400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Ел ертеңін ойлаған Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»

Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі:слайдты презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, шарлар.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 

- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.Осыған орай біз де «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?

(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)

Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше,

Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!

  • Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)

-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіңдер?

Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп түсіндіремін.

Балалық шағы

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

Жұмысшы Нұрсұлтан

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Ал,енді викториналық сұрақтар:

1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы,6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында)

2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады?(1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1991 жылы 1-желтоқсанда)

4.Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

5.Астана қаласының тұсаукесері қашан болды? (10-маусым 1998 жылы)

6.Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

8.Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ,қос тұлпар бейнесі,бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар.Туда қыран,күн,қазақтың ою өрнегі бар).

9.Әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы 7-қаңтарда)

10.Авторы кімдер? (Әні Шәмші Қалдаяқовтікі,сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі)

Презентация

Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)

«Ойлан, тап!» «Мақалды құрастыр».

  1. Басталады, отбасынан, Отан.

  2. ыстық, да, оттан, Отан.

  3. сүю, парыз, Отанды.

Оқушылардың тақпақтары.

Елімнің атын айтсам -Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам –Қазақстан!


Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.


Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.


Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»

  • Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз.

  • Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тәрбие сағатымызды «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтасақ.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі