400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Экономиканың математикамен байланысы" тақырыбында ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Беріліп отырған зерттеу жұмысы экономикалық есептерді математикалық тұрғыда талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мазмұны:



1.Кіріспе..........................................................................................................3бет

1.1. Экономиканың математикамен өзара байланысы туралы түсінік.............................................................................................................3 бет

2. Негізгі бөлім..............................................................................................4 бет

2.1. Математикадағы экономикалық мазмұнды есептер.........................4-9бет

2.2. Геометриядағы экономикалық мазмұнды есептер.......................10-11 бет

2.3. Экономикалық мазмұнды халық есептері.....................................12-13бет

3. Тәжірибе жүзінде қолдану.....................................................................14 бет

4. Қорытынды...........................................................................................15 бет

5. Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................16 бет

6. Қосымша материалдар....................................................................17-19 бет


















Мақсаты:

Экономиканың математикамен үнемі байланыста болатындығы туралы танысып, оның қазіргі кездегі қолданысын зерттеу.


Міндеттері:

  1. Әр түрлі ақпарат көздерін қолдану арқылы экономикалық мазмұнды есептер туралы оқу, жинау, жүйелеу;

  2. Экономикалық мазмұнды есептерді іріктеу және олардың шешу әдістерін қарастыру;

  3. Дәлелдеу , ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелерін дамыту.

  4. Қосымша мағлұмат қарастыру.


Өзектілігі: Экономиканың математикамен өзара байланысын білу,

жаңа экономикалық мазмұнды есептер құрастыру.

Болжам: Егерде экономикалық есептерді шығару кезінде нарықтың негізгі ұғымдарын беруге, нарықтық есептеулерді орындауға, тауарды қалай өткізетінін, көтерме және дербес баға қалай пайда болатынын білсек, онда бізге экономикалық есептер қиынға соқпайды деп ойлаймын.


Зерттеу объектісі: Экономикалық мазмұнды есептер.

Зерттеу нысаны: Экономикалық есептерді әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып шешіп, олардың пайдасы бар екеніне көз жеткізу.

Зерттеу әдістері: Анализ жасау, ақпарат жинау, тәжірибе жүргізу, әдебиеттермен жұмыс.


Зерттеу кезеңдері:

  • «Экономикалық мазмұнды есептерді» әдебиеттерден іздеу, сұрыптау;

  • Зерттеу материалдарын жинақтау;

  • Зерттеу нәтижелерін қорытындылау.


Күтілетін нәтиже: Экономиканың математикамен өзара байланысын зерттеу нәтижесінде, есептер жинағы шығарылады.

  1. Кіріспе


Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Ғылым-қоғамды алға жетелейтін қозғаушы күшке айналуда. Сондықтан кез-келген салаға әрбір жұмысты тиянақты атқара алатын, ойлау қабілеті жоғары мамандар дайындау талабының туындауы сөзсіз нәрсе. Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі белгілі. Әрбір оқушы мектептегі математика курсының теориялық мәселелерін жете түсініп, берік игерсе, өмірде кездесетін түрлі мәселелерді шығармашылық шеберлікпен еркін шешеді.

Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық аппараттарды химияда, биологияда, медицинада, техникада, экономикада және т.б салаларда кең түрде қолданылуы , түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.

Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономикалық ғылым, экономикалық білім және практика арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім-экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым-экономистерге немесе экономика пәні оқытушы-ларына ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Мысалы, экономиканың нарыққа өтуіне байланысты қаржы жүйесін үлкен өзгеріске ұшырауынан кәсіпкерлікті дамытуың экономикалақ және құқықтық шарттары қалыптас-ып, құнды қағаздар рыногы дамуда. Осындай жаңа жағдайлар секторлар мен индивидтердің инвестициялық әрекеттерін ретке келтіруде. Осыған байланысты түрлі шаралар қолдануда, оның мүшелері қандай да болмасын экономикалық шешім қабылдауда қаржылық жауапкершілік алады. Дұрыс, әрі шығынсыз шешім қабылдауда экономикалық білім мен біліктік қажеттілігі туындайды. Экономикалық білімнің тиімділігі-оның үздіксіздігінде. Оның мазмұны негізінен көп жағдайда экономика ғылымына байланысты. Экономиканың математика пәнімен өзара байланысын зерттеу барысында өмірде жиі кездесетін экономикалық мазмұнды есептер шығарылып, алған біліміміз тереңдей түседі.




2. Негізгі бөлім


2.1. Математикадағы экономикалық мазмұнды есептер.


Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды . Экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте кез-келген адамның жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор.

Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді.

Елбасы - Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі халқымызға жасаған жолдауында еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын көтеруге айырықша көңіл бөлу керектігі атап көрсетілген. Экономикалық мазмұнды есептер мектеп оқулықтарында көбінесе стандартты мәтіндік алгебралық есептер түрінде ұсынылған және бұл есептердің саны өте аз. Мектептегі оқытуда қолданылатын қолданбалы экономикалық сипаттағы есептердің мазмұнын экономикалық ұғымдар мен факторлардың себеп-салдарлық байланысын айқындайтын есептерді енгізу арқылы байытуға болады. Кейбір экономикалық ұғымдарды есеп шартына енгізгенде, ол шарттан оқушылар осы ұғымдардың мәні мен мағынасын меңгере алатындай етіп енгізген дұрыс. Экономикалық ойлауды адамның экономикалық құбылыстарды бейнелеу, сезіну, қорыту оның мәнін танып түсінуі, экономикалық ұғымдарды игеру және салыстыру, экономикалық заңдылықтарды ұғынуы деп есептеп, осылардың негізінде өзінің экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыруы түрінде қарастырады. Оқу практикасында экономикалық мазмұнды есептердің тәрбиелеушілік қызметі негізінен пайдаланылатын есептер мазмұнына байланысты мұғалімдердің насихаттау сипатындағы түсініктемелері арқылы іске асырылады.

Н.К.Рузиннің пікірі бойынша «кез-келген есептің не мазмұнында, не оны шешу барысында және алынған нәтижеге талдау жасауда міндетті түрде тәрбиелеу элементтері орны алуы керек» дейді.

Экономикалық мазмұнды есептерді сабақта, сабақтан тыс уақытта шығару мына шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

  • Оқушыларға жиі кездесетін экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіру;

  • Оқушыларды елінің ұлттық байлығын ұқыпты, үнемді пайдалануға тәрбиелеу;

  • Оқушыларға математикалық әдістердің экономикада қолданылатынын көрсету;

  • Экономикалық мазмұнды есептер шығаруда экономикалық тәрбиенің мынадай мәселелері: еңбек сүйгіштік, кез келген жұмысты орындауға дайын болуы, өзінің еңбегінің нәтижесі бойынша ұжым алдындағы жауапкершілігінің артуы, қоғам байлығын өсіру, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, оқушыларды экономикалық сауықтандыру, т.б. іске асады;

  • Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор.

Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды. Оқушыларды экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте оқушының жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор. Математика оқулықтарында өзіндік құн, түсім, тиімді пайдалану нәтижесі, өндірістің техникалық ерекшеліктері тәрізді экономикалық ұғымдарды пайдаланатын есептер аз емес. Бірақ оқушылар мұндай есептерге көбінесе математикалық әрекеттер тұрғысынан ғана қарайды да, экономикалық мәні назардан тыс қалады. Сондықтан экономикалық есептерді шығару алдында арнайы әңгіме жүргізген дұрыс.

1- мысал. Совхозда екі түйе фермасы бар. Бірінші фермада жылдық сауым 1200000 л, ал екінші фермада бірінші фермадағыдан 100 түйе көп болса да, одан 750000 литр аз болды. Бірінші фермада бір түйеден жылдық сауым, екінші фермадағыдан 1000 литрге артық болды.

а) Әр фермада неше түйе бар?

ә) Әр фермада бір түйеден алатын орташа жылдық сауымды анықтандар.

б) Егер бір түйені күтуге (жұмысшы айлығы, басқа шығындарды есептегенде) бір жылда 60000 теңге жұмсаса, әр фермадағы 1 литр сүттің өзіндік құнын (сүтті өткізуге кететін шығынды есептемегенде) анықтандар.

Шешуі:

  1. әр фермадағы түйе саны.

1-фермада – х түйе.

2- фермада (х+100) түйе

2. Жылды сауым.

1- фермада 1200000 литр

2- фермада 1200000-750000=450000 л.

3. Бір түйенің жылдық сауымы

1-фермада

2-фермада теңдеу кұрастырамыз

1200000х + 120000000=450000х +1000х2 +100000х

1000х2-650000х-120000000 = 0

а) х2-650х+4·120000 = 0

D= 422500 + 4· 120000 = 902500

Х1=800

Х2= -150

1-фермада 800 түйе

2-фермада 900 түйе болады.

ә) әр фермадағы бір түйеден алатын орташа жылдық сауым:

1-фермада 1200000:800 =1500 л

2-фермадағы 450000:900 = 500 л

б) Бір түйеге бір жылда 60000 теңге жұмсалса, бір фермада 800 түйеге 48000000 теңге, ал екінші фермадағы 900 түйеге- 54000000 теңге жұмсалады. Барлық шығынды барлық шығарылған өнім санына бөлсек, бір өнімнің өзіндік құны шығады.

1-фермада теңге

2-фермада теңге

Жауабы: 40 теңге, 120 теңге.


2-Мысал. Сүттің стандартты майлылығы 3,2 %. «Қайсар» фермерлік шаруашылығында күн сайын майлылығы 3,65 % 100 кг сүт сауылады. Сүтті стандартты майлылыққа келтіру үшін не істеу керек?

Шешуі: Сүттің майлылығын келтірудің екі жол бар:

  1. аз мөлшерде су құю керек

  2. көк сүтті қосу керек

Егер сүтке су қоссақ, онда сүттің тығыздығы кемиді де, белоктың құрамы азаяды, яғни сүттің сапасы төмендейді. Бұл жолды қолданбаймыз.

Сүттің майлылығын кеміту үшін, оған көк сүт қосамыз. Біз енді нақты есепке келдік: «Майлылығы 3,2 болатын сүт алу үшін, майлылығы 3,65 % 100 кг сүтке майлылығы 0,05 % қанша сүт қосу керек?»

Көк сүттің массасын х кг деп аламыз. Бұл сүтте 0,0005·х кг майлылығы бар. Есеп шарты бойынша 100 кг сүтте 3,65 кг май бар десек, онда

(100-х) кг сүтте массасы 3,65+0,0005х болатын майлылық бар.

Осыдан мынандай теңдеу аламыз:

,

Бұдан х 14 (кг)

Жауабы: 14 кг.


3-мысал. Тігін шеберханасында екі бригада жұмыс жасайды. Бірінші бригада 640 көйлек, ал екіншіде осы мерзім ішінде одан 12,5 артық тігуі тиіс еді. Біріншісі әр күнде екіншіден 10 көйлек артық тігіп, тапсырманы белгіленген мерзімнен 4 күн бұрын орындаған. Егер екінші бригадаға тапсырманы орындау екінші бригадаға тапсырманы орындау үшін және 4 күн керек болса, бұл бригада әр күнде неше көйлек тіккен?

Шешуі:

1-ші бригада 640 көйлек

2-ші бригада 12,5 артық 640+640 0,125=720

1-ші бригада бір күнде (х+10) көйлек

2-ші бригада бір күнде х көйлек

1-ші бригада (у-4) күн

2-ші бригада (у+4) күн


Жауабы: 30 көйлек.

4-мысал. А өнімін өндіру үшін токарь станогында 20 сағат, фрезер станоғында 30 сағат жұмыс істеу керек. В өнімін өндіру үшін токарь станогында 40 сағат жұмыс істеу керек. Токарь станогының жұмыс ресурсы 2000 сағат, фрезер станогының жұмыс ресурсы 4800 сағат. Цехтың жұмыс ресурстарын пайдаланып, өндірілетін А, В өнімдерінің сан мәнін (х;у) нүктелері арқылы белгілеп, координаталар жазықтығында Д облысын табу керек.
Шешуі: А өнімнің сан мәні – х, В өнімінің сан мәні – у болсын.  . Бұларды дайындау үшін 20х+10у сағат токарь станогында және 30х+40у сағат фрезер станогында жұмыс істеу керек. Жұмыс ресурстарын ескеріп, теңсіздіктер жүйесін құрамыз.


5-мысал. Бір балмұздақ шоколад плиткасынан 4 есе арзан, яғни 20 теңге тұрады. Бір қорап конфет шоколад плиткасынан 3 есе қымбат. Конфет бағасы қанша тұрады?

Шешуі: Есеп шартынан бізге балмұздақтың бағасы белгілі, яғни 20 теңге. Ал балмұздақ шоколадтан 4 есе арзан. Осыдан шоколадтың бағасын табу үшін 20*4=80 амалды орындаймыз. Енді шоколадтың бағасы 80 теңге екені белгілі болды. Енді қорап конфеттің бағасын табу үшін шоколадтың бағасын 3 еселейміз, яғни 80*3=240.

Осыдан қорап конфеттің бағасы 240 теңге екені бізге мәлім болды.

Жауабы: 240 теңге.








2.2. Геометриядағы экономикалық мазмұнды есептер.


Нарықтық орта жағдайында кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзіне тән еркіндік алуы оған қосымша міндеттер жүктеледі. Мемлекеттік нарықтық экономика жағдайындағы іс-әрекеті өндірістік қызметпен тұйықтала отырып, кәсіпорын өзінің экономикалық-әлеуметтік жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырылады, яғни аралас экономика жағдайында кәсіпорынға иелік беріп, оның өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдаланумен жаратуды кәсіпорын өздерінің шығындары арқылы әлеуметтік шараларға бір бөлігін жұмсайды. 
Қазіргі заманғы нарықтық экономикада шығындарды ресурстарды шектеулігін және оларды альтернативті пайдалану мүмкіндігін білу керек. Сонымен бірге пайда шыгын элементі ретінде қаралады. 
Экономикалық шығындар бұл фирманың жұмсауға міндетті төлімдері немесе ресурстардың альтернативті өндірістерінде пайдаланып кетпеуі үшін оларды жеткізушіге қамтамасыз етуі тиіс, міндетті табыс.
Тұрақты шығындар бұл өндіріс көлемнің өзгеруінен тәуелді мөлшері өзгерін шығындарды айтады. 
Орташа шығындар маңызды категория болып есептеледі, яғни өнімнің бір-бірлігіне шаққандағы шығындар. Орташа шығын көрсеткіштері әдетте бағамен салыстыру үшін қолданылады. Шекті шығындар – бұл өнімнің қосымша бір-бірлігіне өндіруге байланысты пайда болатын қосымша шығындар. Нарықтық экономикада экономикалық құбылыстарды зерттеуге математикалық әдістерді қолданудың маңызы өлшеусіз артып отыр. Оңтайлы жолын табу талап ететін жоспарлық-экономикалық міндеттерді шешуге байланысты математикалық ақпаратты пайдалану қажеттігі айқын сезілуде. Нарықтық экономикада іс-әрекетті тиімді ұйымдастыра білудің мәні өте жоғары. Міне, осы тұрғыда аналитикалық геометрияның бірнеше әдістерін қолданып, экономикалық есептерді қарастырамыз.


1-мысал. «Параллелепипед көлемі» деген тақырыпқа арналған есепті қарастыруға болады.

Параллелепипед тәрізді ұзындығы 12 метр, ені 2 метр, тереңдігі 3 метр жер қазылған. Бір машинаға 9 м3 топырақ сияды десек, барлық топырақты тасуға осындай қанша машина қажет?

Шығарылуы:

  1. V = a·b·c=12·3·2=72 м3

  2. 72/9=8, яғни 8 машина қажет.

Өнімділік – бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен өлшенеді.Еңбек өнімділігі тек еңбекке ғана емес, сондай-ақ техникалық прогреске байланысты.

Уақытты үнемдеу үшін өндіріс өнімділігін, техникалық прогрестің шапшаңдылығын арттыру, қорларды дұрыс пайдалану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру қажет. Еңбек өнімділігі артқан кезде өнім бірлігін шығауға кеткен еңбек үлесі артады.

Жауабы: 8 машина.


2-мысал. Тік төртбұрыш тәрізді үлескенің дәл ортасында ағаш өсіп тұр. Ағаш пен кіші қабырғаға дейінгі қашықтық 23,8 м, үлкен қабырға қоршауының ұзындығын анықтаңдар.

Шешуі:

Бер: АВСД – тік төртбұрышы

КО = 23,8 м

NO = 16,7 м

DrawObject1 Т/к

Шешуі: ВА = 2АК өйткені, АК = ОN

ВА = CД, ВС = АД

АД = 2АN, өйткені ОК = АN – 23,8

Жауабы: 162м.




    1. Экономикалық мазмұнды халық есептері.


Математика тарихына көз жүгіртсек, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көзіміз жете түседі. Мұны әсіресе экономикалық мазмұнды халық есептерінен көруге болады.Мектеп математикасында тарихи мәліметтердің, оның ішінде қазақтың ертедегі халық есептерінің көп қолданылмауы өз зерттеуімізді, осы арнада жүргізуімізге түрткі болды.
Замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, көк шыбықтай майысқақ , атадан балаға мұра болып, бүгінгі күнге жеткен - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, ұсынып отырмыз. Оның өз қыры мен сыры бар. Әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, философиялық күрмеуін, қазақ халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді. Бүгінгі күннің ой-өрісін де көрсетіп, қысқа орам, иіріммен қайыратын қағидалар келешекте де кәдеге жарайтын асыл тас. «Керек тастың ауырлығы жоқ»дейді дана халқымыз.
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шүгесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу-есепті шешудің алтын балдағы. Алтын балдақ-қарашық біреу емес. Ол көп.

Із кессең табасың. Есеп осыдан да сан қилы жауап табады. Ол Қазақ халқының ауызекі тараған есебінің кемшілігі емес - артықшылығы. Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау.

Ол осынысымен құнды.

1-мысал: «Ісек қойдың басы үлкен»есебі.
112 қой сатып алдым. Барлығына 49 сом және 20 алтын төледім. Әрбір ісек қойға 15 алтын және 4 төрткіл, ал әрбір түсаққа 10 алтыннан төледім. Мен неше бас ісек, неше бас тұсақ сатып алдым?
Қойы көптің, тойы көп.
Шешуі: 1 алтында 3 тиын, ал 1 тиында 4 төрткіл бар. Демек, ісек 15*3+1=46 тиын тұрады. Тұсақ 10 алтын, яғни 30 тиын тұрғандықтан, ісек тұсаққа қарағанда 16 тиынға қымбат. Егер бірегей тұсақтар сатып алатын болсақ, онда оларға 3360 тиын төлер едік. Барлық қойға 49 сом 20 алтын, яғни 4960 тиын төлегендіктен, артық қалған 4960-3360=1600 тиынды ісекті сатып алуға жұмсаймыз.

Жауабы: 100 ісек және 12 тұсақ.

.

2-мысал: «Баянауыл омартасы» есебі.
Баянауыл тауының ішінде әр жерде омарта қойып, бал арасын ұстаудың ғылымын білгендігі соншалық, 1888 жылы аралары жұтап, 4 омарта қалған еді. Содан 1889 жылда жеті омарта бала шығарып, баршасы 11 омарта болды. әр омартадан екі пұттан бал алды. Балдың қадағы Баянауылда арзан болғанда 20 тиыннан сатылады. Бұл недеген пайда?
Шешуі: 1 пұт=16.38 кг, ал 1 қадақ=409, 512 г екенін ескерсек, 11*2 пұт=22 пұт болады. Ол 22*16, 38 кг=360, 36 кг-га тең болады. Демек, 360, 36 кг/409, 512 г=879, 974 қадақ. Әр қадақ 20 тиыннан тұратындықтан, 879, 974 қадақ бал 17599, 484 тиын тұрады. Мұны жуықтап есептесек, 17 600 тиын болады.

Жауабы. шамамен 17600 тиын.


3-мысал: «Көш көлікті болсын» есебі.
Көш басы:
-Қоспағы мен маясы 20 болса, ашамайлы кара нары-96. қара нар дегені болмаса, оларды ажыратуға болады. Ол ата салты. Аттап өтпейік. Қоспақ санын мал санына көбейтсек, қара нармен бірдей болады. Кейқуат шудадай созылып, құяңы жазылғандай түйелер санын тез есептеді. Ол қалай есептеді?
Есепті әртүрлі әдіспен шешуге болады.
Мысалы, қоспақ санын х, мая санын у десек, есеп шарты бойынша: х+у=20 жэне х*у=96. Демек, қосындысы 20 беретін, көбейтіндісі 96 беретін сандарды табу керек. Ондай сандар 12 және 8.
Олай болса, 12 қоспақ, 8 мая немесе 8 мая, 12 қоспақ екені шығады.
Жауабы. 12 қоспақ, 8 мая немесе 8 қоспақ, 12 мая.




  1. Тәжірибе жүзінде қолдану


Экономиканың математика пәнімен өзара байланысын зерттеу барысында өмірде жиі кездесетін экономикалық мазмұнды есептер шығарылып, алған білімді тереңдей түседі.

Мен Текелі қаласының биылғы жылғы еңбек ресурсының статистикасы бойынша тұрғындар санын алып, оның ішінде жұмыспен қамтылған және жұмыс істемейтіндер санын анықтап көруге тырыстым. Осы мәлімет бойынша есеп құрастырып, тәжірибе жүзінде қолданып көрдім.


Есеп: Текелі қаласының тұрғыны 30707 адам. Оның 16629 адам жұмыспен қамтылған. 14078 адам жұмыс істемейді. Егер жұмыссыздық деңгейі 5%, ал қоғамдағы жұмысқа жарамсыз адам саны жұмыссыз санынан 5 есе көп болса, өз еркімен жұмыс істемейтіндердің санын анықта.


Шешуі: жұмыспен қамтылғандарды, яғни жұмыс істейтіндерді анықтауға болады, өйткені барлық халық саны 30707 адам, ал жұмыс істемейтіні 14078 адам.


30707-14078=16629 адам

Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздық деңгейін біле отырып, теңдеу құрамыз:

х/16629+х=5%

x/16629+x=0,05

0,05(16629+x)=x

831,45+0,05x=x

x≈875 мұнда х –жұмыссыз саны.

Жұмысқа жарамсыз саны: 875*5=4376 адам.

14078-4376=9702 адам.

Жауабы: өз еркімен жұмыс істемейтіндер саны: 875 адам екен.



4. Қорытынды


Пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр түрлі білім салаларының арасында айырма жоқтығына олардың бір-бірімен үнемі байланыста болатындығына, әр сала өз әдіс- тәсілдерімен материалдық дүниені зерттейтініне көзімді жеткіздім.

Пәнаралық байланыстарды зерттеуде , дүниеге ғылыми көзқарастарды қалыптастыруда өзара байланысын көрсетуде білімім мен түсінігімді тереңдеттім, математика пәніне деген қызығушылығым артып, өз бетімен жұмыс істеуге жетеледі және есеп шығарудың жылдамдығын арттыруға көмектесті.

Қазақстан Республикасының білім жүйесі саясатының мақсаттарының бірі- жан-жақты, білімді , шығармашыл қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Олай болса, «Талап- тұлпар, білім- сұңқар» демекші дарынды ,білімді жастар ғана мемлекетіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік –экономикадық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан мен өзімнің шығармашылық жобамда жан-жақты ізденіп, теориялық білімімді өмірмен ұштастырып, математика мен экономика пәндерінің өзара байланыста екенін дәлелдеуге тырыстым.

Бұл жұмыс оқушыларға өз білімдерін тереңдетуге көмектесетіне сенімдімін. Экономика адамсыз өмір сүре алмайды. Себебі, адам болмаса, экономика өзінің басты мақсатын іске асыра алмайды. Адамның, яғни біздің жақсы өмір сүруге құштарлығымыз арта түскеннен , қажеттілік шеңбері кеңейе түсуде. Егер экономика білімі болмаса, шығыны, табысы, бағасы, кірісі белгісіз болады да , экономикалық есептердің мәні болмайды.

Қорыта айтқанда , экономика барысында экономикалық білім алып, экономикалық ой өрісті қалыптастырып, экономика салаларын меңгеру қажет. 






5. Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Экономикалық білім негіздері, 8-сынып, Қ.Ж.Ағанина, С.М.Мұсабеков, Ж.С.Мұсабеков, Ж.С.Абибуллаева, А.Ө.Дәулетқұлова, Ж.Г.Қасымова. 

  2. Экономикалық білім негіздері, 9-сынып, Қ.Ж.Ағанина, С.М.Мұсабеков, Ж.С.Мұсабеков, Ж.С.Абибуллаева, А.Ө.Дәулетқұлова, Ж.Г.Қасымова, Г.А.Назарова. Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

  3. Экономика негіздері 7-сынып «Достижение молодых» Алматы 2007 жыл.

  4. С.Ерубаев «Қазақтың байырғы есептері »

  5. Нәрібаев Қ.Н. Экономикалық ғылыми зерттеулердің негіздері –Алматы, Қазақ Университеті, 1999 ж. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері –Алматы, 2004 ж.

  6. Арын Е, Сатыпалдин С, Аганина Қ, Қасимова Ж, т.б. Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі экономикалық білім беру тұжырымжамасы // Қазақстан мектебі, 2, 2001 ж.














6. Қосымша материалдар

№1. « Қыңырдың жасы » есебі.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол:
- Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселесеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Шешуі:
Қыңырдың қазіргі жасын х деп алайық, сонда есеп шарты бойынша 3*(х+3)-3*(х-3)=Зх+9-Зх+9=18.
Тексеруі. 18+3=21;
18-3=15; 21*3-3*15=63-45=18.

Жауабы: Жасы 18-де.


№2. «Ескісіз жаңа болмайды» есебі.
Екі сегіз - он алты. Және сегіз және алты. Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.

Бүл есептің ауызша айтқанда жауабы түрліше болады, себебі екпінді түрліше түсіруге болады.
Жазбаша келтірілген есеп соның бір жағдайы ғана, яғни
1) 2*8+8+6+6 =36.
Бұдан басқа есептің бірінші буынында мынандай жағдай болуы мүмкін:
2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6= 46;
3) 2+8+16= 26, демек 26+8+6+6 =46;
4) 2*8+10+6= 32, демек 32+8+6+6= 52;
5) 2*8+16 =32, демек 32+8+6+6= 52;
6) 2+80+6 =88, демек 88+8+6+6= 108.
Бүл қарастырғанымыз есептің бірінші буыны өзгеріп, екінші және үшінші буыны өзгермегендегі жағдайлар. Есептің бірінші және үшінші буыны өзгеретін болса не болады?
Үшінші буында екі жағдай болады:
7) бір алты, демек 6, мұны талдадық.
8) Бір және алты, демек 7.
Сегізінші жағдайды бірінші буыннан шыққан алты жағдаймен әрекеттестіреміз. Сөйтіп мына жауаптарды аламыз:
1) 2*8+8+6+7 =37,
2) 26+8+6+7 =47,
3) 32+8+6+7 =53,
4) 88+8+6+7 =109.
Сонымен, есептің бірінші және үшінші буындарының өзгерісіне сай мына жауаптарды аламыз: 36, 46, 52, 108, 37, 47, 53, 109.

Жауабы: 36, 46, 52, 108, 37, 47, 53, 109.


№3. Фермелер екі егістен 6500 тонна астық жинайтын еді. Агротехникалық шараларын жақсартқан соң, бірінші егістіктің шығымдылығы 40 пайызға, ал екінші егістіктің шығымдылығы 30 пайызға артқан. Сондықтан да фермерлер осы егістіктерден 8800 тонна астық алған. Агротехникалық шаралардан соң әр егістіктен қанша астық жиналған?

Шешуі: Бұрын бірінші егістіктен – х тона, екінші егістіктен у тонна астық алған. Агротехникалық шаралардан соң бірінші егістіктен – 1,4х, екінші егістіктен – 1,3у тонна астық алған.

х=6500 – у

1,4(6500 – у) + 1,3у = 8800

9100 – 1,4у + 1,3у = 8800

0,1у = - 300у=3000

х=3500

Жауабы: 3500.


№4. А(х1;у2), В(х2;у2) пунктері арқылы түзу сызықты шоссе өтіп жатыр. Участоктың өлшем бірлігі 10км есебімен берілсін. Қазбалы кен орыны С пунктінде орналасқан, одан қысқа жолмен шоссеге жеткізу керек. Шоссеге шығатын Д нүктесінің координатасын есептеп шығару қажет. Осы жолдың ұзындығы неге тең? Шоссенің және жолдың теңдеуін құр.

Мұндағы: А(3;2), В(11;6), С(7;9)
Шешуі:   түзудің (шоссенің) бағыттаушывекторы және нормаль түзу СД (жол)
Шоссенің түзуі АВ:   немесе 
Жолдың теңдеуі СД:   немесе 
Шоссе мен жолдың қиылысуындағы Д нүктесінің координатасын есептеймиз. Ол үшін теңдеулер жүйесін шешеміз:

Д(9;5) – пунктінде шоссе жолмен қиылысады.

Барлық арақашықтық 10км бірлікпен берілгендікпен, СД жолының ұзындығы шамамен 45 км тең.

Жауабы: 45 км.


№5. А өнімінің немесе В өнімінің 1 бірлікпен түсетін пайда 400 теңге бірлігі болсын. Максимум пайда шартына А және В өнімін өндірудің оптимал жоспарын құру керек. 
Шешуі: 400х+400у=с (максимально) түзуі өтетін Д облысын немесе оның шекарасындағы нүктені табу керек.

Ол нүкте (64;72) Д облысының шекарасында жатыр.

n(1;1) – нормаль векторы
n1=60n=(60;60) бұл да нормал вектор. 





19


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
2053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі