Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Зертханалық тәжірибе №4 « Энергияның өзгеруімен жүретін реакциялар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Зертханалық тәжірибе №4 « Энергияның өзгеруімен жүретін реакциялар» тақырыбында жүргізілген қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді

Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Пәні:

химия

Бөлім:

8.2 Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

Педагогтің аты-жөні:

Керімбай Бибигүл Әділгерейқызы

Күні:

05.12.2023

Сынып: 8 Б

Қатысушылар саны 26

Қатыспағандар саны 0

Тақырыбы

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Зертханалық тәжірибе №4 « Энергияның өзгеруімен жүретін реакциялар»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.1.3 -экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;

8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсіну;

Сабақтың мақсаты

Экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларды ажырата алады;

Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар белгілерін анықтайды;

Әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

Ар-ұят: Адал еңбекті құрметтеу; дұрыс қарым-қатынас орната білу; ,

Талап: жеке және командамен жұмыс істей білу; жаңаны тануға құштар болу;

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5-минут

I.Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа назарын аудару.

Сыныпта «Жылы лебіз» сергіту сәті арқылы жағымды ахуал қалыптастыру; « Сені көргеніме қуаныштымын». Командаға бөлінеді.Суреттер қимасы бойынша бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

«Кім жылдам»

(а) Берілген сурет негізінде парниктік эффекттің пайда

болуының кем дегенде 3 себебін жазыңыз.

1.

2.

3.

Алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында слайдта сұрақтар қойылады

Тапсырма 2 «Серпілген сауал» әдісі

  • Химиялық реакция жүргенде қандай белгілерін байқаймыз?

  • Жану реакциялар дегеніміз не?

  • Қандай жанғыш заттарды білесіз?

Мұғаліммен амандасады.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Командаға бөлінеді.







Әр команда бір себебін айтады.

Парниктік эффектінің пайда болуының үш өздерінің жауаптары салыстырады.

Тиімді кері байланыс беріледі.





Сұрақтарға жауап беріп, өткен тақырыпты қайталайды.

Жарайсыздар!

Оқушыларға бағалау парағы ұсынылады. ұсынылады

«Бәйге әдісі»арқылы бағалау жүргізілетіні айтылады (әрбір тапсырма сайын балын қойып отырады)






Ынталандыру.

ҚБ (ауызша бағалау

«Жарайсың»

«Өте жақсы»,

«дұрыс»

Слаид 1




Қосымша жұмыс парағы 1









Слаид 2-3

Сабақтың ортасы

30 минут
































































































































арқылы тәжірибе алаңында оқулықтағы тәжірибені орындайды

2.Жаңа сабақтың тақырыбын айқындау

Презентация 1

«Елестету көрінісі» 1- минут

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Слаидпен көрсетіледі.

Жаңа материалды меңгерту. 6 минут

Презентациямен мұғалімнің түсіндіруі

Химиялық раекциялар дегеніміз не?

Химиялық реакция дегеніміз – бір немесе бірнеше заттар, реактивтер бір немесе бірнеше түрлі заттарға, өнімдерге айналатын процесс. Атомдар қайта топтастырылып, басқа заттар түзіледі.

Презентация 2

Химиялық реакцияның мәні неде?

Реактивтердегі химиялық байланыстарды бұзу үшін энергия жұмсалады, жаңа заттар пайда болған кезде энергия бөлінеді.

Бейнекөрсетілім/аудио оқушыларға ұсынылады.

0,44 минут

Химиялық реакциялар кезінде реагенттер өнімге айналғанда әрекеттесуші заттардың ішкі энергиясы өзгереді, кемиді немесе артады. Реагенттер мен өнімдердің ішкі энергиясы арасындағы айырмашылық қалай өзгереді?

Энергия өзгерісіне қарай химиялық реакциялар қандай түрлерге бөлінеді?

Энергия (жылу) бөлетін - экзотермиялық реакциялар +Q

Энергия(жылу) жұтатын–эндотермиялық реакциялар-Q

С + O2 = CO2 + 393 кДж ( жылудың бөлінуі)

С + Н2O = CO+ Н2 - 132 кДж (жылудың сіңірілуі)

Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері жылу эффектісі деп аталады

Әрбір зат белгілі бір мөлшерде энергия қорын жинақтайды.

Реакция кезінде байқалатын энергия өзгерісі жылу түрінде білінеді. Жылу дегеніміз әрекеттесуші заттардың бей-берекет әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады.

Презентация 3

Әртүрлі жанғыш қоршаны ортаның ластану көздері мен түрлері:

Сұйық отынмен жүретін транспорт (бензин, керосин)-

CO, SO2, CO2, NO2, қорғасын қосылыстары, күйе т.б. түзіледі;

Жылу электростанциялары (көмір, торф, мазут)-

CO, SO2, CO2, күйе

Өндіріс орындары-(NO)x , (SO)x, (CO)x , H2S

Қоқыстардың жануы- мыңдаған ластағыштар;

Салдары қандай?

Мысалы:

Отынның толық емес жануы кезінде көміртек монооксиді түзіледі:

3CH4(г) + 4O2(г) = C(қ) + 2CO(г) + 6H2O(с)

Бұл улы газ артық мөлшерде адам ағзасына түскен кезде гемоглобинмен байланысып, оттектің тасымалдануын әлсіретеді. Нәтижесінде адам уланады.

Сыныппен бірлесе «Ой қозғау» сұрақ арқылы жаңа тақырыпты ашу 3- минут

Екі суреттегі реакция белгілері қандай?

Реакция жүруі не қажет?

Реакцияның жылу эффектісі дегеніміз не?

Тапсырма 2 ( 8 -минут)

Командамен жұмыс «Тәжірибе алаңы» (әр команда бір тәжірибеден орындайды

Жаңа тақырып бойынша Зертханалық тәжірибе №4

Тақырыбы: Энергияның өзгеруімен жүретін реакциялар

Керекті құралдар: сынауықтар,ұстағыштар, тұрғы, шыны таяқша, өлшеуіш цилиндр

Нұсқаулық:

Жұмыс барысы:

Мақсаты: жылу эффектісі бойынша реакция типін анықтау үшін реакцияның басында және соңыңда температураның

(төмендегенін немесе көтерілгенін) өзгерісі бойынша реакция типін анықтау.

1-тәжірибе

Натрий карбонатын сірке қышқылының сұйытылған ерітіндісімен әрекеттестіру.

Сынауыққа натрий 2г карбонатының ұнтағын салып, үстіне 2-3 мл сұйытылған сірке қышқылын құйыңыздар. Реакция белгісіне назар аударыңыз. Реакция жүргендігін сынауықтың түбін ұстап көріңіз немесе сынауықтағы ерітіндіге термометрді салып, өлшеңіз. Тәжірибе барысын кестеге толтырыңыз.

2-тәжірибе

Магний мен сұйытылған күкірт қышқылын әрекеттестіріңдер; Ол үшін:магний ұнтағының 3грамын сынауыққа салып, үстіне сұйытылған күкірт қышқылын ерітіндісін құйыңыздар. Өзгеріс барма? Болған соң, қоспаның соңғы температурасын сынауықты түбін байқап ұстап қарап анықтаңыз, өзгеріс нәтижесін кестеге толтырыңыз.

3-тәжірибе

Калий хлоридін суда ерітіңдер;

Сынауыққа калий хлоридінің 3 г ұнтағын салыңыз.

Үстіне суды цилиндрге өлшеп сынауықа құйыңыз.

Сынауықтағы ерітіндіні тұз ерігінше араластыр. Сынауықтың түбін ұстап көріңіз. Өзгеріс барма? Өзгеріс жоқ болса,алынған ерітінді қыздырамыз. Неге? Реакция қандай жағдайда жүреді, бұл реакцияға қандай жатады.Нәтижесін кестеге толтырыңыз.

4-тәжірибе

Лимон қышқылымен мен натрий гидрокарбонатын әрекеттестіріңдер. Ол үшін:сынауыққа натрий гидрокарбонатын 3грамын өлшеп салыңыз. Үстіне 3 мл лимон қышқылының (C6H8O7) керекті мөлшерін өлшеп құйыңыз. Қоспаның соңғы температурасын білу үшін сынауықтың түбін ұстап көріңіз.Өзгеріс болмаса, сынауықты қыздырамыз. Неге?Бұл қандай реакцияға? Тәжірибе нәтижесін кестеге толтырыңыз.

Температура өзгерісі (тәжірибе бойынша)

Энергия өзгерісі

Реакция атауы, белгісі

(Экзотермиялық, эндотермиялық)

1




2




Саралау: Диалог-қолдау көрсету, жауап бойынша саралау

Тапсырма 1 Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс»әдісі ( 5-минут) (ЕББҚ жеке қолдау көрсетіледі)

Сыныппен жұмыс bilimland платформасы 1 жаттығу

Процестердің дұрыс сипаттамасын табыңыз

1.Бұршақ пен топырақты араластыру


А. Реакция кезінде жылу бөлінеді

2.Натрий гидросидінің суда еруі

Б.Процесс жүруі үшін жылумен қаматамасыз ету

3.Иодтың сублимациясы

4. Фильтрлеу

5 Калий пермаганатын ыдырату арқылы оттекті алу

В. Процесс кезінде жылу тасымалданбайды

6.Газ жанарғысы қосулы тұруы

Кері байланыс беріледі. Білімләнд платформасына кіріп дұрыс жауаппен салыстыралады. Саралау: нәтиже

Жұппен жұмыс 4-минут

Сәйкестендіру тапсырмасы

Реакциялардың қайсысы эндотермиялық, қайсысы экзотермиялық екенін сәйкестендіріңіз

Термохимиялық теңдеулер

Раекция түрлері

1.СО2 + Н2 ↔ СО + Н2О - Q

А.Экзотермиялық

В.Эндотермиялық

2.H2 + J2↔ 2HJ – 50кДж

3.CH4 +2O2↔ CO2+ 2H2O + 892 кДж

4.С+О2↔ СО2+ 402 кДж

5.C2Н6 ↔ C2Н4 + Н2

Саралау. Жауап бойынша саралау

«Мәтінге негізделген тапсырма»

Тапсырма 3 минут

Күкірт бар отындардың жануы, автокөліктердегі жанармайдың жануы, жылу электростанциялардың жұмысы, металдарды өңдеу, найзағайдың от шашуы, жанартаулардың атқылауы процестері нәтижесінде күкірт және азот оксидтерінің ((NO)x, (SO)x) ауадағы мөлшері артады.

Химиялық реакциялар олардың қоршаған ортаға салдары көрсетілген жауапты таңдаңыз.

4NO2(г) + O2(г) + 2H2O(с) = 4HNO3(сулы); жаһандық жылыну

3CH4(г) + 4O2(г) = C(қ) + 2CO(г) + 6H2O(с); парниктік эффект

S(г) + O2(г) = SO2(г); қышқыл жаңбыр

CH4(г) + 2O2(г) = CO2(г) + 2H2O(с); тұмша

Саралау: қолдау, жауап бойынша саралау


Суретке қарап жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

















Жаңа ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа ұғымдар:

экзотермиялық эндотермиялық реакциялар;

Экзо-сыртқа,

эндо –ішке)

жылу эффектісі,

термохимиялық теңдеулер.












































Суреттерге қарап жауап береді,

Экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларды ажыратады,

реакция белгілерін анықтайды;
















Командамен нұсқаулықты оқып, талқылайды, болжайды, өз ойларын ортаға салады, сосын

тәжірибені орындайды.


Нәтижесін дәптерге кесте түрінде жазады.

































bilimland платформасындағы 1 жаттығу орындайды.

Білімләнд платформасынадағы дұрыс жауаппен салыстыралады.

«+» «-» белгілерін қою арқылы өзара бағалау жүргізеді.















Жұппен сәйкестендіру тапсырмасын орындайды,

дескриптор арқылы жауап бойынша «+» «-» бағалау жүргізеді.










Мәтінді оқып, дұрыс жауапты таңдайды.

ҚБ. Ынталандыру «Жарайсыздар!»


ҚБ мадақтау арқылы жарайсыздар!




























ҚБ Өте жақсы, жарайсың,жақсы






Үш шапалақ





























ҚБ. Мадақтау. От шашу




















Топтық өзара бағалау

Дескриптор

Білім алушы:

экзотермиялық, эндотермиялық реакция кезіндегі температура өзгерісін жазады;

экзотермиялық, эндотермиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісін жазады;

экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларға белгіні дұрыс қояды, реакция типін жазады.

4 балл










































Өзара бағалау

Дескриптор

Білім алушы:


Процестердің дұрыс сипаттасын табады;

3-балл







Өзін-өзі бағалау

Дескриптор

экзотермиялық, эндотермиялық реакцияны анықтайды;

2 балл




Өзін-өзі бағалау

Дескриптор:

Химиялық реакциялар олардың қоршаған ортаға салдары көрсетілген жауапты табады.

1 балл

Слаид 4-6

Презентация



















Видео

Платформа

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/ehndotermiyalyq-zhane-ehkzotermiyalyq-reakcziyalar

































Презентация









Қосымша 2

Жұмыс парағы



































Слаид





















Қосымша-3

Оқулық 83 бет


Платформада жұмыс

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/ehndotermiyalyq-zhane-ehkzotermiyalyq-reakcziyalar






Қосымша -4

Жұмыс парағы











Қосымша 5









Сабақтың соңы

5 минут



IV.Сабақты қорытындылау.

(оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу):

Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың?

Берілген сурет бойынша энергия мен температура өзгерісіне қарай қай сынауықта экзотермиялық, қай эндотермиялық реакция жүрді?

Кері байланыс орнатылады

Үй тапсырмасы

Жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсері тақырыбына презентация немесе видеоролик дайындау;(2-минуттық)

Рефлексия

Мен

  • ...білдім

  • ...түсіндім

  • ...қолдандым

Оқушылар оқу мақсаты бойынша ауызша жауап береді










Сілтемемен кіріп рефлексия жасайды

https://www.mentimeter.com/app/presentation/al9c971hgjk88o5r4iewq2b5avobuuu1/39tv9cu1um5t/edit

Жарайсыздар!







Оқушылар сабақ барысында балдарын белгілеп отырады, сабақ соңында

мұғалімнің жиынтық бағалауы жүргізіледі

«Бәйге»әдісі бойынша қорытындысы шығады

(тақтаға ілінеді)



Слаид 7-8-9
















Платформа mentimeter. com


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12