Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН «ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты:

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетт аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогке қатысады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз. Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді: «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді. ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін. «ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!

1-тапсырма:

Мәтінге ат қойыңыз_____________________________________________________1 балл

Мәтіннің стилін және стильдік сипатын анықтаңыз:

_______________________________________________________________________ 2 балл

1. ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген __________ 1,8 есе өсті.

2. Көрме барлық елдің _______________________ потенциалын көрсетуге жол ашты.

3. Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды __________ дәлелдеді.

4. Көрме кешені _____________________ мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. 4 балл


2. Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз. 5 балл


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сөздер мен терминдердің

мағынасын түсінеді

1

- мәтінге ат қояды.

-мәтіннің стилі мен стильдік сипатын анықтайды

- бос орындарға қажетті сөздер мен терминдерді қояды;

1

2

4

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогқа

қатысады

2

  • тақырыпты ашады;

  • стильдік талаптарды сақтайды;

  • сұраққа қатысты пікір білдіреді;

  • өз пікіріне аргументтер келтіреді;

  • тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді.

1

1

1

1

1

Барлық балл:



12




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12