Экономикалық өсу

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Экономикалық өсу

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономикалық өсу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А________

2024-2025 оқу жылы

Оқу сабақ жоспары №12

Модуль/пән атауы

Экономиканың базалық білімін жіне кәсіпкерлік негіздерін қолдану

Сабақтың тақырыбы

Экономикалық өсу

Педагог

Еркебекова Ж

Курс


Топ







Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Теориялық сабақ

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Экономикалық өсу – бұл қоғамдық өнім мен өндіргіш факторларының сандық өсуі және сапалық жетілдірілуі. Экономикалық өсу өз мағынасын нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуінен, елдің экономикалық қуаттылығының өсуінен табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің қарқынының көрсеткішімен сипатталады, яғни бұл белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы ұлттық өнімнің пайыздық өсімі болып табылады.

Бағалау критерийлері

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын экономикалық өсу бойынша толықтыру.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Экономикалық теория негіздері: оқулық / Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Ескалиев және т.б.- Алматы: Эверо, 2011.- 478 б.

Макконнелл, К.Р. Экономикс. Принципы, проблемы и политика: учебник / К.Р. Макконнелл, С.Л. Брю; пер. с англ.- 14-е изд.- М.: ИНФРА-М, 2002.- 972 с.

Курс экономической теории: учебник – 6-е исправленное, дополненное и переработанное издание / Под общ. ред. Чепурина М. Н. и Киселевой Е. А. – Киров: АСА, 2010. – 888 с.

Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулықтар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Студенттермен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

Сұрақ жауап арықылы өткен сабаққа шолу жасау.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.Осыған сәйкес шын байлықпен айналысушы саланы экономика (ойкос - шаруашылық, номос - заңдылық, яғни шаруашылықты жүргізу), Нәтижесінде экономикаға - натуральды шаруашылықты, хрематистикаға - ірі сауданы (есімқорлық, баю мақсатындағы) жатқызады. Осыған сәйкес байлықты да Аристотель екі түрлі мағынада түсіндіреді: натуральды (заттай) және ақшалай. Шын байлық - тұтыну құнының жиынтығы дей келіп, бұл шектеулі, ал ақшалай байлықтың шегі жоқ дейді.

Экономикалық өсім белгілі бір уақыт кезеңінде (ай, тоқсан, жыл) ұлттық экономиканың нақты өнім өндіруі деп анықталады. Экономикалық дамумен салыстырғанда экономикалық өсу - сандық көрсеткіш болып саналады. Шынайы өндіріс деп шынайы жалпы ішкі өнімді, кейде - шынайы жалпы ұлттық өнімді, таза ұлттық өнімді немесе ұлттық табысты атайды. Экономикалық өсу жалпы әл-ауқатының дамуымен байланысты: өмір сүру ұзақтығының өсуі, медициналық қызмет көрсетуінің сапасы, білім беру деңгейі, жұмыс күнінің ұзақтығының қысқартылуы және т. б. Экономикалық өсімнің экстенсивті және интенсивті факторларын ажыратады.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.

Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Жанама факторлар:

- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1) пайдаланбаған ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2) өндіріс факторларының көлемі кобейгенде;

3) өндіріс факторларының жақсы технологияларды ашу мен пайдалану немесе қызметкерлерді жақсы оқыту нәтижесінде өнімділігі өседі.

Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі (15.1 сурет).

15.1 сурет - Экономикалық өсу

Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы өзі жылжыйды: СД жағдайынан С'Д' жағдайына (15.2 сурет).

15.2 сурет - Экономикалық өсу

Осыдан экономикалық өсуді екі түрі бөледі: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі өндірістің бұрынғы техникалық негізде өндіріс факторларының сандық өсуіне негізделеді.

Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнім көлемінің өсуіне өндіріс факторларының сапасын жетілдіру арқылы жетуге болатынын болжайды: жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану және жоғары білімділігі бар жұмыс күшін пайдалану.

Экономикалық өсудің факторлары

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

Табиғи ресурстар. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыс бастылығы, білім беру және жұмыс күшін кәсіптік шеберлікке дайындау сапасы, жұмыс күшін рационалды пайдалану, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

Ғылыми-техникалық прогресс. Өнертапқыштық және инновациялар, оларды өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.

Экономикалық өсудің факторларын үш топқа бөлуге болады: ұсыныс факторлары (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология); сұраныс факторлары (жиынтық шығындардың деңгейі); бөлу факторлары (ресурстарды тиімді пайдалану).

Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:

1) өндіріс көлемі мен қоғамбайлығы;

2) елдің әлемдегі беделі;

3) адамдардың материлдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;

4) өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б.

Бірақ, экономикалық өсу тұтастай жағымды үдеріс ретінде бағаланғанымен, сонымен бірге кемістіктен де арылмаған. Жаппай өндірістің дамуы және индустриаландыру келесі проблемаларды тудырады:

- адамдардың өмір сүретін ортасын былғау мен нашарлату;

- толтырлмайтын ресурстардың бітуі (көмірдің, мұнайдың, металл рудалардың және т.б.);

- қалалардың және олардың халқының тым өсуі;

- жұмыс күшінің мамандықтарын қажеттілікке байланысты жиі өзгерту және жұмыс орнының жиі өзгеру;

- еңбек қызметінің қарқындауы.

Экономикалық өсудің факторларының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1 кесте).

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

Экономикалық өсудің модельдері

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің бірнеше үлгілері кездеседі. Солардың кейбіреулерін қарастырайық.

Экономикалық өсудің неокенсиандық үлгісі «инвестициялар» және «мультипликатор» санаттарында негізделеді. Экономикалық өсу бастапқы салынған инвестицияның мультипликациялық эффектің нәтижесі болып табылады. Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді бірінші кезекте сұраныс факторлатымен байланыстырады және қысқа мерзімді кезеңде оны мемлекеттің фискалдық және ақша-несиелік саясатының көмегімен реттей алуға болатынын болжайды. Сұраныстың ең басты бөлігі – мультипликатор көмегімен пайданы көбейтетін капитал салымдары. Сонымен бірге, капитал салымдары пайданың өсуімен анықталады.

Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік функциялар» санатында негізделеді. Экономикалық өсуге барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал) тек микро-деңгейде емес, сондай-ақ макро-деңгейде де ең дұрыс пайдалану арқылы жетуге болады. Өндірістік функция аппаратының негізінде келесі қорытынды жасалады:

- капитал мен еңбек өндіріс факторларының шекті өнімділігіне сәйкес келетін негізінде сыйға ие болады;

- өндірістік функциялар бір фактордың бірлігін басқа фактордың нақты көлеміне технологиялық айырбастау қоғамға қаншаға түсетінін нақты бағалауға мүмкіндік береді;

- өндірісте және ұлттық өнімнің өсуінде ғылыми-техникалық прогресстің сапалық факторының үлесін анықтау міндеті шешіледі.

В.Леонтьев ұдайы өндірістің барлық фазаларының (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) құрылымдық өзара байланыстары негізінде құрылған жалпы рынок тепе-теңдігінің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі «шығын-шығару» деп аталады және шахмат кестесі түрінде құрылған. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. Біріншіден, басқа салалармен ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтерді сатып алушылар мен жиынтық сұраныстын көрсетушілер ретінде (шығындар) – бұл баланс бағаны. Екіншіден, өздері ұсынған қызмет пен материалдық игіліктерді сатушылар мен жиынтық ұсыныстың көрсетушілері ретінде (шығару) – бұл баланс жолдары. Осы кестені талдау негізінде экономикалық өсуді болжауға болады.

«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамаға сәйкес шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектілігі адамзаттың жақын арада оларды тауысуына әкеледі. Осыған жол бермеу үшін «нөлдік өсуге», яғни тек материалдық игіліктерін ғана емес, сондай-ақ тұрғындарды да қарапайым қайта өндірісіне өткізу қажет.

«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасының пайда болуы алдынғы екі онжылдық ішінде болған экономикалық динамиканың негізгі тенденцияларының ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарындағы өзгерістерімен байланысты. Бұл кезде «ескі» өнеркәсіптік елдері соғыстан кейінгі ұзақ созылған тездеткен экономикалық өсу кезенінің апогеясына жетті. Ұлттық деңгейде де, әлемдік масштабта да тұрақсыздық пен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру процесстері тереңдеп жалғаса түсті. Ғылыми-техникалық революцияның кері зардабы болып қоршаған ортаның деградациясы шықты. Рим клубының өкілдері (1968 жылы құрылған және өз қатарына ғалымдарды, қоғамқайраткерлерін, бизнесмендерді біріктірген ресми емес ұйым) әлемдік дамудың белгіленген ағымдарын тез арада түземесе, адамзаттың даму келешегі күдікті деп есептеді. Оңтайлы деп келесі стратегиялармен көрсетілетін әлемнің тұрақталған моделі есептеледі:

- тұрғындардың саны өлгендердің санына теңестіріліп қарастырылады, сондай-ақ, өнеркәсіптік капиталға инвестиция да оның өтеліміне теңдестіріліп қарастырылады;

- техникалық прогресстің стратегиялық жиынтығы өзіне келесіні қосады: ресурстарды екінші рет қайта өңдеу, қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін құралдарды пайдалану, негізгі капиталдың қызмет мерзімін ұзарту және эрозия болып, құнарсызданған жерлерді қайта қалпына келтіру әдістерін пайдалану;

- материалдық өндірістік игіліктерді шығаруды көбейтуден, оған қарама-қарсы қызметтер мен тамақ өнімдерін өндіруге басымдық беруді күшейту.

«Тұрақты экономикалық даму» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро).Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987жылы қоршаған орта және даму бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде аталған. Тұрақты даму бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін, бірақ келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын даму ретінде анықталған. Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер планетасының проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция бұл тұжырымдаманы нақты мазмұнмен толықтырды: іс-әрекеттің басым бағыттары жасалған, «XXI ғасырға арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыты белгіленген.

Тұрақты даму келесі критерийлерге бағытталуы тиісті:

- экономика саласында – үздіксіз сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақтылығына жету, оның қоғам мен мемлекеттің ұзақ мерзімді талаптарына сәйкес болуы, сандық өсуден дамуға көшу. Даму потенциалды мүмкіндіктерді кеңейту немесе іске асыруды, қарқынды, толығырақ болуды емесе өз жағдайынды жақсартуды, сапалы жақсырақ болуды білдіреді;

- адамдар өмірінің сапасын көтеру саласында – белгілі бір деңгейге дейін өсетін, содан кейін тұрақты болатын адамдардың ал-ауқаттылығы; жеке қауіпсіздіқ кепілдігі, сапалы білім алу мүмкіндігі, сапалы медициналық қызмет көрсету, мәдени даму мүмкіндігі, ақпараттың ашықтығы, барлық салаларда еркіндік деңгейлерінің көптігі, жайлы қоршаған орта, қоршаған ортаға антропогендік салмақтың төмендеуі.

Қазақстанда экономикалық өсудің негіздері келесі:

1) экономикалық кеңістіктің көлемі. Қазақстан елдің аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алады;

2) пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудалары, уран және т.б.;

3) мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;

4) маманданған жұмыс күшінің болуы.

Қазақстанда экономикалық өсудің факторлары:

1) әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың, түсті және қара металдың халықаралық рыногтағы қолайлы конъюнктурасы;

2) тұрғындардың және кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі бар сұранысының өсуі;

3) импорт орнын толтыру саясатын жүргізу және адал емес бәсекелестіктен отандық өндірушілерді қорғау;

4) қолайлы инвестициялық климат құру жолымен тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.

Экономикалық өсу саясаты.Экономиқалық өсуді мемлекет жағынан қолдау әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей әдістері ғылыми техникалық прогрессті қолдауға бағытталған: фундаменталды ғылыми зерттеулерді қолдау, орта және жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру. Жанама шаралар халық шаруашылығындағы ең прогрессивті салалар мен өндіріс түрлерін қолдауға бағытталған.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)(5 минут)

1.Экономикалық өсу саясаты туралы реферат жазу

2. Экономикалық өсу сызығын салып елу

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

«Жемісті тал» әдісімен сабақты қорытындылай, әрбір сұраққа дұрыс жауап бреген білім алушы өз стикерлерін ағашқа жабыстырады.



Педагог: ___________________________________























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі