15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ел боламын десең - бесігіңді түзе" атты ата-аналарға арналған тренинг
ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ – БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!
Мақсаты: Ата-ана мен баланың толыққанды қарым-қатынас орнатуға дағдыландыру. Баланың эмоциялық дамуына ықпал ету, әлеуметтік дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
Міндеттері: Бала тәрбиелеу саласының дамуына аз да болса ықпал ету. Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу.
Қажетті құрал-жабдықтар: шар, ұн, тоқыма жіп, теледидар, флешка, көрнекіліктер.
Әдістері: Психологиялық сұрақтар, ситуациялық ойындар, пайдалы бейне-роликтер.
ЖОСПАР
Кіріспе
Таныстыру(Жапон әліппесі)
Ситуациялық оқиға. Бейнеролик «Бала тәрбиесі»
Психологиялық ойын. Үшінші – артық(Третий - лишний).
Психологиялық ойын. Дұрыс қарым-қатынас факторлары.
Бейнеролик «Бала – арманы».
Ата-анаға арналған кеңестер. Ойын «Балмұздақ таяқшасынан пазл құрастыру»
Қорытынды.
ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ – БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!
1. Кіріспе. Сәлеметсіздер ме, баласының болашағына немқұрайлы қарамайтын, баласын тек материалдық құндылықтармен ғана қамтамасыз етуге ұмтылмай, алтыннан қымбат уақыттарын бөліп, жұмыстарынан қашып бүгінгі тренингтен «бала тәрбиесіне қатысты пайдалы ақпараттар алуға келген» құрметті ата-аналар, қатысушылар! Сіздерді осы жерден көргеніме қуаныштымын. Сіздерге бүгінгі тренингіміз пайдалы, ұнамды болады деп үміттенемін. Ал енді тренингімізді бастамас бұрын, сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін:
Балаңыздың өтірік айта бастауы сізді уайымдатады ма?
Балаңыздың шектен тыс еркелігі мен қыңырлығы сізді көпшіліктің алдында ұятқа қалдырған кездері болды ма?
Балаңыздың өзге баланың затын ұрлап әкелуі болашақта әдетке айналуы мүмкін бе?
Ендеше құрметті ата-аналар, бүгінгі тренингімізде бала тәрбиесінде кездесетін осы және өзгеде мәселелердің шешімін айтатын боламыз. Осы тұста ұлт педагогы Мағжан Жұмабаевтың мына сөзін келтіре кеткен орынды. «Жас бала – жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ». «Баланы – бастан» деген сөздің мәнісі осы. Сол себепті балаңызды жастайынан ізгілікке, мейірімділікке шақыруда сіздің, сіздердің беретін тәрбиелеріңіз үлкен маңызға ие! Олай болса «тәрбие– тал бесіктен» деген халық қағидасын естен шығармайық.
Таныстыру(Жапон әліппесі). ?? Ата-аналар өздеріңіздің есімдеріңізді жапон әліппесіне қарап отырып танысуды бастаймыз.....
Сіздерге көп-көп рахмет, өте қызықты болды. Бір сергіп қалдық. Таныстығымыз үшін қошеметтеп қояйық.
Ситуациялық оқиға. А) Бейнеролик. Бала тәрбиесі-1.
Сіздерде осындай сәттер болады ма?
Бұл бейнероликтен не байқадыңыз?
Бейнероликтегі әке дұрыс жасап жатыр ма?
Ұсыныстарыңыз....
Ия, қоғамда кейбір әкелер осындай қателіктер жасап жатады. Бұндай жайттар баланың өз анасын сыйламауына алып келіп жатады. Ал енді, әкесі қалай жасағаны дұрыс болатын еді, сол нәрсеге назар салсақ.
Б) Бейнеролик. Бала тәрбиесі-2.
Керемет емес пе, осы бір көріністе айбарлы әкенің салихалы тәрбиесі көрініп тұр. Менің айтқым келгені, бала тәрбиесінде ананың атқаратын рөлі қандай маңызды болса, әкеніңкіде дәл солай маңызды. Халықта «Бір әкенің тәрбиесін – 100 мектепте бере алмайды» деген нақыл сөз бар. Және де әке-шеше бала алдында үнемі бір позицияда болғаны абзал. Немесе сырттай түрлі позицияда секілді болғанымен, іштей өзара келісіммен тәрбиелегені жөн.
Психологиялық ойын. Үшінші – артық(Третий - лишний). Ойын шарты бойынша барлық қатысушыларды 3 адамнан бөлеміз. 2 адам үстелдің үстіне шығып бір-бірімен әңгіме-дүкен құруы қажет, 3-ші адам қастарында отырып оларға әңгімелеріне қосылғысы келеді, алайда тұрған адамдар оған барынша назар аудармауы қажет.
Ойынның мақсаты: Ата-аналарды баланың халіне түсіру, түсіндіру. Яғни отырған адам бұл жерде бала тәрізді. Бала өзінің сұрағына жауап алмағанда, оны елемеген кезде қандай халде болатынын, мұндай әрекеттер болашақта баланың өзіне сенімсіз болып өсетінін ескерту.
Психологиялық ойын. Дұрыс қарым-қатынас факторлары. Ойын шарты: ерлі-зайыптыларды 3 позицияда тұрғызып сөйлестіру. Яғни, 1-ші бір-біріне артқа қарап сөйлестіру. 2-ші бір-біріне қарап сөйлестіру. 3-ші бір-біріне қарап және қолдарынан, беттерінен сипап сөйлестіру.
Ойынның мақсаты: Ата-аналарға балалары келіп бір нәрсе сұрағанда қалай болса солай емес, оларға назарларын қарап сөйлеудің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, баланы мақтағанда, немесе кемшіліктерін айтқанда баланың деңгейіне түсіп сөйлеуді дағыландыру.
Бейнеролик «Бала – арманы».
Ата-анаға арналған кеңестер. Пазл құрастыру ойыны. Баламен уақыт өткізуге арналған бірнеше ойындарды үйрету.
Қорытынды. Сыйлықтар үлестіру. Балалардың бейнеролигі.
Шынында сіз ұрламаңыз – балаңыз адал болады,
Сіз ашуланбаңыз – балаңыз сыпайы болады,
Сіз шыншыл болсаңыз – балаңыз сізден алыс кетпейді,
Бұл дүниеде балаға берген тәрбиеден маңызды, одан қауірт қандай тірлік бар?! Ендеше ықтиятты болыңыз – жемісіне кенелесіз!
Отбасы институты – мемлекеттің негізгі тірегі. Үйдегі тәрбие қоғамдағы құбылыстар мен елдік мәселелердің қайнар көзі. Баланың жақсы болуы – қазына. Әке-шеше үшін опалы бала – мол мұра, теңдессіз сый! Ендеше ел боламыз десек – бесігімізді түзейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген