Материалдар / Ел бірлігі – ең асыл қасиет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел бірлігі – ең асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстан өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2018
974
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ел бірлігі – ең асыл қасиет


Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстан өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.


Барысы.


Сахнаға ұлттық киім киінген оқушылар шығып, Қазақстан елінің әнұранын орындайды.


1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен студенттер және бір қара шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп, татулықты ту етіп көтерген құрметті Қазақстандықтар. Міне бүгін аспанымыз ашық, заманымыз тыныш және 1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күнінде сіздермен бас қосып отырғанымызға қуаныштымыз. «Ырыс алды - ынтымақ» қанатты қағидасы елдігіміздің, ерлігіміздің, бірлігіміздің мәңгі бой тұмары бола берсін! Сонымен қоса колледжіміздің дәстүріне айналған «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.


2-жүргізуші: Әссалам, һорматлик меһманлар!

Қазақстан мәмликитимиздә әркин яшап, әмгәк қилип, билим еливаткан хәлиқләр достлуғн ипадиси супитидә бизиин бүгүнги «Бәрәкә баши - бирлик» мавзусида өткүзилидиған очуқ дарс саатимизни башлашқа рухсәти етинлар.


3-жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые учителя и студенты. Разрешите начать наш праздник, посвяшенный «Дружбе народов», который отмечается в нашей стране 1 мая.


1-жүргізуші: Мемлекетімізде әрбір ұлттың құқығы заң алдында жан-жақтама қорғалып, олардың атқару жолдары оңтайлы жолға қойылған. Осыны айғақтау үшін ендігі кезекті колледжіміздің студенті ______________________________ баяндамасына кезекті береміз.


Баяндама: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет»

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскенін, еліміздің барлық жағынан дамып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға жақындап келе жатқанын Елбасы тайға таңба басқандай, нақты мысалдармен дәлелдеп келеді. Көптеген мемлекеттер жеталмай отырған жетістіктерге біздің еліміз жетті. Оған біздер елдегі қалыптасқан тұрақтылық, бірлік, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткіздік. Біз ұлттық рухты сақтап қалудың шарты – сырттан жау іздемей, өзіміздің ұлттық табиғатымызды орнықтыру мен байыту деп білеміз. Бүгінгі таңда біздер, еліміздің алға басқан әр қадамы болашаққа деген нық сенімділікке бастап, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы беделі мен абыройы жылдан-жылға артып отырғандығының куәсі болып отырмыз. Қазақстан – халықаралық беделді ұйымдардың ыстық ықыласына бөленіп, дамушы елдердің назарында жүрген мемлекет. Бұған елдегі береке – бірлік пен ынтымақтықтың себеп болып жатқаны ақиқат. Шын мәнінде әлемнің кейбір жерлерінде дүрдараздық пен берекесіздік белең алып тұрған шақта Қазақстандағы 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруі өзгелерге өнеге дер едік. Елімізді мекендеген әр бір ұлттың азаматтық құқығын жоғары бағалап, тілі мен дінінің, салт-дәстүрінің дамуына мемлекеттің әрқашан өзі тарапынан қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Ең бастысы, осы ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында, бейбіт өмір сүруі. Соны мен аз ғана ұлт өкілдерінің ана тілін ұмыт қалдырмауы. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының басты міндеті осыны қадағалау. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы – қазақ жерін мекен еткен көп ұлтты халықтың ынтымақта тең құқылы өмір сүруіне ықпал жасады.

Президентіміздің салиқалы саясаты және қазақ халқының сабырлы пейілі арқасында елде ұлттардың татулығы мен сыйластығының «Қазақстандық феномені» жаһанға үлгі болды. Ұлтаралық қатынастарды ұдайы реттеу әу бастан-ақ ішкі саясатымыздың негізгі бағдары ұлтаралық татулық саяси тұрақтылықтың кепілі саналды. Мемлекет өзге ұлттарды жасанды түрде ассимиляциялау, қысым көрсету шараларына барған емес, Конституцияның 19-бабына сәйкес, әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрін сақтауға, ана тілінде білім алуына, еркін өмір сүруіне құқықтық негіз жасалған. Елдегі қоғамдық келісімді сақтау, аз ұлттардың мәдени орталықтарын барынша қолдау мақсатында Қазақстан халықтар Ассамблеясына зор мүмкіндік берілді. Ендігі жерде Мәжілісте Қазақстан халықтары Ассамблеясына өкілдігінің болуы, біріншіден, бұл ұйымның мәртебесімен беделін көтерсе, екіншіден еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтымақтың одан әрі нығайюына әсер ететіні сөзсіз.

Біздің мемлкетіміздің этносаясатының негізгі бағдары: этностың бей саясилануы, ұлт ұғымынан азаматтыққа көшу, азаматтық қоғамды нығайту, барлық ұлттардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау, мемлекеттің идеялогиялық базасын арттыру, барлық ұлт өкілдерінің диалектикалық интеграциясын қамтамасыз ету. Әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы көп этникалық болғандықтан, өздерінің ұлттық саясатында жергілікті ұлтқа басымдық бере отырып, ұлттық азшылық өкілдерін де қорғау үшін примордиалистік және конструктивистік тәсілдеріне жүгінеді. Көптеген ұлт өкілдері тұратын Қазақстан жағдайында қазақ ұлты да конструктивистік негізде біріктіруші һам тұтастырушы міндетін атқармақ. Елдегі тыныштық пен ынтымақтастықты ұстау әр қазақтың ғана емес, барша Қазақстандықтардың міндеті болуға тиіс.


1-жүргізуші: Сәулесі бар көктемде таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың

Бүгінгі мерекеде паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.


1 – оқушы: Достық деген - өзіңмен мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы бір адам. Адалдық – достықтың ұлы заңы.

Жер бетінде мұндай достар

Еш нәрседен жасқанбас.

Бірі үшін тартар бәрі азап,

Дос үшін өзі тігер бас.

С.В.Михалков.


2 – оқушы: Руслар, қазақ һәм уйғур бизииң йекин достимиз. Шу достларниң ичидә әркин ойнап журдуқ биз.


3-жүргізуші: Қуаныш сыйлап көңілге,

Ән болып үні тараған.

Базаралы мынау өмірге

Бейкүнә көзбен қараған.

Ән: «Атамекен» орындайтын Айдарбеков Сұлтанбек, Рахман Байдос.


3 – оқушы: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұн тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы кең.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күндікті.

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең

«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті. Жұбан Молдағалиев.


2-жүргізуші: Оу, ағайын, даңғазалап дүрлікпе,

Бақыттың да барар жері бірлікте.

Көрелік көрсетерін қандай өнер,

Қыздарымыз мына сахна төрінде.

Испан биі. Орындайтын « » бишілер тобы.


1- жүргізуші: Келдің бе қайта және сен,

Қырмызы мамыр-ай әсем.

Дүниені тегіс күлдіріп,

Даланы гүлге толтырып.

Ендігі кезекті оқушыларымыздың бейбітшілік күніне арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар.


1 –оқушы:

Жүректе от жалынын өшірмейміз

Баланы соғыс үшін өсірмейміз.

Сол бір гүлдер солған гүлдер

Көргенбіз майдан салған бүлік

Жақсы леппен

Ақ ниетпен

Біз тілейміз бейбітшілік.


2 –оқушы:

В Казахстане –сердце настежь

Дверинастежь для друзей

Если друг приходит в дом

В доме веселей

Ходить спесной по дворам

Дружбы караван

Ты всегда в душей моей

Мирный Казахстан.


1- жүргізуші: Дән ексем жерге достық егер едім.

Бұлт болсам, соған тамшы себер едім.

Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға,

Дос үшін жылда айналып келер едім.

Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс түбі - өкініш,

Ойланып алмақ сабыр сол.


2-жүргізуші: Қазақиму охшашлиғин бар,

Ұйғуриму охшашлиғин бар

Қариғина маниму, достум,

Саңа шундақ охшашлиғим бар.

Донбураңни алғина, достум,

Атушунға чалғина, достум.

Дутарим да жор болайсаңа,

Дил отум боп янғина, достум!

Томуримиз бир қандин турса,

Гуруримиз бир ардин турса.

Бизии қандақ душмән айримақ,

Иоруғимиз бир тандин турса!


3-жүргізуші: Мы дружной семьею живем в Казахстане-

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов!

Дружба народов – не просто слова,

Дружба народов – на веки жива.

Дружба народов – счастливые дети,

Колос на ниве и сила в расцвете.

Мы за мир! И в мире добром жить хотим,

Маленьким и взрослым мир необходим.

Счастье жить на свете,

Счастье жить в труде.

Труд свой посвящаем

Миру на земле!


2- жүргізуші: Болғанда асыл –тастан, өнер жастан,

Өнерге талай ұрпақ ат салысқан.

Ілімнің мәдениетін жырға қосып,

Дарындарым жазыпты небір дастан.

Ендігі кезекті ФБ-11-1 тобының орындауында биін қабыл алыңыздар.


1- жүргізуші: Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер


4-оқушы: 1) Ырыс алды – ынтымақ.

2) Бірлік болмай, тірлік болмас.


5-оқушы: 1) Ынтымақтың түбі – игілік.

2) Тірлік, тірлік түбі – бірлік.


6-оқушы: 1) Ынтымақ болмай іс оңбас.

2) Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.


7-оқушы: 1) Татулықта табыс мол.

2) Аз да бітер, көп те бітер,

Татулыққа не жетер.


8-оқушы: Біршілік болмай,

Тіршілік болмайды.


9-оқушы: Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерде мені.

Тұманбай Молдағалиев.


10-оқушы: Елдің қамын ойласаң ер болғаның,

Алғашқы боп бәйгеден келді арманың.

Мені әбден, құлыным, қуантқаның,

Парасатпен, ақылмен елді алғаның.

Қолдасын хақ болмасын тілек ада,

Аға бол ұланыңа, адал бол ұраныңа.

Ел бақытты болмаса, ел бастаған,

Ер бақытты болмайды біл оны да.

Арман жайлы толғанам үміт жайлы,

Жана білсең жақсылық жуықтайды.

Елді сүйген жүрекпен өмір сүрсең,

Ел де сені ешқашан ұмытпайды.


11-оқушы: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


12-оқушы: Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін,

Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер-жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

Бүгінгі емес, ертең келер күн дн өзге,

Тұра бермес жалын атып нұр көзде.

Жұбымызды жазбайықшы, достарым,

Жалғыз-жалғыз жатамыз ғой бір кезде.

Сағи Жиенбаев.

3- жүргізуші: Кең байтақ Қазақстанымызда 130 –дан астам ұлтпен ұлыстың құтты мекеніне айналып отырған тәуелсіз елімізде татулықпен достық, ынтымақ пен бірлік салтанат құрса, ең басты байлық сол екенін айтуымызға болады. Ендігі кезекті ________________________________________________________________

оқушыларымыздың дайындаған көрінісіне береміз.


Қазақ:

Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар,

Бейбіт елдің біз ұланы.


Орыс:

Халықтар өмірді қорғайды.

Шырқаңдар кел достар әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде


Өзбек:

Ежелден халықтар бостандықты қалайды,

Ертеңгі күніне үмітпен қарайды.

Сондықтан әлемді арайлап,

Тыныштық ұраны тарайды.


Кәріс:

Барлық елге

Барлық жерде

Біз тілейміз – Бейбітшілік!


1- жүргізуші: Достыққа байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.


13-оқушы: 1) Дос басыңа қарайды,

Дұшпан аяғыңа қарайды.

2) дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.


14-оқушы: 1) Күлме досыңа, келер басыңа.

2) Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.


15-оқушы: 1) Досы көптің қасы көп.

2) Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.


16-оқушы: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қалмақ емес».

Аристотель.


17-оқушы: Нағыз дос бір-біріне тартылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы жаман айтар деп елемейді,

Бақ-дәулет сол адамнан айырылмайды.

Серәлі Еруәліұлы.


18-оқушы: Дос адам сарайыңды жұмақ етер.

Махмуд Қашғари.


19-оқушы: Досың мың болса да аз деп біл,

Дұшпаның біреу болса да сақтан.

Құтып.


20-оқушы: Жан қиыспас дос болсаң,

Сыйласумен жүресің.

Шашылып жатса, сыртынан-

Жинасумен жүресің. Құлан Алдабергенұлы.

2- жүргізуші: Достуқ һәққидә қандақ мақал-тәмеиләрии биләсиләр?


1-оқушы: 1) Достсиз адәм –қанатсиз қуш.

2) Достии сетивалғши болмас.


2-оқушы: 1) Пул тепилар, дос тепилмас.

2) Достлуқ сөз аччиқ.


3-оқушы: 1) Йеқин дост жирақтики туққандин якши.

2) Достии айрилғанда биләрсән.


4-оқушы: 1) Дост башқа күн чүшкәндә билинәр.

2) Дост хошалиқта билинәр.


5-оқушы: 1) Яхши дост жандин әзиз.

2) Ялған достун йеғидин яман.


6-оқушы: 1) Һөрмәт йоқ йәрдә достлуқ йоқ.

2) Бәхтингә хошал болған – сана дост.


7-оқушы: 1) Чапанниң йеңиси яхши достииң –кониси.

2) һәммидии қәдирлиқ нәрсә - досттур.


8-оқушы: 1) Достуңни билмәқчи болсаң, сәпәргә чиқ.

2) Дост көп, тоғриси аз.


3- жүргізуші: Пословицы


1-оқушы: Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

2-оқушы: Без друга на сердце выюга.


3-оқушы: Друг познается в беде.

4-оқушы: Дружба крепка не местью, а правдой и честью.


5-оқушы: Дружба облегчает жизнь

6-оқушы: Дружба – богатство безценное.


1-жүргізуші:

Тыныштық туралы биікке самғасын,

Тыныштық ұраны қиырды шарласын.

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп от басы қалмасын.

Ендігі кезекті

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»


1-жүргізуші: Гүлденіп жатқан Отанымыз Қазақстан елінің туын биіктете ұстап достығымызды нығайтамыз.


2-жүргізуші: Сабағымызды «4» пен «5»-ке оқып, Отанымызға адал еңбек етеміз.


3-жүргізуші: Колледжіміздегі барлық студенттерді бірлік қарым-қатынаста болуға шақырамыз.




























Ел бірлігі – ең асыл қасиет.


Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскенін, еліміздің барлық жағынан дамып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға жақындап келе жатқанын Елбасы тайға таңба басқандай, нақты мысалдармен дәлелдеп келеді. Көптеген мемлекеттер жеталмай отырған жетістіктерге біздің еліміз жетті. Оған біздер елдегі қалыптасқан тұрақтылық, бірлік, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткіздік. Біз ұлттық рухты сақтап қалудың шарты – сырттан жау іздемей, өзіміздің ұлттық табиғатымызды орнықтыру мен байыту деп білеміз. Бүгінгі таңда біздер, еліміздің алға басқан әр қадамы болашаққа деген нық сенімділікке бастап, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы беделі мен абыройы жылдан-жылға артып отырғандығының куәсі болып отырмыз. Қазақстан – халықаралық беделді ұйымдардың ыстық ықыласына бөленіп, дамушы елдердің назарында жүрген мемлекет. Бұған елдегі береке – бірлік пен ынтымақтықтың себеп болып жатқаны ақиқат. Шын мәнінде әлемнің кейбір жерлерінде дүрдараздық пен берекесіздік белең алып тұрған шақта Қазақстандағы 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруі өзгелерге өнеге дер едік. Елімізді мекендеген әр бір ұлттың азаматтық құқығын жоғары бағалап, тілі мен дінінің, салт-дәстүрінің дамуына мемлекеттің әрқашан өзі тарапынан қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Ең бастысы, осы ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында, бейбіт өмір сүруі. Соны мен аз ғана ұлт өкілдерінің ана тілін ұмыт қалдырмауы. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының басты міндеті осыны қадағалау. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы – қазақ жерін мекен еткен көп ұлтты халықтың ынтымақта тең құқылы өмір сүруіне ықпал жасады.

Президентіміздің салиқалы саясаты және қазақ халқының сабырлы пейілі арқасында елде ұлттардың татулығы мен сыйластығының «Қазақстандық феномені» жаһанға үлгі болды. Ұлтаралық қатынастарды ұдайы реттеу әу бастан-ақ ішкі саясатымыздың негізгі бағдары ұлтаралық татулық саяси тұрақтылықтың кепілі саналды. Мемлекет өзге ұлттарды жасанды түрде ассимиляциялау, қысым көрсету шараларына барған емес, Конституцияның 19-бабына сәйкес, әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрін сақтауға, ана тілінде білім алуына, еркін өмір сүруіне құқықтық негіз жасалған. Елдегі қоғамдық келісімді сақтау, аз ұлттардың мәдени орталықтарын барынша қолдау мақсатында Қазақстан халықтар Ассамблеясына зор мүмкіндік берілді. Ендігі жерде Мәжілісте Қазақстан халықтары Ассамблеясына өкілдігінің болуы, біріншіден, бұл ұйымның мәртебесімен беделін көтерсе, екіншіден еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтымақтың одан әрі нығайюына әсер ететіні сөзсіз.

Біздің мемлкетіміздің этносаясатының негізгі бағдары: этностың бей саясилануы, ұлт ұғымынан азаматтыққа көшу, азаматтық қоғамды нығайту, барлық ұлттардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау, мемлекеттің идеялогиялық базасын арттыру, барлық ұлт өкілдерінің диалектикалық интеграциясын қамтамасыз ету. Әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы көп этникалық болғандықтан, өздерінің ұлттық саясатында жергілікті ұлтқа басымдық бере отырып, ұлттық азшылық өкілдерін де қорғау үшін примордиалистік және конструктивистік тәсілдеріне жүгінеді. Көптеген ұлт өкілдері тұратын Қазақстан жағдайында қазақ ұлты да конструктивистік негізде біріктіруші һам тұтастырушы міндетін атқармақ. Елдегі тыныштық пен ынтымақтастықты ұстау әр қазақтың ғана емес, барша Қазақстандықтардың міндеті болуға тиіс.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!