Ел ертеңі - болашақтың көзімен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел ертеңі - болашақтың көзімен

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елінің тарихын біліуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ел ертеңі - Болашақтың көзімен»



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі республика күні қарасаңында өткізіліп жатқан «Ел ертеңі - Болашақтың көзімен» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ассалаумағаликум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.


Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.


Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. 1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.

Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.

Ту. Диана
Желбіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.


Елтаңба Жібек
Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – Елтаңба.

Теңге. Аягөз

Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Жыр арнау: Мұхаммедәли

І-көрініс (Алаш партиясы)

Сахнада бірнеше орындықтар және президиум столы қойылған. Жоғарыда ұран

шүберекке жазылып ілулі тұр: «Жалпы қазақ съезіне қатысушыларға сәлем!»

Бәсең дауыспен әсерлі марштар орындалып тұрады.

Автор сөзі: 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей империясының

қатысуы елдің барлық аймақтарына өз ауыртпашылықтарын әкелді. Соғыстың ұзаққа

созылуы Ресей империясына қарасты барлық өлкелерде оның ішінде Қазақстан жерінде

жалпы халықтың кедейлене түсуіне, жоқшылыққа ұшыратты. Осындай қайшылықтардың

соңы Ресейде Ақпан және Қазан төңкерістеріне апарып соқтырды. Патша тақтан

тайдырылып, Уақытша және Кеңес өкіметтері құрыла бастады. Осы оқиғалар сол кездегі

қазақтың алдыңғы қатарлы саяси қоғам қайраткерлерінің қазақ елінің болашағына деген

алаңдаушылығын оятты.

1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында 2-ші жалпықазақ съезі

өткізілді.

Сахнаға делегаттар жинала бастады

Мұхамеджан Тынышбаев: Құрметті делегаттар! Съезд делегаттары толық

жиналғанша Мірағадан (Міржақып) «Оян қазақ» өлеңін өз аузынан айтып берсе екен деп

сұраймын. Қалай қарайсыздар?

Дауыстар: Айтсын, айтсын, рухымыз көтерілсін.

Міржақып Дулатов: Осындай қуанышты күндері неге айтпасқа, Мұхамеджан

қарағым айтайын (өлең көтеріңкі күймен оқылады)

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамасты.

Дауыстар : Жарайсын, бәрекелді

Залға 3-4 делегаттармен Әлихан кіріп келеді.

Дауыстар: Әлекең келеді. Көш бастар арысым осы!

Сұлтанмахмұт ортаға шығып:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам

Қараңғылық көгіне

Күн болмағанда кім болам

Дауыстар: Жаса ақыным.

Әлихан: Рахмет, Мақмұт інім, шығар биігің көп болсын. Ал, құрметті делегаттар, съезд жұмысын бастайық. Съездің күн тәртібінде «Алаш» партиясы мынандай мәселелерді қарауды ұсынады. Алаш партиясы атынан Мұстафа Шоқайға сөз беріледі.

Мұстафа Шоқай: Құрметті делегаттар! Мына мәселелерді ұсынамын:

1. Қазақ елінің аумағында Алашорда автономиясының республикасын құру туралы

2. Республикаға басшылық жасайтын үкімет-Ұлттық Кеңес құру туралы

3.Үкімет төрағасын сайлау және көптеген маңызды мәселелер қаралады.

Ағайындар, алдымызда соқпағы мен бұралаң жолы көп тарихи кезеңдер келе жатыр.

Ішкі Ресейде Петроградта, Мәскеуде уақытша үкімет пен большевиктер Кеңестері билікке

таласуда, Ресей халқы екіге жарылып, ақ гвардияшы-қызыл гвардияшы болып, бірін-бірі

жұлып жеуге дайын тұр. Ал біз ат төбеліндей қазағымызды осындай қанды тартыстардан

алып қалуға міндеттіміз. Қазірдің өзінде ортамыздағы Алашқа белгілі азаматтар Әліби

Жанкелдин, Аманкелді Иманов, Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұловтар большевиктер Кеңесіне

бет бұруда. Халқымыз айтқан «Бөлінгенді бөрі жейді» деген, азамат соғысын Ресейдің ішкі

ісі деп қарау керек. Біз өз елімізді, өз Алашымызды тарихтың тезіне салмай, өз

тағдырымызды өзіміз шешетін үкімет құруды ұсынамын.

Мұңды әуен ойналып, сахна жабылып, автордың сөзі оқылып тұрады.

Автор: 1917 жылдың 5-13 желтоқсанындағы өткен 2-жалпықазақ съезі көптеген

тарихи шешімдер қабылдады. Ең маңыздысы Қазақстан аумағында Алашорда автономиясы

құрылды. Құрамында 15 делегаттан сайланған Үкімет төрағалығына бірауыздан Әлихан

Бөкейханов сайланды. Алашорда автономиясының орталығы болып Орынбор қаласы

жарияланды. Жалпы Алашорда құрамына сайланғандар қазақтың сол уақыттағы жоғары

білімді, көзі ашық, төрткүл әлемде болып жатқан өзгерістерден хабары бар зиялы қауым

өкілдері болатын. Олардың арасында заңгер де, экономист те, инженер де, дәрігер де,

педагог та болды.

Өкінішке орай, Кеңес өкіметі күш алып, барлық елді мекендерде өз биліктерін орната

бастады. Болшевиктік көсемдер Алашорда үкіметінің бағытын өздерінің әміршілдікәкімшілдік билік жүйесіне қауіпті деп санап, оларды қудалай бастады.

Міржақып: Тірі болсам қазаққа қызмет қоймаймын!!!

Күй «Алаш аманаты»

Абай атамыз айткандай ақ «Ұлыңды оқыт, қызынды оқыт, қаладан, білімдіге

зәру мына заманын” демекші, ұлт ертеңі - жас ұрпақ яғни, еліміздің жарқын болашағына бастау болар жастар екені сөзсіз.

Өлең:

Бибінұр:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!

Ақнұр:

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегенi көк аспан.

Мен жастарға сенемiн!

Жұмсақ мiнез жiбектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиеттi тiлектер –

Мен жастарға сенемiн!

Тау суындай гүрiлдер,

Айбынды алаш елiм дер,

Алтын Арқа жерiм дер,

Мен жастарға сенемiн!

Нұрдана:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн!...

Алаш айбынды ұраны,

Қасиеттi құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Біз жастарға сенеміз!деп қатты дауыспен тақырыпты атаймыз сосын

Басталады

Дильназ:

Егемен елдің елдігін,

Көгерген жердің кеңдігін.

Қабыл ал болашақ ұрпағым

Келісіміңді бер бүгін.

Ұлыңа Алла жар болсын,

Қызыңның жолы тар болсын.

Бабадан қалған тәрбие

Болашақта да бар болсын!

Келешек сенім пердесін,

Батырым, ақыным бергесін.

Қазақтың ұлы намысын

Жастарға берді сенгесін.

Қазір мен сендерге әріптер көрсетемін сендер сол әріптен басталатын жақсы адам

бойынан табылатын қасиеттерді айтасыңдар.

Ақбота: Мағжандар айтқан кешегі

«Жастарға сенем» деседі.

Сенімін ақтап солардың

Бағымыз болсын бес елі.

Елімді бар ғалам танысын,

Жықпайық ұлы ұлттың намысын.

Жалынды жастар тер төксін

Болашақ халықтың бағы үшін.

Хор: Атамекен

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі – деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен

жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік

белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы

бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты

ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

Қорытынды: Еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі

көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2023
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі