаевС. «Ислами экономика» Алматы – 2008ж.Қадірәлі Д. «Ізгілік Феномені» Алматы – 2009ж.


10.Лавров С.Б. Гладкий Ю.Н. «Глобальная география» Москва 1997г.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!