400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ауыл -ел бесігі" бағдарлама аясында.Ұсынылып отырған мақала отбасылық тәрбиеге байланысты ата-аналармен өткізілген іс-шара туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы сенімді сыйластықты, бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, отбасындағы ата-ана тәрбиесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру.

Тәрбие сағатының түрі: Пікірталас

Әдістер: диалогтік, пікірталас, тренинг.

Қолданылған құрал-жабдықтар: АКТ,видеоролик, суреттер, карточкалар.

Өтілу барысы:

  • «Отан отбасынан басталады»-демекші, құрметті ұстаздар, бүгін біздің тәрбие сағатымызға ата-аналар келіп отыр, ата-аналар мен балалар арасында өтетін пікір таласқа қошеметпен студиямызға ата-аналарды шақырайық.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»-деген қазақтың небір алтын сөзінен бастап отырған пікірталасымызды бастауға рұқсат етіңіщдер. Ата-ана мен ұстаздар үшін жас ұрпақты тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне қосу кезек күттірмейтін мәселе. Атананың да, ұстаздың да балалардан келекшекте күтетін зор үміті бар. Ата-ананың бақыты неде? Бала қалай ата-анасын бақытты ете алады? Міне, бүгін осы тұрғыда сөз қозғаймыз.

Ең алдымен пікірталас қатысушыларымен шағын тренинг өткізсек деймін. Қазір сіздер өздеріңізге ұнаған әріпті таңдап аласыздар. Сонан соң мен қойған сұраққа осы әріптен басталатын сөзбен жауап бересіздер.

Сұрақтар:

1.Хәліңіз қалай?

2.Мектепке келе жатқанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?

3.Қандай киім таңдадыңыз?

4.Қандай әсер аламын деп ойлайсыз?

Атақты жазушы, қоғам қайраткері Мұсафар Әлімбаевтың мынадай бір сөзі бар екен;

-Қипақтайды қит есте анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем,

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен

Ойым емес, оллаһи, біздікінің...

Енжарлығы елде жоқ алабөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан;

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап,. Маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаулап жана ма екен?

Ел қатарлы елде жоқ еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарған дара бөтен.

Мүше тістеп біреулер той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?

...Үмітпенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!- деп өз баласының болашағына алаңдаған екен. «Қайтсем де өз баламды адам етем»-деген ата-ананың арманы баламен бірге жүреді екен.

Ал енді балаларға топтастыру стратегиясын беріп қойып, ата-аналардың өз балаларын қаншалықты жақсы білетіндерін байқап көредік.

  1. Тапсырма. Сіз білесіз бе?

Бұл кезеңде сіздер өз балаларыңыз туралы шағын сұрақтарға жауап берсеңіздер.

1.Балаңыздың туған күні қашан?

2.Балағыздың қан тобы нешінші?

3.Балаңыздың парталас көршісі кім?

4.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6.Балаңыз қандай түсті ұнатады?

7.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

8. Балаңыз соңғы рет қандай кітапты оқыды?

9.Балаңызды қандай сөздермен еркелетесіз.

10. Балаңыз сізді ренжіткен болса сіздің алғашқы сөзіңіз қандай болады?

Балаларға қойылатын тапсырма:

1.Дүниедегі ең қымбат жан?

2.Дүниедегі ең жұмсақ не?

3.Дүниедегі ең тәтті сусын не?

4.Жүниедегі ең ыстық не?

5.Дүниедегі ең нәзік әуен қандай?

6.Дүниедегі ең жарқын не?

7. Дүниедегі ең батыр адам кім?


  1. Тапсырма ата-аналар топтастыру стратегиясын құрады.

Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттер бар?


Балаларға тапсырма: Мақал мәтелдерді жинау.

Мақал-мәтелдер

1.Әдепті бала, арлы бала,

Әдепсіз бала, сорлы бала.

2.Үлкенге құрмет,

Кішіге ізет.

3.Ата көрген, оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

4. Әкеге қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер.

5. Анасы қандай болса, баласы сондай болады.

6.Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

7.Отан- отбасынан басталады.

8. Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

9.Бала жақсы болса – қканыш,

Жаман болса

10.Қарға баласын аппағым дейді.

Кірпі баласын жұмсағым дейді.

11.Жақсы бала- еліне бас болады,

Жаман бала-еліне қас болады.

12.Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап бала өсер.

13.Ата тілін алмаған ұлдан без,

Ана тілі алмаған қыздан без.

14. Анасын сүйгеннің баласын сүй.

15.Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрейді.

Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын көрге сүйрейді.

16. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

17. Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келеді.

18. Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

19. Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

20. Ақ шашты ана:

«Жастығым - бала»,-дейді.

Ақылды бала:

«Ай-күнім анам»,-дейді.


-Ата-аналардың көбіне бала тәрбиесінде жіберетін қателіктері:

1. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін»

2. «Не істесең оны істе, маған бірі-бір»

3. «Мен не айтсам соны орындайсың, өйткені мен үйдің басшысымын»

4. Балаларды шектен тыс еркелету.

5. «Саған көңіл бөлуге уақыт жоқ»

6. Баланы тым көп ақшамен қамтамасыз ету.

7.Баланың ісін өз көңіл-күйіңізге қарап баға беру.

3- тапсырма Жағдаяттар.

1.Бала мен ана

1- оқушы: -Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.

2-оқушы.Анышым, мен бүгін мектептің әйнегін сындырып алдым.

  1. Оқушы:Анышым, мен бүгін мектепішілік жарыстан бірінші орын алдым.

  2. Оқушы: Мен күнде сабаққа кеттім деп үйден шығып компьтер ойынын ойнаймын. Менің сабаққа бармай жүргенімді мұғалім апай анама телефон шалып айтып қойыпты. Анам менің артымнан аңдып, компьтер ойнынын ойнан отырған жерімнен дәл түсті.

  3. Оқушы: Мен ОЖСБ-ға дайындық тесттан төмен балл алғанымды анама мұғалім апай айтыпты. Енді маған анам не істер екен?

  4. Оқушы:Анашым, біздің сыныпта бір оқушы бар, сабьағын оқымайды, айтатыны өтірік, өзі төбелесқой. Онымен ешкім дос болғысы келмейді. Ол менімен дос болғысы келеді. Не істесем екен?

  5. Оқушы:-Мені ересек балалар қорқытып ақша сұрайды. Менде оларға беретін ақша болмаған соң анамның әмиянынан ұрлап алдым. Анам біліп қалса не болар екен?

4 тапсырма: Бейнежазба көру.

Әр ата-ана өз пікірін айтып жаман әрекеттердә муор багына салып, жақсы әрекеттерді сандыққа салады. Пікірталастан алған әсерлеріменбөліседу.

5-Үй тапсырмасы: Әр ана өз баласымен өз қолдарымен бірге жасаған өнерлерін ортаға салады.


Мұғалім:

- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан,

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер –білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласұғынның осы бір өлеңімен «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты пікірталасты аяқтап, баланы отбасында тәрбиелеп, ата-ананың мақтанышы,елінің қоғам қайраткері болатын ұяларыңыздан тәрбиелі ұл-қыз ұшыруларыңызға тілектеспін!

Оқушылардың «Ақ мамам» әнімен тәрбие сағаты аяқталады.
































«ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ СЕМИПОЛКА ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинар отырысы













АУЫЛ- ЕЛ БЕСІГІ


Тақырыбы: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»

(Тәрбие сағаты)

2-4 сынып






Сыздыкова Асем Аукешовна

Бастауыш сынып мұғалімі






2019 ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.06.2019
2065
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі