"ЭКСПО-2017" көрмесі. Тыныс белгілері. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ЭКСПО-2017" көрмесі. Тыныс белгілері. Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп" баспасы. Оқу мақсаттары: 6.3.3.1- ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру; 6.4.5.1- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т1

Күні:

Сынып: 6

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

ЭКСПО-2017» көрмесі.

Тыныс белгілері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.3.3.1- ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

6.4.5.1- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.

Сабақ мақсаттары

- ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгелдейді, Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.


Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әрқатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

Мұғалімнің кері байланысы

Оқу құралдары

Сабақтың басы












Қызығушылықт ы ояту1-тапсырма С





І. Қызығушылықты ояту.

1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты  техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген ең танымал деген 10 жаңалықты есімізге түсірейік.

Мұғалім ЭКСПО көрмесінде көрсетілген ең танымал ашылуларды ұсынады. Оқушылар суретке қарап, бұл затсыз өмір қандай болатыны туралы ойланады және жауап береді.


Дескриптор:

мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды

Оқулық



Сабақтың ортасы

Оқылым
















4а-тапсырма.

Топтық жұмыс

Берілген мәтінді мұқият оқыңдар.


Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойыңдар. Себебін түсіндіріңдер.

Мәтін 3 топқа бөлініп беріледі.

Дескриптор:

-Мәтінмен толық оқып танысады;

- сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды;

-себебін түсіндіреді


Сергіту сәті

«Сымсыз телефон» ойыны

Оқушылар сапқа тізбектеліп тұрады. Мұғалім сапта 1-ші тұрған баланың құлағына сыбырлап пәнге байланысты бір сөзді айтады. Қалған ойыншылар құлақтарын жауып тұрады. Ол сөзді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға «не естіді» соны айтады. Осылайша барлық ойыншы оқушылар бір-біріне не естігенін кезек-кезек айтып шығады. Ең соңғы ойыншы бала не естігенін айтқанда, ол сөз ең алғашқы сөзден мүлдем басқа сөз болып шығуы мүмкін. Сөз қай жерде бұрмаланса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығады.








Жазылым

Жұптық тапсырма.


Тұтас мәтіндер – құрылымы бар, сөз, сөйлем, абзацтардан құралған мәтіндер.

Тұтас емес мәтіндерге кесте, сызбалар,суреттер, графиктер мен диаграммаларды жатқызамыз.

1-қадам. Мәтіннен негізгі деректерді анықтап жазыңдар

2-қадам. Мәтіндегі деректерді қолданып, тұтас емес мәтін, яғни диаграмма, кесте, сызба құрастырыңдар. (жұптар қай түрін құрастыратынын жеребе түрінде берілген карточка бойынша алып анықтайды)

Дескриптор:

-оқылым мәтінінен негізгі деректерді жинақтайды

- графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады

Оқулық

Сабақтың соңы

2б-тапсырма.

Жеке жұмыс



https://wordwall.net/hu/resource/56472736

Берілген тест сұрақтарына әр оқушы жеке жауап береді. Соңынан дұрыс жауап берілген сұрақтар саны тексеріледі, бағаланады.


Дескриптор;

  • -тыныс белгілері бойынша білімдерін қорытындылайды.


Кері байланыс

3 минут

Рефлексия. «321» әдісі


Үй тапсырмасы:

Жақсы түсінген 3 мәселе.

Қиындық туғызған 2 нәрсе.

Туындаған 1 сұрақ.


Құрамында лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдері бар кез-келген тақырыпта әңгіме жазыңдар.























Қосымша материал










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2024
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі