400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

экономика негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
экономика мамандықтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері

«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді. 
Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адам-дардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. 
Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.
Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтін-дігін түсіндіреді. Кез-келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады. 
Э
Экономикалық теорияның жалпы әдістері: 1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыстарды жеңілдетіп көрсетеді. 2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету. Мысалы, нарықтық сұраныстың қалыптасу заңдылықтары оның анықтайтын әртүрлі факторлар – баға, тұтынушылардың табысы, олардың талғамы және тағы басқаларын зерттеуден тұруы мүмкін. 3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. Мысалы, нарықтық сұранысты және оның қарқынын түсіну тек оның құрамына кіретін жекелеген бөліктерін (баға, тұтынушылардың табысы және талғамы, т.б.) қарастыру арқылы ғана мүмкін болады. Анализ бен синтез экономикалық құбылыстарды танып білудің өзара байланысқан екі жағын көрсетеді. 8 4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару. Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады, берілген тауарды тұтынушы адам сол тауарды оған баға төмендеген жағдайда ғана әрі қарай сатып алуға дайын екендігін көруге болады. 5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту. Мысалы, мынадай жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді. Көшеде азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап, оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады. 6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу. Көптеген ғылымдар сараптама жүргізуді танымның негізгі әдісі ретінде қолданады. Ол тәжірибеде алға шығарылған ғылыми болжамның дұрыстылығын бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, экономикалық теорияда бұл әдістің кеңінен қолданылуы шектелген. Экономикалық эксперимент – экономикалық құбылыстарды аса қолайлы жағдайларда жасанды түрде сипаттау және оны әрі қарай тәжірибе жүзінде қолдану. Экономикалық эксперименттердің бір кемшілігі болып олардың барлық ықтимал нәтижелерін нақты болжауға болмайтындығы табылады. 7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу. Ғылыми дәлелдемелер мен қорытындылар үлгілерді зерттеу негізінде қалыптасып отырады, яғни экономикалық шынайылылықтың құбылыстары арасындағы байланыстардың түйінін келтіріп отырады. Мысал ретінде, қандай да бір нарықта қалыптасқан баға сол нарық жөнінде барлық қол жетімді ақпараттарды бере алатын «тиімді нарық гипотезасын» келтіруге болады. Мұндай болжамның шындығы немесе жалғандығы оны экономикалық шынайылықтың нақты деректерімен салыстыру жолымен тексеріледі. 8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономикалық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату. Мысалы, экономикадағы ақша айналымы жүйесін адам организміндегі қан айналымына ұқсатуға болады. 9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру. Бұл экономикалық құбылыстар арасындағы функционалдық байланыстарды анықтау үшін экономикалық зерттеулерде қолданылатын аса маңызды ұстаным болып табылады. Мысалы, біз сұранысқа тауар бағасының қалай әсер ететінін білгіміз келсе, онда оған әсер ететін басқа факторларды тұрақты деп болжауымыз керек.

кономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады:


Экономикалық теорияның ерекше әдістеріне мыналар жатады:
1.Экономикалық-математикалық үлгілеу.
2.Шекті талдау.
3.Функционалдық талдау.
4.Баланстық әдіс.
5. Экстрополяция.

1.2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар

    Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларда нақты көрініс табады. 
    Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей жіктеледі:
    1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
    2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.
    3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар.
    Экономикалық заңдардың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды. Экономика-лық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.
    Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыс-тардың аса маңызды жақтарын сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен түсініктер (мысалы, тауар, баға, пайда, т.б.).

Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері

    Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
    1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т.б.
    2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
    Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:
    1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен дерек негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі субъективтік бағалауға ие болмайды.
    2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
    Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
Экономикалық құбылыстар мен мәселелердің күрделілігі экономикалық ғылымдардың жіктелуіне алып келеді. Олай болса, экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдарды үшке бөліп көрсетеді:
1. Жалпы экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық тарих, экономикалық ілімдер тарих және басқа да ғылымдар кіреді. 
2. Қолданбалы экономикалық ғылымдар, оның өзі екіге бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы, несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б., ә) салалық экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда, өнеркәсіп, т.б.
3. Біріктірілген экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық география, экономикалық құқық, экономикалық информатика, математикалық экономика және басқалары жатады.
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:
1. Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.
2. Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып экономикалық саясаттың негізін жасау.
3. Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау.
4. Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
5. Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
6. Сыншыл қызметі - әртүрлі экономикалық теориялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі