Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ел-бірлігі-өз қолымызда" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
жарияланып отырған матепиал оқушылар мен ұстаздарға көмегі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Ел бірлігі - өз қолымызда».


Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-саналарын хабардар ету. Балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.


Көрнекілігі: Ту, шар, оракал.


Барысы:


1 – жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар және де тәуелсіз еліміздің тірегі еліміздің білімді болашағы, оқушылар! Бүгінгі «Ел бірлігі - өз қолымызда» атты мерекелік үлгілі сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:

Бүгін біз үшін үлкен мереке. Тәуелсіздік - біздің ең басты бақытымыз. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! - дей келе, бүгінгі үлгілі сынып сағатын ашық деп жариялаймыз.


2 - жүргізуші:

Жыр тербетсін тәуелсіздік таңда мына.

Ой өрбітсін жас талант талғамына.

Екінші «Ә» сыныбы ән салады,

Ал ағайын ендеше алдарыңда.

Хор: «Біз бақытты баламыз»

Әдеби монтаж:


1 - жүргізуші:

Еліміздің болашағы білімді жастар. Ал жастардың міндеті осындай кең байтақ жерімізді абыроймен қорғау.


2 - жүргізуші:

Келесі кезекте осындай дархан даламызды және айнымас достығымызды жырға қосқан ақындарымыздың өлеңдеріне кезек берейік.

1-оқушы.

Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанаты қыраны,

Еркіндігі халқымның.

2-оқушы.

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілейміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан.

3-оқушы.

Істегенде бір істі,

Жұмылайық бәріміз.

Әрі жұмыс тез бітер,

Біргеміз әрі біз.

4-оқушы.

Әр алуан тірлікпен

Әлемде жатыр мыңдап ел.

Айнымас достық, бірліктің

Аймағын көрсең мұнда кел.

5-оқушы.

Жалғыздықты қойыңыз.

Жалғызда күш болмайды.

Біз дегенің бірлік қой,

Достық гүлі солмайды.

6-оқушы.

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

7-оқушы.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ жері өнерлі, өсиетті

Египетті билеген Бейбарыстай

Елі текті, киелі, қасиетті.

8-оқушы.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім

Азап жүгін ел жауын қуған ері

Әділет пен бірлікке жанын қиып

Әділ өткен билердің туған жері

9-оқушы.

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері

Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі

Елі кедей болмаған, жері байтақ

Едігедей, Бабырдай шерлер елі

10-оқушы.

Мәнге толы қазағымның ғұмыры

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры

Кеше ғана керексіз ғып тастаған

Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

11-оқушы.

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй, Отанды

Шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал, ойына, қырына да

12-оқушы.

Ел болдың ерік алдың астаналы

Енді кімнен қазағым, жасқанады

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.


1 - жүргізуші:

Қалайша бүгін біздер қысыламыз.

Шабытты көгімізге ұшырамыз.

Жұптасып билейтін вальс биін,

Алдарыңа көпшілік ұсынамыз.

Би «Вальс » қарсы алыңыздар.


2 - жүргізуші:

Ата-бабамыз айтқан ғой, «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп. Иә шынында «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау алау болса ауыздағы кетеді» емес пе? Кең байтақ еліміз-Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін, кеңпейілділігін білдіреді. Татулығымыздың арқасында әр адам өз ойын ашық айта алатын елміз. Ата заңымыз ынтымағымыздың алтын көпірі секілді.


1 - жүргізуші:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының рухани жаңғыру жайлы айтқан пікірінде «Туған жерге туыңды тік» деген сөзі көпшіліктің назарында емес пе? Туған жерімізді көркейту әр азаматтың борышы деп түсінеміз.


2 - жүргізуші:

Көрініс: «Туған жер».


1 - жүргізуші:

Үміт, біздің сыныпта талантты оқушылар көп екеніне сенесің бе?


2 - жүргізуші:

Иә, Ғани. Талантты оқушы дегеніміз - сабақты жақсы оқып қана қоймай, өзінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жетік меңгерген, тарихын тереңнен қозғай білетін жастар емес пе?! Дәстүрімізді дәріптеп жүрген аяулы аруларымыз тағы да тамаша бір би билеп жіберсе қалай қарайсың?


1 - жүргізуші:

Әрине. Келесі кезекте біздің сыныптың айдай сұлу арулары «Құстар биін» билейді. Қарсы алыңыздар.

Би: «Құстар биі»


1 - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Бүгін біздің осындай керемет үлгілі сынып сағатын өткізіп отырғанымыз Тәуелсіздігіміздің жемісі емес пе? Осы тәуелсіздікке өлшеулі үлес қосқан біздің батыр нәзік жанды азаматшаларымыз да бар. Қазақ халқы Әлиясын, Мәншүгін ешқашан жадынан ұмытпақ емес. Осы кісілердің ізін жалғаушы араларыңызда Үміт қыздарыңыз «Мен қазақтың қызымын» деп ән салады. Қарсы алыңыздар.

Ән: «Мен қазақтың қызымын»


1 - жүргізуші:

Өлеңмен жүректерге саламыз із.

Осындай қуаныштарда жанамыз біз.

Екінші сынып әлі сәби болғанменен,

Өнер еді ежелден қалауымыз.


2 - жүргізуші:

Сабақты жақсы ғана оқып қоймай,

Әлі талай алдарыңда жанамыз біз.

Қуыршақ биіне де кезек келді.

Хабарламай қалайша қаламыз біз.

Кішкене қошеметтеп жіберейік.

Жалғыз қояр біздің сол талабымыз.


1 - жүргізуші:

«Қуыршақ биі»


1 - жүргізуші:

Әрқашан күніміз күліп тұрсын.

Біліміміз бойымызға сіңіп тұрсын.

Осындай жиі болып қуантайық.

Алдарыңда Ғани мен Үміт тұрсын.


2 - жүргізуші:

Қалғанымыз осыларға жалғау болсын.

Жастарда тек жақсылық таңдау болсын.

Көк туды желбіретіп жүрейік біз,

Әндеріміз бейбіт күнге арнау болсын.

Хор: «Көк тудың желбірегені»


Қорытынды:

1 - жүргізуші:

Қанша ұлт болсын,

Қанша салт болсын,

Ынтымағы жарасқан

Мәдениетті ел болсын.

2 - жүргізуші:

Татулығымыз берік, достығымыз адал, болашағымыз жарқын ел болайық, - дей келе, бүгінгі үлгілі сынып сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

Келесі кездескенше аман болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2020
809
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12