400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ел бақыты - Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне жазылған шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызыл таң» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Керімбекова Айгүл Балқыбекқызы



Ел бақыты – Тәуелсіздік

Қазақстан – біреулердің тартуы емес,

олардың тарихи Отаны.

Н. Ә. Назарбаев

Менің Отаным – Қазақстан! Отан деген сөз – баршамыз үшін қастерлі де, қасиетті сөз. Оның түпкі мәнінде туған халқымыздың тарихи кезеңдері, ел, мемлекет болу белестері, осы жолда күрескен ата-бабаларымыздың ерліктері мен қаһармандық жолдары жатыр.

Қазақ елінің бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны – тәуелсіздік. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы ғұн, сақ, қаңлы, қыпшақ замандарының кешегі шерлі «Желтоқсанға» дейін сан ғасырлық шежіресі бар. Жері қандай кең байтақ болса, жаны сондай дархан елімнің көрген құқайы аз емес, егемендік екі аттам жер емес екен. Сан ғасырлар көкірегінен мұң кетпеген, иығынан қасірет-қайғы түспеген қазақ еліне тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздікке ұмтылған күресін бір сәтте тоқтатқан жоқ. Ол күрес қолға қару алып, атқа қонудан бастап, ұлтжанды арыстарымыздың парасатты амал-айласы түрінде жалғасып отырды. Арғысын айтпағанда, екі жүз жыл патшалық Ресейдің отарында Абылай ханның тұсында Қабанбай, Наурызбай сынды батырларымыз елін қорғаса, елдің тыныштығын, бірлігін көздеген, қара қылды қақ жарған Төле, Әйтеке, Қазыбек сынды билеріміз болды. Қылышынан қан тамып тұрған сталинизм заманында елім талай боздақтарынан айрылды, солақай саясат талай асыл ерлеріміздің мойнына қыл бұрау салды. Сәкен, Ілияс, Ахмет сынды ұлтымыздың зиялылары жалындап келе жатқан шағында үзілді. Қазақ елін қайсібір «қаңғып келген шүрегей» басқарып, ел тағдырын елемей, халықты аштыққа ұшыратып, сары даланы өлік сасытып, кері саясат жүргізгенін ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Жетпіс жыл Кеңестік империяның құрамында болып, өз билігіміз өзімізге тимей тілімізден, дінімізден айырылуға шақ қалған ел едік. Алаш ұранын көтерген арыстарымыздың да көксегені азаттық еді. Барлығы да елінің тәуелсіздгі мен халқының тыныштығы үшін қажымай, талмай күресті. Тәуелсіздіктің дабылындай болып, кеңестік жүйені дүр сілкінтіп, халықтың қалғыған санасын оятқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Тәуелсіздік үшін күрес қанша қасиетті болса, сол күрес тарихы да, оның қаһармандарының есімдері де қасиетті.

Тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткіздік. Бұл күн – Қазақстан тарихында «Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұдан соң еліміздің сенім жүгін арқалап, өрге апарар басшысы сайланды. Ол Абылай хан заманынан кейін қолдан сусылдап түсіп кеткен тізгінді өз қолына алған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. «Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып» Ата заңымыз бен рәміздеріміз қабылданып, туған тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Астанамыз Алматыдан Ақмола қаласына көшіріліп, жаңа астанаға жаңа өмір сыйлап, оған «Астана» атты жаңа есім берілді.

Өзіңмен қазағымның бағы ашылды,

Туғызған ел едік қой сан асылды.

Ақмоланы Астанаға ауыстырып,

Аты қандай бүгінгі жарасымды! – деген ақын жырларында Елбасы шешімінің дұрыстығы паш етілді. Сондықтан, егемен Қазақстан азаматтары үшін Астана – еліміздің өміріндегі жаңа дәуір белгісі.

Енді міне, ең ірі мемлкеттермен тереземіз тең. Ақылды да, айбынды елбасымыздың басшылығымен жас мемлекетіміз іргелі ел болды. Әлемнің небір аузымен құс тістеген тәкаппар елдерімен тең тұрып, тілдесетін күн де туды. Кең-байтақ еліміздің асыл қазына билігі өз қолымызға тигенін байқаған дүниенің түкпір-түкпіріндегі мемлекеттер назары елімізге ауа бастады. Туған еліміздің келбеті де өзгерді. Неше түрлі ел қызығарлық байлықтары да жетерлік. Дініне, нәсіліне қарамай Қазақстандағы ұлттардың барлығы да тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Жер бетінің әр жерінде қат-қабат қатерлі оқиғалар болып жатқан қазіргі кезде, құдайға шүкір, Қазақстанда ең негізгісі, ұлт арасындағы тыныштық, бірлік, татулық сақталуда. Әрине, мұндай тыныштық бізде, ең алдымен, Елбасымыз Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт отбасына бір туған бауырындай қамқорлық жасауының нәтижесінде жүзеге асуда.

Қазақстан 2010 жылы ТМД елдерінің арасында алғаш рет ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, ал Астана тарихи Халықаралық саммитті өткізетін ордаға айналды. Тағы бір тарихи жетістігіміз – Қазақстанның елордасы Астанамыз 2017 жылы ең мәртебелі халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізіп, өз отандастарымыз бен шет елдерден қаншама қонақтар келіп тамашалады. Ел Президентінің жетекшілігімен еліміздің қол жеткізген табысының бір парасы осындай. Көреген Елбасымыз еліміздің бүгінін ғана емес, ертеңгі гүлденген өміріне де ойлы көзбен қарап отыр. Тәуелсіздігіміздің тірегі, тұңғыш Президентіміз белгілеген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Әрбір жолдауында елді дағдарыстан шығару, ел экономикасын көтеру, ішкі және сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздігіміз, соның ішінде халықтың әл-ауқатына, денсаулығына, мектеп оқушыларына, жас ұрпаққа ерекше мән береді. Жастарымыздың шет елдерде білім алуларына жағдай жасалып отыр. Соның дәлелі мен оқып жатқан «Қызыл таң» мектебі зәулім, үш қабатты үлкен ғимарат етіп салынды. Ауылдарда жаңа үлгідегі ауруханалар салынды. Жолдар төселіп, жаңартылды. Егемендік алғалы бері еліміз тек биіктерден көрінуде. Сонымен қатар, Қазақстанның экономикасы тұралап қалған басқа да қалалары етек-жеңін жинап, жаңарып, бой көтере бастады. Әлемдік деңгейдегі түрлі білім, спорт, өнер жарыстарында тек қана жүлделі орындарға ие болып, елімізді таныта түсуде.

«Бостандық пен тәуелсіздік жеңіп алу жеткіліксіз,оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет» – дейді еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен, тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстан Респуликасын әлемдегі жоғары дамыған мемлекетке айналдыру – біздің болашақтағы мақсатымыз.

«Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас,кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың қөкті тіреп,

Қазағым сен қашанда тұғырдасын!» – деп Ербол Шаймерденұлы жырылағандай, халқымның тілеуімен келген тәукуелсіздігіміз баянды болғай! Әнұранымыз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Туымыз көкте шарықтай берсін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі