жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЭКСПО-2017 көрмесі
Темірастау орта мектебі
Бекітемін: _______________
Тәрбие ісі орынбасары: Н.Сүйеу

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
ЭКСПО-2017
("класс жетекшілер" әдістемелік бірлестігінде)
Ө
ткізген: 5-класс жетекшісі Мұхтарова Гүлшат
Жарасқызы
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: ЭКСПО-2017
Мақсаты:
білімділік –ЭКСПО көрмесі туралы түсінік қалыптыстыру,дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып,2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. -дамытушылық - отанымызда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға өз ой-пікірін білдіру қабілетін дамыту. - тәрбиелік - Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту, патриоттыққа тәрбиелеуСабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар барлығын бері қарап, жинақталыңда.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «ЭКСПО-2017» . «ЭКСПО-2017» деген не? Жалпы бұл сөзді қазіргі таңда жиі естиміз. Солай емеспе?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз,өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз.Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады »
Яғни осы көрменің елімізге тигізер пайдасы қандай? Жалпы бұл көрме қашан пайда болды, қандай көрмелер болған? Осындай сұрақтарға бүгінгі тәрбие сағатымызда жауап алатын боламыз.
ІІ.Барысы:
-
ЭКСПО деген қандай көрме?
Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,"экспонат" деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер.Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін алаң.Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан.Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді.Жалпы,ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар.Оның бірі- халықаралық әмбебап көрме.Ол бес жылда бір рет өткізіледі.Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады.Екіншісі- халықаралық мамандандырылған көрме.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,2-2,5 жылда бір рет өткізіледі.Мерзімі – үш ай.
-
Халықаралық көрмелердің тарихы
Қазірге дейін 63 көрме өткізілді.
1876 — Филадельфия, Пенсильвания
1894 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ
1901 — Буффало, Нью-Йорк (штат), АҚШ
1904 — Сент-Луис, Миссури, АҚШ
1907 — Хэмптон-Роудс, Виргиния, АҚШ
1915 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ
1915 — Сан-Диего, Калифорния, АҚШ
1922 — Рио-де-Жанейро, Бразилия
1926 — Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ
1929 — БарселонаИспания және Севилья, Испания
1939 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ
1968 — Сан-Антонио, Техас, АҚШ
1982 — Ноксвиль, Теннесси, АҚШ
1984 — Новый Орлеан, Луизиана, АҚШ
2020 — Көрмені өткізу үшін Аюттхая (Таиланд), Дубай (БАӘ), Измир (Түркия), Сан-Паулу (Бразилия), және Екатеринбург (Ресей) қалалары бақ сынасады.
1-оқушы:ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның ханзадасы Альберт есептеледі. Алғашқы көрме 163 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген. Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат - Хрустальді сарай салуды ұсынғанДжозеф Пакстон жеңіске жеткен.Викториандық дәуірді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған.1936 ол өртеніп кеткен.Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы,ал үшінші көрмесі 1924 жылы өткен. Ал, 1876 жылы ЭКСПО көрмелеріне ақыры Америка қосылды. Филадельфияда алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызанақ кетчупы көрермендер назарына ұсынылды!.
2- оқушы:1889 жылғы өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. «Темір ханым» деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы..Ал,1893 жылы Чикаго қаласында, Америка құрлығында екінші рет Бүкіләлемдік әмбебап көрме ашылды.Ал 1893 жылғы Чикаго көрмесі Христофор Колумбтың Американы ашқанына 400 жыл толу құрметіне арналды.Христофор Колумбтың құрметіне бұл әлемдік көрме «Колумбтық» деп аталды. 1893 жылғы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы Чикаго қаласында жарты жыл бойы – 1 мамырдан 30 қазанға дейін желбіреді. Осы уақыт аралығында бұл көрмені дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 миллионнан астам адам тамашалады.
3- оқушы: 1904 жылғы Сент-Луис көрмесінің атағын шығарған вафель стаканшаларға салынған балмұздақтар болыпты. Бір ғасырдан бұрынғы сол жаңалық әлі күнге ескірмей келе жатыр.Чикаго қаласы ЭКСПО-ны 1933-1934 жж. қабылдады.Көрме сондай сәтті өтті – оған 39 миллион адам келді – бұл шығындалған қаражатты қайтарып қоймай, сонымен бірге табыс табуға да мүмкіндік туғызды.Ал, Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.
4- оқушы: Еуропаның көрмелер бағытындағы және бір белсенді елі Бельгия болып табылады.1958 жылғы көрменің басты тақырыбы: "Прогресс пен адамзат". Брюссельде адамдар алғашқы рет жер серігі, атомдық электростацияның үлгісін, жаңа қозғалтқыштар мен болашақ компьютерлердің ізашарларын көрді.Брюссельге 41 миллионнан аса адам келді.Қазақтың ұлы суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Қарақұм ГЭС-нің таңы» картинасының 1958 жылғы Брюссель көрмесінде күміс медаль иеленуі оны әлемдік деңгейдегі пейзаж шебері ретінде даусыз мойындатқан болатын.
5- оқушы:1970 жылғы Осакадағы ЭКСПО -да көрме символы – Күн мұнарасы орнылған Фестивальдер алаңы.АҚШ павильонында көрермен назарына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды.Сол жерде ғалымдар 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар пойыздардың үлгілерін, толық масштабы ядролық реакторлық макетін, АҚШ пен КСРО-ның сансыз ғарыш кемелері мен алып роботтардың макеттерін ұсынды.
6-оқушы: ЭКСПО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы - «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту».Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет қатысты.Дүниежүзілік EXPO-2005 көрмесі Жапон қаласы Нагояда өтті.Ал,ЭКСПО-1986 Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме.Көрменің тақырыбы: «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем». Қатысаушы елдер саны жүзе жуық, ал келушілер қатары 6,5 млн адамды құрады.
7- оқушы: Австралия, 1988 жыл. Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы - «Техника ғасырындағы бос уақыт».Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты.ЭКСПО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды.
8- оқушы: ЭКСПО-1993 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993 жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы - дамудың жаңа жолын таңдау.Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы - ғарыштан келген Кумдори сәбиі. Көрменің орталығы - биіктігі 93 метрлік Үлкен Жарық Мұнарасы. ЭКСПО-2012: 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп, табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.
9- оқушы: ЭКСПО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». ЭКСПО -1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды.215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.
10- оқушы: 2008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса "Су және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды.Сарагосадағы 2008 жылғы ЭКСПO-да, Қазақстан 104 қатысушы елдер арасында "С" санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлері бойынша қола марапатқа ие болды.Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты. Ал, ЭКСПО-2010 — 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. 2010-жылғы көрме тақырыбы: "Жақсы қала - жақсы өмір". Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд. доллар пайда әкелді. Қазақстана павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай ЭКСПО-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1млн.жуық адам келді.
3. Халықаралық көрмелердің тақырыбы.Бұрын халықаралық көрме тек технологиялық мәселелерге арналып келсе,соңғы онжылдықтарда экологиялық проблемаларға,адам мен табиғаттың қарым – қатынасына бағытталып отыр.
|
Көрме өткен жыл |
Көрме өткен қала |
Көрменің тақырыбы |
|
1988 жыл |
Лиссабон |
«Мұхиттар – болашақтың мұрасы» |
|
2000 жыл |
Ганновер |
«Адам.Табиғат.Технология», |
|
2005 жыл |
Нагоя |
«Табиғат даналығы» |
|
2008 жыл |
Сарагос |
«Ауыз - су мәселесі» |
|
2010 жыл |
Шанхай |
«Көрікті қала- үздік өмір» |
|
2015 жыл |
Милан |
"Планетаны тамақтандыру,өмірге арналған энергия" |
|
2017 жыл |
Астана |
«Болашақтың энергиясы» |
4. ""ЭКСПО - 2017": Қазақстанның болашағы"
ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейне үндеуі жолданды.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтыңэнергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-гемүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық еліжәне 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы.Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді. ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрмесондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Қазақстан 1997 жылданбастапХалықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
ЭКСПО - ның пайдасы қандай?
Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік,коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.
І
ІІ.Қорытынды.
-Түрлі түсті карточкадағы сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтан алған білімдерін бағамдау. Карточкалардан ЭКСПО-ның эмблемасын құрау.
5. Менің қиялымдағы Астана
Оқушылар өздері жасап келген таңғажайып ғимараттардың макеттерін таныстырып, мағынасын түсіндіреді.
(ЭКСПО-2017 жобасының видео ролигін көрсетемін)
-Бұл Астана қаласының 2017 жылғы бейнесі. Қиялдарың ұшқыр екен. Бәлкім, сендердің де әсем ғимараттарың осы жобаның бір бөлшегі болып қалар. Себебі біз, қазақ халқы қашанда өзіміздің бай мұрамыз, салт дәстүрімізбен мақтанамыз. Өзіндік салт дәстүрі жоқ қаншама елге қарағанда біздің халқымыздың дәстүрлерінің шоқтығы биік. Еліміз, халқымыз, ана тіліміз, жеріміз және де сендер сияқты білімді, дарынды бүлдіршіндер аман болса, көк туымыз мәңгілік желбірей бермек.
Тәрбие сағатымызды "Көк тудың желбірегені" әнімен аяқтаймыз.
PAGE \* MERGEFORMAT 5

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген