Материалдар / Экскурсия – өлкетануды дәріптеудің бірден-бір мүмкіндігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экскурсия – өлкетануды дәріптеудің бірден-бір мүмкіндігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Экскурсия екі түрге бөлінеді – шолу және тақырыптық. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа арналады.
Авторы:
14 Маусым 2023
227
6 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерекеева Айжан Байғалиқызы

Қалалық жас туристер стансасының

педагог ұйымдастырушысы,

педагог модератор


«Экскурсия – өлкетануды дәріптеудің бірден-бір мүмкіндігі»


Өлкетану - жас ұрпақтың туған өлке туралы білімін тереңдетіп әрі байытатын, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриоттылыққа тәрбиелейді. Қазіргі таңда қоғамдық танымның адамгершіліктің кеңістігін қалыптастыруға жәрдемдесетін мүмкіндіктердің бірі, яғни адамгершілік қасиет туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілікпен бірге қалыптасады. Осы жұмыстар арқылы оқушылар өз беттерінше іздену, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға дағдыланадырады. Экскурсияларға, жорықтарға, экспедицияларға шығу арқылы оқушылардың ой-өрістері кеңейіп, еліміздің шаруашылық қызметтерімен танысады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға дағдыланады.

Экскурсиялардың негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың туған өлкесі жайлы білімдерін дамыту, ұлттық және жалпы адамзаттық игіліктер негізінде туризм мен өлкетану жұмыстары арқылы қалыптастыру, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, қоғамдық қызметке баулу, зерттеу жұмысы дағдыларын дамыту, туған өлкесінің табиғатын, өз Отанын сүюге, оны қорғауға бағытталған этнопедагогикалық негіздегі патриоттық тәрбие беру, өлкеміздің белгілі адамдарының өмірін, қызметін зерттеп білуге баулу болып табылады.


Экскурсия ісі төмендегі жүйелер арқылы іске асады:

  • Мазмұны бойынша;

  • Қатысушының құрамына, санына қарай;

  • Өткізген орнына қарай;

  • Жылжу тәсіліне қарай;

  • Экскурсияның ұзақтылығына қарай;

  • Өткізу түріне қарай

Шолу экскурсиясы

Shape1









Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді – тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады.

Тақырыптық экскурсия

Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсиялар бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Тарихи экскурсиялар

  2. Өндірістік экскурсиялар

  3. Өнерге байланысты

  4. Әдебиет экскурсиялары

Семинарға қатысушыларға экскурсия түрлері бойынша (өз іс-тәжірибемнен) бейне материалдарды ұсыну.

Ақтөбе облысының аудандары бойынша өткізілген экскурсияларға мәлімет, толық технологиялық картаның мазмұны.

Қатысушы топтарына аудандар бойынша тапсырмалар беріледі:

Әр топ Tarsia әдісін пайдаланып мозайка құрастырады және өзара пікірлерімен бөліседі:



Ақтөбе облысының аудандары бойынша өткізілген экскурсиялар



1) Қобда ауданы

2) Қарғалы ауданы

3) Ырғыз ауданы

4) Мәртөк ауданы

5) Хромтау ауданы





Қалалық жас туристер стансасы Ақтөбе қаласы және облысы бойынша танымдық, тарихи, табиғи, және өндірістік орындарға экскурсиялар мен туристік жорықтар ұйымдастырады.

Қалалық экскурсиялар:

«Ару қала - Ақтөбе» шолу экскурсиясы

«Ақтөбе – үшінші мыңжылдықтың қаласы» танымдық шолу экскурсиясы

«Түнгі қала - Ақтөбе» шолу экскурсиясы.


Тақырыптық экскурсиялар:

«Батырлар – ел қорғаны»

«Ескерткіш – ел тарихы»

«Ынтымақ пен бірлік – рухани келісімнің белгісі»


Кәсіби - бағдарлау экскурсиясы:

«Мамандықтар әлеміне саяхат»

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарына экскурсия


Өндірістік экскурсиялар:

«Өндіріс саласы орналасқан мекен»

Қалалық мұражайларға жаяу экскурсиялар


Баяндаманы қорытындылау келгенде, ата-бабадан қалған мұраны, тарихи, мәдени, табиғи ескерткіштерді қорғауға, сақтауға, құрметтеуге, саяхат жоспарын құру және жол бағыты жұмысын жүргізу, саяхат, серуендар, жорықтар кезіндегі байқағандарын белгілеуі, жиналған материалдарды өңдеп, жинақтау, сонымен қатар эксурсовод қызметіне сай тәсілдер мен дағдыларды тиімді қолдана білу экскурсиялық жұмыстарының негізгі міндеттері деп санауға болады.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!