400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел экономикасы – ұлт тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі Қазақстанның экономикалық дамуын ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) макроэкономикалық көрсеткішімен анықтауға болады. ЖІӨ дегеніміз – мемлекет аумағында бір жылдың ішінде өнірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. Яғни, ЖІӨ көлемі жоғары болса, ол мемлекеттің экономикасы қуатты болады. Егер жан басына жаққандағы ЖІӨ көлемі жоғары болса, онда ол мемлекеттегі өмір сапасы жоғары деген сөз. Халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел экономикасы – ұлт тағдыры

Б үгінгі Қазақстанның экономикалық дамуын ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) макроэкономикалық көрсеткішімен анықтауға болады. ЖІӨ дегеніміз – мемлекет аумағында бір жылдың ішінде өнірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. Яғни, ЖІӨ көлемі жоғары болса, ол мемлекеттің экономикасы қуатты болады. Егер жан басына жаққандағы ЖІӨ көлемі жоғары болса, онда ол мемлекеттегі өмір сапасы жоғары деген сөз. Халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы, кедейшілік деңгейі төмен бай мемлекет деп есептеледі.

Әрине, қазіргі таңда экономистердің арасында бұл шын мәніндегі халықтың өмір сүру сапасын, елдің даму деңгейін толық көрсете алмайды деген пікірлер бар. Дегенмен, бұдан басқа әлемдегі елдердің дамуын салыстыра алатындай көрсеткіш әлі табылмады. Сондықтан ол жаңалық ашылғанша ЖІӨ мемлекеттердің дамуын бағалайтын негізгі көрсеткіші болып қала береді. Төмендегі суретте Қазақстанның ЖІӨ өсімі көрсетілген.

Соңғы жиырма жылдағы еліміздің экономикалық өсімін көруге болады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдарда экономикамыз өтпелі кезеңнен өтті. 1998 жылдарда ол Азия дағдарысы жылдарына ұласты. Экономикамыз негізінен тек минус көрсеткіштерді көрсетті. Өсім болмады деп айтуға негіз бар.

Ал 2000 жылдан бастап бірден экономикалық өсімді көреміз. ЖІӨ орташа өсімі 2000-2007 ж.ж. 10,3 пайызды көрсетті. Егер қандай да бір мемлекеттің ЖІӨ жылына 10 пайыздан өссе, әрі ол ондаған жылдарға ұласса елде экономикалық ғажайып болады. Тарихтан Германия экономикалық ғажайыбы, Жапония экономикалық ғажайыбы, Оңтүстік Корей экономикалық ғажайыбы деген ұғым пайда болды. Бұл мемлекеттер өздерінің бірегей ұлттық экономикасының моделін қалыптастыра алды деп айтуға толық негіз бар.

Ал Қазақстанда экономикалық ғажайып болуға сәл қалып еді, болайын деп болмай қалды. Себебі 2007-2009 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыстың салқыны еліміздің де экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. 2009 жылы ЖІӨ өсімі 1,2 пайызға дейін төмендеді.

Бұл дағдарыстан шығу үшін үкімет "5 батыл қадам" деген дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырды. Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлініп, 4 млрд доллары банкротқа ұшыраудың алдында тұрған банктерді құтқаруға, 2 млрд доллар үлескерлердің мәселесін шешуге, 2 млрд доллар шағын және орта кәсіпті қолдауға, 1 млрд доллар ауыл шаруашылығына, 1 млрд доллар индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалды.

2010 жылдан бастап экономикада жандану фазасы орныға бастады. Экономикадағы қалыпты жағдай 2014 жылға дейін жалғасты, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6 пайызға өсіп, Қазақстан 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кірген болатын. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 600 долларды құрады. Бұл әлемдік көрсеткіштермен есептегенде елдің әлеуеті, табыс деңгейі орташадан жоғары деп бағаланды. Қазақстан донор елдердің қатарынан орын алды.

Сөйтіп, Ауғанстан елінің 100 жас азаматына мемлекетіміздің универсиеттерінен 100 грант тағайындалды. Әлемнің біраз елдеріне астық тасымалдап көмек көрсете бастадық. Тіпті көрші Қырғыстанға да 100 млн АҚШ долларын бөлмекші едік. Әрине бұл өз ықтиярымыздан емес, бұл донор елдердің алдына қойылатын талап болған соң осындай көмектер жасай бастадық.

Графиктен көріп отырғанымыздай, 2014 жылдан бастап экономика қайтадан құлдырау фазасына өтті. Дағдарыс басталды, мемлекетімізде бұл дағдарысқа қарсы "Нұрлы жол" бағдарламасы, "100 нақты қадам" бағдарламасы әзірленді. Экономистер экономикада жүйелік дағдарыстың басталғанын тілге тиек ете бастады. Алайда біраз қарсы пікірлер де болды. "Айды аспаннан шығарғандары несі, бізде бәрі жақсы, экономикамыз қалыпты, ешқандай дағдарыс сезіліп жатқан жоқ" – дегендер болды.

Алайда 2014 жылда ЖІӨ 4,2%-ға төмендесе, 2015 жылы 1,2%-ға дейін түсті. Осы орайда мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін, ұлттық қордан аударылған трансферттер халықтың болып жатқан дағдарысты сезбеуінің негізгі себебі болғанын атап өту қажет. Тек 2015 жылдың 20 тамызында теңгеміз еркін айналымға жіберілген кезде ғана, экономикада тұрақсыздықтың бары айдан анық болды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 13,6%-ға жетті. Бағалар өсті, түрмыстық техника мен тұрмыстық химия заттары 2 есеге дейін қымбаттаса, кейбір дәрі-дәрмектер бағасы 3 есеге дейін өсті. Бұл халықтың төлем қабілеттілік деңгейінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі соңғы 18 жылда болмаған көрсеткішке дейін төмендеді, жуықтағанда 1%-ға ғана өсті. Экономикада стагнация орын алды. Стагнация – экономикалық өсім болмай, тұралап қалуы деген сөз. Тіпті халық арасында "90-шы жылдар болып кетті ме, сол уақыттағы жағдайлар қайта қайталанып кетті ғой" – деген пікірлерін естідік. Қазақстанның экономикалық ғажайыбы болуға сәл жақындаған қай сала деген сұраққа жауап берсек. Оған қатты ойланудың да қажеті жоқ, ол негізінен шикізаттық сала, минералды ресурстар, мұнай мен газ екенін көреміз. Әрине, соңғы жылдағы ЖІӨ 4,2%-дық өсімі де 2020 жыл қорытындысы бойынша 3,9% өсім болуы мүмкін деген болжам да осы мұнай бағасының қалыпты болуының нәтижесі деп кесіп айтуға толық негіз бар.Олай болса ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосуға ат салысайық!



Кентау көпсалалы колледжінің

Экономика пәнінің оқытушысы

Леспек Айгүл Леспековна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі