400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екпінмен ұзындыққа секіру тәсілдері: «аяқты бүгу», «қайшылап», «иіліп»

Материал туралы қысқаша түсінік
Секіру – табиғи , қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады. Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № ____


Тақырыбы: Екпінмен ұзындыққа секіру тәсілдері: «аяқты бүгу», «қайшылап», «иіліп»

Жоспары:

  1. Секіру техникасын үйрету .

  2. «Аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру техникасын ұйрету

  3. 1-3 курстарға арналған нормативтік корсеткіштер

  4. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері:


Секіру – табиғи , қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады.

Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру. Секіру спорт аланыңда, спорт залда өткізіледі.

Секірудің барлық түрлері де оңайлыққа түспейтін жаттығулар. Секірулер аяктың және дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерін дамытып шынықтырады, тыныс алу мен қан айналу жүйелерінің қызметін жақсартады [3;109].

Секірдің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер – жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Секіру жерге түсу кезеңімен – аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарды. Жерге түсу кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе – теңдік сақтауға болады.

Әдетте ұзындыққа секіру 4 кезеңнен«фаза» тұрады.

1.Екпіндей жүгіру.

2.Серпілу

3.Самғау

4.Жерге түсу.

Екпіндей жүгіру. Биіктіккке секіруді табысы секірушінің жоғары жүгіру жылдамдығына жетуіне байланысты ол итерулудің қуаты мен "ұшудың" бастапқы жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Жүгіруді орындау барысында қозғалатын апппаратты /аяқты жаттықтыру / тиянақты дайындау, жылдамдықты бірте-бірте арттыруды қамтамасыз ететін және дененің итерілуі үшін қолайлы жағдай туғызу аса қажет.

Серпілу (жерден көтерілу). Жерден көтерілу кезінде жылдамдық әсте төмендемеуге тиіс. Әдетте жерден серпілу сәті екпіндей жүгіріп келе жатып кенеттен жасалған сияқты болып көрінеді. Жерден көтерілу кезінде серпілген аяқ дереу тіктеле жазылып, денені жоғары әрі алға қарай лақтырғандай әсер қалдырады.

Самғау (ұшу немесе қалықтау). Жерден бір аяқпен серпіліс жасаған кезде екінші тізені бүге ілгері сілтенген аяқ жоғары әрі алға қарай бағытталады. Бұл сәтте серпілетін аяқ әлі де артта болады (адымдап ұшу). Бірақ бұл – қас қағымдық сәт. Ол сәл бүгілген қалыптан сілтенген аяққа қарай тез жақындай береді. Сөйтіп, екі аяқтың тізесі бір деңгейге келіп, сол сәтінде-ақ кеудеге жақындайды. Тізе төске жақындаған кезде, кеуде де тізеге қарай бүгіледі. Бұл да – қас қағымдық сәт. Өйткені тізенің кеудеге жақындаған сәтінен тізенің жазылып, аяқтың алға созылу сәті басталады. Осы мезетте жерге түсуге әзірлене бастау керек.

Жерге түсу. Жерге екі аяқпен бір мезетте түсу керек. Жерге түсер сәтте жердең жеңіл серпіліс жасау үшін екі табан параллель қалыпқа келеді. Сонда жерге түсу кезінде болатын салмақ екі аяққа тең бөлінеді. Жерге қатты түспеуге қолдың көп көмегі тиеді: жерге түсуге жақындағанда қол алға – аяқтың басына қарай созылады да, кеуденің алға шығуын тездете отырып,дереу кейін әкетіледі.

Мәселен, адымдап секіруді төмендегіше өздерін үйренулеріне де болады. Ол үшін:

1.Жолдасына өз бойының жарты денгейіне дейін екі қолын алға созып ұстап тұруын өтін;

2.Сілтенген аяқтын тізесің жоғары көтеріп, яғни қалықтап ұшу кезінде жолдасының алға созған қолының алақанына жеткізуге тырысып адымдап секір. Бұл кезде серпіле көтерілген аяқты толық жазылған күйінде ұста.

Дайындық жаттығуларының тағы бір жеңіл түрі мынадай: Жерден 30 – 40 см биіктікке керілген резеңке жіптен адымдап секіру. Мұндай жағдайда секіруді екпіндей үш аттап келу арқылы орындау керек.

Ұзындыққа секіруге қатысты мына мәліметтерді есте сақтаңдар:

1.секіріп түсетін шұқырдың аумағы 5х3м болып, табанына қалыңдығы 50 – 60 сантиметрдей құм толтырылады;

2.екпіндей жүгіріп келу жолының ұзындығы – 25 метр, ал ені 1 метр болады;

3. үстін басып секіруге арналған жер қыртысына батырылған тақтай шұқырдың жиегінен 1,5-2 метр қашыққа орналастырылады, тақтайдың ұзындығы- 1 метр 22 сантиметр, ал ені 20 сантиметр болады.



№

Сынама тексерулердің түрлері


Жынысы

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1

Ұзындыққа адымдап кеп секіру

ұлдар


қыздар

20

330

40

320

80

310

60

350

40

340

20

330

80

360

60

350

40


40


Ұзындыққа секіруден өткізілетін жарыс ережелері.

Үстін басып секіру тақтайынан жүгіріп өтіп кеткен және секіруді орындай алмаған секірушінің бұл әрекеті жарамсыз деп есептеледі.

Секіру ұзындығын өлшегенде секірушінің денесі құмға із қалдырған жерге дейінгі қашықтық есепке алынады.

Жарыс кезінде әрбір қатысушыға үш секіру мүмкіндігі беріледі. Осы үш секірудің ең жоғары көрсеткіші есепке алынады.

Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері:

- спорттық аяқкиіммен секіру,

- секіріп жергетүсу барысында гимнастикалық төсеніштерге,

- спорт алаңында құм төселген жерге түсу.

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру бастауыш мектеп бағдарламасының барлық сыныптарында қарастырылған. Ереже бойынша бұл жаттығулар спорт аланыңда өткізіледі. Жаттығуларды үйрету міндеті балаларда бірте-бірте «Аяқты бүгіп» жеңіл атлетикалық секіру әдісін меңгерту болып табылады [2;96].

Секіру тихникасы. 15-20 м жылдамдықта жүгіру. Итеруге үш- төрт адым қалғанда жылдамдық ұлғаяды. Итеру барысында серпілетін аяқтың тізісі толық бүгілген, жылдам алға, жоғары қозғалады. Қол бірден жоғары көтеріледі, осы кезде серпілу басталады, серпілу барысында екі аяқтың тізесі сәл бүгіледі, ал жерге түсу алдында екі аяқ түзуленеді, денені алға қарай еңкейтіп, ижерге секіріп түскен кезде қол бірден алға қойылады, артқа құлап қалмау үшін екі аяқ толық бүгіледі.

Әдетте ұзындыққа секіру төрт кезеңнен тұрады.

1.Екпіндей жүгіру.

2.Серпілу

3.Самғау

4.Жерге түсу.

Бірте- бірте үйрету әдістері:

1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

2. Биіктігі 20-25см жүктен секіру

3. Белгіленген жерден ұзындыыққа секіру

4. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру

5. Белгіленген жерден секіру

6. Шеңберден шеңберге секіру

7. Белгіленген жерден секіру

8. Ілулі заттарға қолын тигізіп секіру

9. Жүгіріп келіп алысқа секіру

10. Белгіленген жерден секіру

11. Бес- жеті адым жүгіріп өтіп аяқты бүгіп секіру

12. 60 см биіктіктегі кедергіден секіру

13. Жүгіруді жылдамдатып секіру

14. Жүгіріп келіп ұзындыққа нәтижелі секіру .

Секіру жаттығуларынан бір орында тұрып секіру ең тиімді дайындық құралы болып табылады. Бұл әдіс бастауыш сыныптың барлық сыныптарында қолданылады [2;93].

Бірте – бірте үйрету әдісі:

1. Қолды еркін ұстап төмен, жоғары секіру

2. Қолды арнайы қалыпта ұстау, бір орында екі аяқпен секіру

3. Бір аяқпен секіру

4. Екі аяқпен алға қарай жылжи секіру

5. Бір аяқпен алға қарай жылжи секіру

6. Екі аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру

7. Бір аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру

8. Ілініп тұрған секіртпеден секіріп отыру

9. Айналып тұрған секіртпеден секіру

10. Жүгіріп келіп айналып тұрған секіртпеден секіру

11. Екі аяқпен айналып тұрған секіртпенің алдынан секіру

12. Қысқа секіртпеден секіру

13. Қысқа секіртпеден екі аяқпен секіру

14. Қысқа секіртпеден бір аяқпен секіру, екінші аяққа ауысып секіру

15. Бір орында тұрып, жұптасып ұзын секіртпеден секіру

16. Айналып тұрған секіртпеден 90градусқа бұрылып секіру

17. Қысқа секіртпеден екі аяқпен, бір аяқпен, бір аяқтан екінші аяққа ауысып секіру

18. Секіртпені артқа қарай айналдырып секіру [2;94].

Секіру жаттығуларының барлық түрлерін қолдың қалыптарын өзгертіп, жаттығудың қайталану санын ұлғайта алмастыруды күрделендіре отырып үйретуге болады.

Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.

Бір орында тұрып ұзындыққа секіру 2- сыныптан бастап үйретіледі. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру, аяқпен бір уақытта орындалады. Секіруге арналған бұрышы, ұшуда спортшының тепе-теңдікті сақтай білуі және жерге қону кезінде аяқтарын әрі қарай алға шығаруы әсер етеді.Ұзындыққа секіру қарқыннан, ұшу фазасынан және жерге қонудан тұрады [1;97].

Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған;аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда.

Бірте-бірте үйр.ету әдістері:

  1. Екі аяқпен жерге еркін секіріп түсу

  2. Екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру

  3. Жартылай отырып ұзындыққа секіру

  4. Жартылай отырып ұзындыққа секіру, қол артта

  5. Қолды дұрыс ұстап секіру

  6. Аяқты дұрыс ұстап секіру

  7. Жерге дұрыс секіріп түсу

  8. Алысқа секіру

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында жеңіл атлетика бөлімінде 15 сағат бөлінген. Оның ішінде секіру түрлері бойынша 3 сағат қарастырылған.

Жылдық сағат саны

Сынып

Апталық

Жүктеме

5-сынып

3 сағат

102 сағат

6-сынып

3 сағат

102 сағат

7-сынып

3 сағат

102 сағат

8-сынып

3 сағат

102 сағат

9-сынып

3 сағат

102 сағат


Ольга Сергеевна Рыпакова - Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. 2008 жылғы Бейжіңде - қола медаль, 2012 жылғы Лондон – алтын және 2016 жылғы Рио-де Жанейро олимпиадасында- қола медальді иеленген. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жарыста алтын, 2011 жылғы Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2017 жылы Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі ашылды.

Қорытындылай келе секірудің барлық түрлері де оңайлыққа түспейтін жаттығулар. Секірулер аяктың және дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерін дамытып шынықтырады, тыныс алу мен қан айналу жүйелерінің қызметін жақсартады. Бастауыш сынып бағдарламасында секірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру. Секіру спорт аланыңда, спорт залда өткізіледі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 26 б.

  2. Мұхамеджанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі – Астана, 2017. – 200б.

  3. Тайжанов С. Жеңіл атлетика әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. – 252б.

  4. Төтенай Б. Дене тәрбиесі оқулығы – Алматы, 2017. – 160б.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
1033
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі