Тақырыбы: Елбасы туралы
1000 сұрақ ҚарақойынЖОББМ-нің Бастауыш сынып мұғалімі Жакупова
Арайлым Зейнуллаевна
Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың әлемінің аса ірі мемлекеттері мойындаған Президент
екенің таныту, саяси сауаттылығын арттыру;оқушылар білімін
кеңейту,ой өрістерін дамыту,елбасымызға деген құрмет сезімдерін
тереңдету; Қазақстан Республикасының өркендеуіне өз үлестерін
қосатын оқушылар тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Н.Ә.Назарбаевтың
портреті,Қазақстан Республикасының картасы,Рәміздер,қанатты
сөздер,кітаптар.
Түрі:сайыс
сабақ.
Барысы:I-ұйымдастыру.
Армысыздар,құрметті оқушылар
мен ұстаздар! 1-желтоқсан Тұңғңыш Президент күнін атап өтуге
арналған апталыққа орай сіздермен «Елбасы туралы 1000 сұрақ» атты
сайыс өткізгелі отырмын.Жалпы сіздердің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев туралы білімдерінізді одан әрі толықтыру мақсатында
өткізіледі.Ортаға қатысушы оқушыларымызды щақырамыз . Қатысушылар
екі топқа бөлініп,өз орындарынызға отырыңыздар. Сайысымызды
бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап
алайық.
1.11-сынып оушысы: Қажығали
Ақжол.
2.Ағылшын пәнінің
мұғалімі:Орынбекова Айнұр
Сайыс 8 кезеңнен
тұрады:
I-топтың атымен,ұранын
таныстыру.
II-Бәйге.
III-Сергіту сәті. «Жұлдызынды
танда» ойыны
IV-Балалық шағымның аспаны
(кино фильімінен үзінді көрсету).
V-Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан
тапсырма.(постер қорғау)
VI-Елбасының
шығармашылығы(өлең жолдарын мәнерлеп оқу)
VII-Кел,билейік,достар!(бой сергіту
жаттығулары)
VIII-Деңгейлік тапсырма.
Әр кезеңнін соңында әр топтың ұпай сандарын
әділқазы аплқасы анқтайды.Сайысымызды бастамас бұрын кішкене
бүлдіршіндерміздің Е лбасына деген шағын тартуын қабыл алыңыздар.Ортаға 5-
сынып оқушылары шығып,өлең жолдарын мәнерлеп жатқа
айтады.
Гүлназ:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.
Елбасы,алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына.
Бар әлемге шын танылдық міне,біз.
Елін сүйген Елбасы деп бьілеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаханға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Айзада:
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, ділім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім»,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де әніміз.
Халқым айтқан «Жер көтерер ел даңқын».
Президентім Елбасы аман болғай,Мәңгі жаса, жас қазағым, өр
халқым!
Ақбота:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік
қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр
қалдыр.
Камилла:
Аман бол, ел ардағы, ел арманы,
Сезімің-қызғалдақ гүл қоғамдағы.
Батырсың баяғыдан күткен елің,
Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.
Аман бол, сәулеңді шаш төңірекке,
Жалғасыңа жасырмаймын көп ретте.
Шығарды тарих анаң қалап сені,
Халқыңды бастайтұғын ер керекте.
Аман бол, алтын жүрек дана басым,
Ел үшін өлімге де бара аласың.
Буының бүгілмесін ел алдында,
Ертең де еңбегіңді бағаласын.
Аман бол, бір туған ел анадан,
Жамандық өтпес болсын шекерарадан.
Еңсесі аласармай жүреді еркін,
Елімнің жолы болсын деген адам.
Анар:
Астана - қазағымның бас қаласы,
Арқада бас көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа-
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
Ауыр сын, қиындықтан жасқанбаған,
Сарыарқаға көш бастап басқан қадам.
Бүгінде дос сүйініп, әлем танып,
Атағы Астананың аспандаған.
Желбірейді көк байрағың көгіңде,
Кереметсің көрік берген өңірге.
Ғаламдағы ғаламаттың бірі боп,
«Бәйтерегің» жарқырап тұр төріңде.
Дильназ:
Шығындап қиыр шеттің танып бәрін,
Уа, жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын,ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара, Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Елбасымыз биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Ал
,енді сайысымызды бастайық.Оқушылар барлығы мұқият дайын
болғандықтан I кезеңімізді бастаймыз
1.
« Зияткерлер » тобы өз топтарының атымен және ұранымен таныстырып
өтеді.Т оптың атауына шағын түсінік беру,ұранын жатқа айту
керек.
2.
«Зерек »тобы өз топтарының атымен және ұранымен таныстырып өтеді.Т
оптың атына шағын түсінік береді.
Әділқазы алқасытоптардың ұпайын қоцып,әр топтың
ұпай санын шығарып отыру.
«Зияткерлер »тобының сұрақтары.
1.Н.Ә.Назарбаевтың туған жылы,айы ,күні?(1940жылы
6-шілде)
2.Туған жері? (Іле Алатауы баурайындағы Үшқңыр
жері)
3.Елбасының аначының аты
кім?(Әлжан)
4.Анасы қай жылы дүниеге
келген?(Әлжан 1910жылы ,Жамбыл облысы,Қордай ауданының,Қасық
ауылында молданың отбасында дүниеге
келген.)
5.Елбасы қай жерде оқыды?(Украинадағы
Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы
кәсіптік техникалық училище)
6.Украиндық досының аты кім?(Николай
Литошко)
7.Днепродзержинскіде қанша жыл
оқыды?(1,5жыл)
8.Училищені бітіргенде қандай куәлікке ие
болды.(Домна пешінің сегізінші разрядты горновой куәлігіне ие
болды)
9.Н.Ә.Назарбаевтың қандай кітаптары бар?(
«Ғасырлар тоғысқанда», «Тәуелсәздік белестері», «Қазақстан жолы»,
«Ой бөлістім халқыммен т.б)
10.
студенттерге арналған оқу орыны қалай аталады? (Назарбаев
Университеті)
11.Қазақстандағы Президент атымен аталатын
мектептер қалай аталады? (Назарбаев Зияткерлік
мектебі)
12.Президентіміздің сөзіне жазылған әндер?(
«Ұшқоныр», «Елім менің», «Жерім менің»).
13.Назарбаев қанша жасында Президент болды?
(50жаста)
14.Қазақстан РеспуюликасыныңПрезиденті
мемелекеттің жоғары лауазымды тұлға ретінде дербес рәміздері?
(Қазақстан Республикасының Президентінің төсбелгісі, Президент
жалауы)
15.Қазақстан Президентінің төс белгісінде қандай
жазу бар? (Қазақстан Президенті)
16.Президент байрағы қайда орнатылады? (Мемлекет
басшысының резиденциясына, Қазақстан Президентінің көліктеріне
орнатылады)
17.Қазақстан тұңғыш Президент күні?
(1-желтоқсан)
18.президентіміздің лауазымдық мәртебесі?
(Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,Елбасы (Ұлт
көшбасшысы)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас
қолбасшысы,Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің
төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан»
халықтық – демократиялық партиясының
Төрағасы,Қазақстан республикасы Президенті
жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы,Қазақстан
Республикасы президенті жанындағы Кәсікерлер кеңесінің төрағасы,
Қазақстан республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің
төрағасы,Назарбаев Университетінің Жоғары қамқорлық кеңесінің
төрағасы.
«
Зерек»тобына қойылатын
сұрақтар:
1.Елбасының әкесінің аты кім?
(Әбіш)
2.Елбасының атын кім қойған?
(Әжесі)
3.
Әжесінің аты кім№ (Мырзабала)
4.Н.Ә.Назарбаевтың әкесі қай жерде дүниеге
келген? (Әбіш 1903жылы Алатаудың бөктерінде,назарбай бидің
шаңырағында дүниеге келген).
5.Қазақстан магниткасы Қарағанды металлургия
зауытының өмірге келген күні? (1960 жылы 3-шілде)
6.Елбасының бітірген жоғарғы оқу орны? (Қарағанды
политехникалық институтының «Қара және түсті металл құйма
өндірістік бөліміне» түсіп, 3жыл оқып,Теміртаудағы қарағанды
металлургия зауытының жанынан қайта құрылған зауыт-втузға
ауыстырылды, инженер- металлург дипломымен бітіріп
шықты)
7.н.Ә.Назарбаевтың жұбайы? (Сара Алпысқызы
Назарбаева)
8.Елбасының балалары? (Дариға,
Динара,Әлия)
9.Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық
қорының негізін салушы және президенті кім? (Сара
Алпысқызы)
10.
Қазақстандағы президент атымен аталатын мұражай? (Қазақстан
Республи-касы Тұңғыш Президенті мұражайы)
11.Презиндентіміздің білімділерге арнаған қоры?
(Назарбаев білім қоры)
12.Президенттің студенттерге арнаған шәкіртақысы
қалай аталады? (Президенттің «Болашақ» халық аралық
степендиясы)
13.Президентіміздің балалық шағына арналған фильм
қалай аталады? (Балалық шақтың аспаны)
14.Фильмнің режесері кім? (рүстем
Әбдірәшев)
15.Қазақстан республикасының президенті
төсбелгіні қай кездерде тағады? (Ұлықтау рәсімінде, мемлекеттік
мерекелерде, әскери параттарды өткізуде және шет мемлекеттердің
ресми тұлғаларын қабылдау кезінде тағады)
16.Президенттің тағы бір рәмізі? (Президент
Байрағы)
17.Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы
және оның айырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы»
жарлық қашан бекітілді? (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 1995 жылы 1-желтоқсандағы қаулысымен
бекітілген)
18.
президентіміздің лауазымдық мәртебесі? Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті,Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас
қолбасшысы,Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің
төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан»
халықтық – демократиялық партиясының
Төрағасы,Қазақстан республикасы Президенті
жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы,Қазақстан
Республикасы президенті жанындағы Кәсікерлер кеңесінің төрағасы,
Қазақстан республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің
төрағасы,Назарбаев Университетінің Жоғары қамқорлық кеңесінің
төрағасы.
III- кезең: Сергіту сәті өткізу кезіде келіп
жетті. Біз сіздермен «Жұлдызынды таңда» ойының ойнаймыз. Ойынның
шарты әр топтан бір оқушыдан шығып өз жұлдызын таңдап алады.
Жұлдызшаның келесі бетіндегі берілген сұрақты оқып, сол жерде
тапсырманы орындауы керек. Сұрақтар қызықты әрі жеңіл, жауап беріп
болған оқушылар жұлдызшаны келесі бетке жапсырып қояды. Ойынымызды
аяқтап келесі кезеңге көшейік.
IV
– кезең: Елбасымыздың бүкіл өмір баяны жайлы фильмде шықты, қазір
біз сол фильмнен үзіңді тамашалаймыз. «Балалық шақтың аспаны» кино
фильмінен үзіңді. Оқушылар қандай ой түйіп әсер алғандары жайында
айтып өтеді. Қысқаша үзіңдісін сомдаулары қажет. Әр топ кезең
соңында ұпаймен үлестіріледі.
V –
кезең: Бұл кезеңде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтын қазақ халқына жолдауынан
оқушвларға үйге тапсырма берілген болатын, елбасының жолдауында
білімге деген ерекше көңілі, еліміздің білімді, патриоттары,
тәрбиелі, білімді ұрпақ өсіруіміз керек екені жайлы айтылады.
Келешегіміз жарқын әлем болуына бәріміз бірігіп, ұмтылуымыз керек
екені жайлы айтылады. Еліміздің өскелен жас ұрпақтары білімсіз
қалмауы үшін «тегін оқыту техникасы» ашылуы жайлы айтып өтті. оқу
бітірген соң отбасы жағдайына қарай көп оқушылар қалаған білім
орындарына қаражаттары жетпей жатады. Сол себепті осындай
мүмкіндіктер ұйымдастырылып жатыр. Бұл мүмкіндіктерді келгенше
қажет ететіндерге көп көмек. Еліміздің өсіп өркендеуіне көп үлесін
қосары анық. Әр топ өздері ақылдасып ойларын постерге түсіру, және
оны қорғау, қандай ой түйгендеріңізді айта өтсеңіздер. Әр топты
ұпаймен үлестіріп отыру керек. VI
– Елбасы шығармашылығы (өлең жолдарын мәнерлеп оқу) әр топ
мүшелерінің ішінен бір-екі оқушы шығып,Елбасының шығармашылығынан
өлең үзіңдісін мәнерлеп оқиды. Өз ретімен әділқазы алқасы да
ұпайларын үлестіруде. Олай болса келесі кезеңге
өтейік.
VII
– сіздерді «Кел,билейік,достар!» атты шағын би алаңына шақырамын.
Барлығыңыз ортаға шығып би-билейік. Денемізді шынықтырып, бұлшық
еттерімізді сергітіп алайық. Сіздерге көп рахмет!
V III – Бұл кезеңде берілген деңгейлік тапсырмалар
берілген. Әр топтан бір оқушыдан шығып, деңгейін өздері таңдап
тапсырмаларды алып оқиды. Берілген сұрақтарға тез әрі нақты жауап
берулері керек. Барлық оқушылар қатысып, кезең аяғына жеткенде, сөз
кезегін әділқазы алқасына береміз. Екі топтың ұпай санын анықтап
толық ұпай сандарын айтады. Әр топты жеке – жеке
марапаттау.\
Жеңген топқа «Мақтау қағазы», жеңілген топқа
«Алғыс хат» табысталды. Осымен сайысымыз аяқталды. Ерекше ынтамен,
ықылас пен белсеңділік танытқандарыңыз үшін көп рахмет! Қош
сауболыңыздар!