400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ЭКСПО туралы естелік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Биылғы жыл мен үшін өте ерекше жыл болды. Оның себебі – менің EXPO –ға барып қатысуым деп айтсам болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«EXPO туралы естелік» эссе

Биылғы жыл мен үшін өте ерекше жыл болды. Оның себебі – менің EXPO –ға барып қатысуым деп айтсам болады.

Еліміз үшін аса маңызды осы оқиғаның ортасында болу, өз көзіңмен көру – әрі мақтаныш, әрі қуаныш, әрі елеулі іс деп есептеймін. Астанада болған кезімде, біріншіден, дүниежүзінің көптеген ұлт өкілдерін көзбен көріп жүздестік. Олардың түрлі тілде сөйлескендерін естудің өзі бір ғанибет. Екіншіден, сол елдердің жетістіктерін көрсететін көрмелерді аралау тіпті керемет екен. Көрмеген, естімеген, қиялдағыдай құрылғылар мен бұйымдарды, заттар мен тағамдарды еш жалықпай таңертеңнен кешке дейін тамашалауға болады.

Ал Астананың сән- салтанаты тіпті өзгеше! Шарға кіргенде басқа әлемге кіргендейсің... Түнгі Есіл жағалауындағы жарқылдаған мың түрлі оттардың, сан құбыла билеген бұрқақтардың көрінісі қиял – ғажайып ертегі ішінде жүргендей әсер береді.

Осыншама қонақтарды құшақ жая қарсы алып, дархан дастархан жайған қазақ елінің қонақжай кеңдігін көрдім. «Болашақ энергиясы» деп аталатын бұл көрменің біздің болашағымызға тигізер пайдасы туралы жаңа мәліметтер білдім. Отын – энергетикалық ресурстардың бай қорына ие мемлекетіміздің болашақта керемет жетістіктерге жететініне көзім жетті.

EXPO - үлкен жауапкершілікпен өткізіліп отқан үлкен оқиға деп айтуға болады. «Болашақ қуаты» аталған бұл оқиға өзінің әсерімен бойыма болашаққа деген ерекше қуат құйғандай болды. Мен ойға қалдым. Бұл көрмеге қаншама мемлекеттен қаншама адам қатысты. Әр адамға осындай қуат құйылғанын есептесек, кеудеңді қуаныш кернейді. Менің Қазақстаным бұл деген мақтаныш тербейді екен!

Міне, менің EXPO -дан алған әсерім осындай. Қазақстан атты – тәуелсіз, бай, кеңпейіл, қонақжай, жомарт өрлеген елдің азаматы болғаныма қуанып, мәртебем өсті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі