400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экотуризм. Тілдік бағдар: Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі. Сабақ жоспары,1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Туризмнің түрлері.. Берілген суреттер арқылы туризмнің түрлерін анықтау, сол туризм туралы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақ тақырыбы): X Бөлім. Туризм: экотуризм

Экотуризм. Тілдік бағдар: Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі

Модуль /пән атауы: Қазақ тілі

1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ: 1курс, П-11 тобы

      Сабақ типі: Аралас сабақ

2. Мақсаты, міндеттер: Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлеу

3. Сабақты жабдықтау

3.2 Техникалық құралдар, материалдар: ноутбук, тақта, слайд

4. Сабақтың барысы:

1. Сәлемдесу.

2. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Туризмнің түрлері.. Берілген суреттер арқылы туризмнің түрлерін анықтау, сол туризм туралы айту.

2. Тілдік бағдар: Әңгіме және “Дөңгелек үстел”. Берілген сөйлемдердің қайсысы

әңгіме, қайсысы “Дөңгелек үстел”екенін анықтау.

  • Белгіленген тақырып, талқыланатын жоба құжат бойынша арнайы маман шақырылып, алдын ала ойластырылған жоспар бойынша жүргізіледі. Сұрақтар да алдын ала берілуі мүмкін. Дөңгелене отырады, пікірталас мәдениетіне сай орын алуы керек.

  • Белгілі бір тақырып төңірегінде­ жиналған көпшіліктің
    сұрақ қойып не өз пікірін айтуына мүмкіндік беру. Мұнда қатысушыға өз пікірін білдіруіне еркіндік беріледі. Жоспарлы түрде болмағандықтан, күтпеген сұрақтар қойылып, жеке бастың мүддесін көздейтін пікірлер айтылуы орын алады.



Жаңа сабақ. Туризм: экотуризм. Тілдік бағдар:Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ОЙ ҚОЗҒАУ

  • 1. Экологиялық туризм дегеніміз не?

  • Экотуризм – «экология» және «туризм» сөздерінің бірігуінен жасалған атау.

  • Экологиялық туризм - табиғат аймақтарын сақтау, қоршаған ортаның теңгерімін бұзбай,  жауапкершілікпен саяхат жасау, табиғатты қорғауға деген ұқыптылық.

  •  Экотуризм бұл - табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге бару. Қорықтар, ұлттық табиғи парктер және т.б.қорғалатын табиғи  территориялар жатады.

  •  Пайдалы ресурстардың көп бөлігін көру арқылы (табиғи көрікті жерлерді көру, пейзажға сүйсіну, өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау), есту арқылы (құстардың әнін, судың сылдырын, жапырақтардың сыбдырын), иіс сезу арқылы (ормандар мен шалғындардьң иісі), сезу арқылы (өзен суының салқындығы) алады.

  • Туристік тәртібін қатаң регламенттеп, тәртіптің аса қатаң ережелері (турист гид-аудармашымен бірге арнайы жолмен жүру керек, өсімдіктерді жұлмау керек, шуламауы тиіс және т.б.) айқындайды.


Түсіндіру: Экологиялық туризмнің түрлері:

  • жаяу,

  • атты,

  • велосипедті туризм түрлері,

  • альпинизм,

  • Рафтинг (өзендердегі эмоциялық демалу),

  • Дайвинг (арнайы құрал-жабдықтары бар су астындағы жүзу ),

  • ғылыми туризм,

  • аңшылық туризм.

ТІЛДІК БАҒДАР: Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі

Түсіндіру:

  • Ойдың құралы – тіл.

  • Ой айқындылығында: сөздің дұрыстығы, дәлдігі, жатықтығы, тазалығы, сөздерді орынды жұмсай білу т.б.

  • Ой мен көзқарасты жеткізуге байланысты белгіленген тілдік сапалар: сөздің грамматикалық жағынан дұрыс құрылуы; сөз дәлдігі; ойға сыйымдылығы; өзіндік сөйлеу ерекшелігі, шешендік қасиеті т.б. Шешеннің сөзінде сақталуы тілдің ажарын ашып, әсерлілігін арттырып отырады.

  • Сөздің грамматикалық құрылысын дұрыс құру үшін  жұмыс түрлерін жасап, жаттығу қажет: нақты тақырып бойынша мәтін құрап жазу; сөзі жұтаң мәтіндерді редакциялау; мәтінді оқып, оның мазмұнын өз сөзімен байыта әңгімелеу; шешендердің сөздерін мәтін ретінде алып, грамматикалық жағынан ауызша және жазбаша талдау және т.б.


Тапсырмалар.

1-тапсырма. Экотуризмнің түрлерін сәйкестендіру

  • 1. Ғылыми туризм а) Қорықтар мен ұлттық саябақтарда

  • 2. Табиғаттану турлары ә) Альпинизм, дайвинг (су астында

жүзу),суда жүзу, атпен қыдыру т.б

  • 3. Экстремалды туризм б) Экспедиция мен студенттердің

далалық практикасы


2-тапсырма. Өлең үзіндісін оқы. Онда сөз дәлдігіне, ой айқындылығына қатысты жолдарды анықтап, пікіріңді айт.

Жылы қылып сөйлейін,
Жазғы желдің лебіндей.
Анық қылып сөйлейін,
Ақ теңгенің мөріндей.
Шалықтатып сөйлейін,
Айдынның шалқар көліндей.
Асыл қылып сөйлейін,
Базардың алтын беріндей.
Жабыстырып сөйлейін,
Тұтқыр сары желімдей.

Мұрат Мөңкеұлы

5. Сабақ рефлексия:

«3 маңызды» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

Экотуризм...

Мен үшін маңызды, себебі.........

Жастар үшін маңызды, себебі.........

Қоғам үшін маңызды, себебі.........


Үй тапсырмасы: Өткен тақырыпты оқып келу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
2841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі