400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел есінде - ер Саттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылының тумасы Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесов 100 жасқа толып отыр осыған орай осы ауылдағы Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында көптеген іс-шаралар өткізілді 15 наурыз күні «Тағзым» күніне орай мектепте 150 оқушы және ата-аналар, еңбек ардагерлері, мұғалімдердің қатысуымен «Ел есінде – ер Саттар!» атты танымдық кеш өткізілді. Кеште Саттар Естемесовтың өмір жолы ерлігі, қайсарлығы туралы өлеңдер оқылып, қойылым қойылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы,Шу ауданы,Көкқайнар ауылы,

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі










Тақырыбы: «Ел есінде-ер Саттар!»

(танымдық кеш)



















Өткізген: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сыдықова Жанат Қалдыбекқызы

2019 жыл 15 наурыз





Саттар Естемесов


Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтың туғанына100 жыл

толуына арналған «Ел есінде –ер Саттар!» атты танымдық кештің жүргізілуі

Өтетін орны: Жамбыл облысы ,Шу ауданы,Көкқайнар ауылы,Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Мақсаты: Кеңес Одағының батыры Саттар Естемесовтың ерлігін жас ұрпаққа таныту.Оқушыларды Отансүйгіштікке, адалдыққы тәрбиелеу. Саттардың ерлігін насихаттай отырып,әрбір оқушы бойында патриоттық сезімдерін ояту.

Жүргізуші:Қымбатты ауыл еңбек ардагерлері!Құрметті қонақтар!Ардақты жерлестер!Азаматтық абыройымызды асқақтатқан,азаттық айбынымызды асырған,халқымызға қуаныш пен бақыт сыйлаған Ұлы Жеңіске 74 жыл толғалы отыр.Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдары,соғыстың қан майданында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз-Саттар Естемесовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мектеп оқушыларының «Ел есінде-Ер Саттар!» атты танымдық кешінде бас қосып отырмыз.Кешке ауыл әкімі,еңбек ардагерлері,ата-аналар,ұстаздар және оқушылар қатысып отыр.

Азаматтық борышын ерен ерлігімен өтеп,елін жан аямай қорғап,Отан соғысының лапылдаған отының ішінде қаза тапқан жерлесіміз Саттар Естемесов.Кеңес Одағының Жарлығы бойынша 1944 жылы 4 маусымда сержант Саттар Естемесовке «Кеңес Одағының Батыры»атағы берілді.Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары алыстап барады..Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.

Саттар Естемесовтың өмірбаянымен таныстыру(бейнебаян көрсетіледі).

Саттар Естемесов 1919 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы , Сарыбұлақ ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.Ұлты –қазақ.Жеті жылдық мектепті бітіріп,комсомол мүшесі болған Саттар еңбекке араласады. Жданов колхозындағы комсомол басшылығына сайланады.Соғыс басталғанда алғашқылардың бірі болып майданға жіберуді өтінеді. Естемесов әскери өмірін 1942 жылы 26 июньде бастайды.Командованиенің жауынгерлік тапсырмасын ойдағыдай орындап,батырлық пен ерлік көрсеткені үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 4 июньдегі Указы бойынша сержант Саттар Естемесовке қаза болғаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы беріледі. Ержүрек қорғаушы сержант Естемесов 1943 жылы 14 сентябрьде Коноплянка деревнясы үшін ұрыста дұшпанның қолынан қаза табады.Сүйегі Смоленск облысындағы Коноплянка деревнясында жерленген.

Жүргізуші :Елімнің адал ұлы мақтанысың,

Жан қидың ел сенімін ақтау үшін.

Анаңа ақ сүт берген мың бір алғыс,

Өзіңдей батыр ұлды тапқаны үшін.

Жүргізуші:Ардақты ағайын!Құрметті қонақтар!Кеңес Одағының батыры Саттар Естемесов пен Ұлы Отан соғысында құрбан болғана азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады./ Метроном ойналады.

Жүргізуші:Атыңды үлкен білді ,кіші білді,

Кейінгі ұрпақтарға ісің үлгі.

Тұрсын деп туған жердің ер төсінде,

Орнаттық тастан қашап мүсініңді.

Жүргізуші:Жерлес ақын Құрманқұл Кішібаев Саттар Естемесовке арнап «Батыр туралы баллада» жазды. Оқитын:Әбдуәли Нұркен,Құрманқұл Әбіл,Байгелді Аяна,Қожан Алтынай, Қапар Нұрила,Кеңес Әсет

Саттар туралы баллада (Құрманқұл Кішібаев)

Соғыстың сұрапыл бораны,

Есімде ,ұмытқам жоқ әлі.

Ойласам дауылды жылдарды,

Бар денем қалшылдап тоңады.

Талайдың үмітін өшірген,

Шықпайсың сұм соғыс есімнен.

Еске алам қаһарлы күндерді ,

Қол көрсем иықтан кесілген.

Ерлердің елі үшін күрескен,

Ізіне жайқалып гүл өскен.

Есімі жыр болып жатталып,

Шықпайды ,шықпайды бір естен.

Қалғып тұр қимылсыз қара орман,

Буалдыр тұманға оранған.

Мүлгиді жатқандай ішінде,

Құлашын жаза алмай мол арман.

Келмейді құлаққа құс әні,

Әр жерден бір торғай ұшады.

Кек пенен ызаға толғандай,

Осынау орманның құшағы.

Аспанды бұлт бүркеп торлаған,

Уақыт сәске түс болмаған.

Сұрапыл шайқастан кейінгі,

Кез еді тыныштық орнаған.

Айнала боз тұман,бұлыңғыр,

Солдаттар тапқан сәт тыным бір.

Қара бұлт,аспанды жаппашы,

Күн нұры,жер бетін жылындыр!

Таусылды ақырға төзім шын,

Жандары жылылық сезінсін.

Сумаңдап соқпашы,суық жер,

Солдаттар сәл ғана көз ілсін.

Қабағың қатулы,түйілген,

Қапың бар қамыққан күйінген,

Көңілің жабырқау Саттар-ау,

Жайсыз хат алдың ба үйіңнен?

Әрдайым жарқылдап жүруші ең,

Қуансаң жайраңдап күлуші ең.

Неліктен жабықты жас жаның,

Тұнжырап отырсың бүгін сен?

Қарбалас үстінде сан адам,

Үн-түнсіз отырсың манадан.

Өмірден еретерек көз жұмған,

Есіңе түсті ме жан анаң?

Алдың-ау ауыр бір күрсініп,

Арманың кеудемде тұншығып.

Жаныңды мезі етіп бітті ме,

Осынау күйкі өмір-тіршілік?

От болып өртеніп өзегі,

Қиялы алысты кезеді.

Саттардың алдында жатты ағып,

Сарқырап Сарыбұлақ өзені.

Ойлады ол достарын,ауылын,

Қарындас,інісін,-бауырын.

Ойлады ол сүйікті жан жарын,

Айта алмай іштегі араманын,

Мөлтілдеп көз жасы кетерде

Қоштасып,қол бұлғап қалғанын.

Беріліп сағыныш сезімге,

Ұмытты ол жан қиған достарын,

Түндегі айқастың кезінде.

Қайғы-тас жаншылып езілме,

Ойлашы жаситын кезің бе?

Не болды саттар –ау мөлтілдеп,

Бір тамшы жас тұрды көзіңде?

Өлімнің қанды ауыз қармағы,

Талайдың өмірін жалмады.

Шіркін-ай мезгілсіз солды ғой

Тұрған гүл бүршігін жарғалы.

Араны ашылған сұм өлім,

Талайдың қидың ау тілегін.

Кек пенен ызаға толтырған,

Сенсің ғой Саттардың жүрегін.

Орманның ортасы осы алаң,

Дұшпанның қолынан босаған,

Сол үшін өшігіп зұлым жау,

Екі рет шабуыл жасаған.

Тағы да қанды ұрыс басталды,

Ыдысты ішілмей ас қалды.

Жарылған снаряд оқтары

Қопарып тастады жас талды.

Зұлым жау,есептен жаңылдың,

Оп-оңай қияды жанын кім?

Мына бір танкіні тұмсықтан,

Жарайсың саттарым дәл ұрдың,

Тағы да біреуі жақындап,

Кеп қалды от бүркіп сақылдап.

Дәл тиіп сілтеген гранат,

Жанды әне жалыны лапылдап.

Жер бетін көк түтін,отқа орап,

Жауып тұр жаңбырдай оқ борап.

Өлігін көпір ғып фашистер

Ұмтылды.Түрі жоқ тоқтамақ.

Кек буып ызалы батырды,

Бар күшін жиып ап ақырғы.

Ентелеп кеп қалған жау тобын

Оғымен қоғадай жапырды.

Саттардың қабағы түнерді,

Мұндайда шыдайды кім енді.

Ел үшін қарулас достарым,

Алға-деп айғайлап жіберді!

Оққа ұшып жатыр ер жаралы,

Жеткендей өлімнің хабары.

Көз алды сағым боп бұлдырап,

Дүние дөңгелеп барады.

Барады жеңілген жау қашып,

Сұм ажал алқымға жармасып.

Саттардың тынысы тарылды

Өмір мен жатты өлім арбасып.

-Басыңды көтерші жан аға!

Хат жазып отыр ең бағана.

Шынымен жалынды жүзіңді

Қара сұм топырақ жаба ма?

Келіп тұр басыңа жолдасың,

Төгіп тұр қия алмай көз жасын.

Кеудеңе өлім боп қадалды ау,

Жай оғы-бір түйір қорғасын.

Көп еді-ау арманың тілегің,

Бүршігін жармаған гүл едің.

Елім деп егіліп соғатын,

Шынымен тоқтай ма жүрегің?

Ағады тиылмай қан ыстық,

Кетті ғой қайран ер талықсып.

Үйіне жазған хат сәлемін,

Досының қолына табыс қып.

Сұм ажал еңсеріп барады,

Соңғы рет досына қарады,

Соңғы рет күбірлеп қош деді,

Сөйтті де сөнді көз жанары.

..Осынау өмірді қимадың,

Сол үшін жаныңды қинадың.

Дүние кең еді-ау,кең еді,

Не керек үстіне сыймадың.

Кім сені қияды өлімге,

Өшпейтін ізің бар өмірде.

О,Саттар сен бүгін жатырсың,

Кеудеде,жүректің төрінде.

Қорғадың елімнің ырысын,

Елім деп бітті ақтық тынысың.

Өшпейтін атың бар тарихта,

Сен мәңгі өлмейсің,тірісің!

Жүргізуші:Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Жүргізуші: Смуглянка биі

Жүргізуші: Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.

Жүргізуші: Құрманқұл Кішібаев «Ескерткіш жананыдағы ой»

Елімнің адал ұлы мақтанысың,

Жан қидың ел сенімін ақтау үшін,

Анаңа ақ сүт берген мың бір алғыс,

Өзіңдей батыр ұлды тапқаны үшін!

Болған жоқ сенде жаудан қашу деген,

Жатса да жер қойнында асыл денең.

Сен мәңгі жасайтындар санындасың,

Ғұмырың өлшенбейді ғасырменен.

Өмірде өшпейтін із,атың қалды,

Өлшеусіз сый көруге қақың бар ды,

Сенің ерен ерлігің толғандырар,

Кеудесін жыр кернеген ақындарды.

Көрмеген өзің түр-түс тұрпаттарын,

Бақытты бүгінгі жас ұрпақтарың

Алдында рухыңның басын иіп,

Сен жайлы зор шабытпен шырқатты әнін

Атыңды үлкен білді ,кіші білді,

Кейінгі ұрпақтарға ісің үлгі.

Тұрсын деп туған жердің өр төсінде

Орнаттық тастан қашап мүсініңді.

Жүргізуші:Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын,
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетерсің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы хабар жіберіп,
Қаншама қайғы салды оттар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар.


Жүргізуші: Бақыт Исаева «Болмасын соғыс,болмасын!»

Болмасын соғыс,болмасын!

Өтсе де уақыт зымырап,

Тарихты қалай ұмытпақ.

Соғыста өлген ерлерді,

Егіліп еске ап жүр ұрпақ.

Болмасын соғыс,болмасын,

Көңілге мұң-шер толмасын.

Аналар жесір, сәбилер жетіп,

Кәрі-жас жүзі солмасын.

Елім деп соққан жүрегі,

Талмаған жауға білегі.

От кешкен әрбір жауынгер,

Соғыстың жайын біледі.

Ақ шашты ғазиз ардагер,

Қорғаған Отан нағыз ер.

Бас иіп алғыс айтамын бүгін.

Атынан халық,қалың ел.

Ынтымақ,бірлік ұранын,

Адамзат бүгін қорғасын.

Бөленіп нұрға жер беті,

Әлемге бейбіт орнасын

Жүргізуші:Катюша биі: Орындайтын 5 сынып оқушылары

Жүргізуші: Отан үшін от кешкен талай боздақ,
Ойландырып ананың дертін қозғап.
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас» 7
Мәңгілік от жүректер емес тозбақ.

Жүргізуші :Сөзі:Ахметжан Қосақовтікі, әні:Бақыт Исаева «Саттар сағынышы» әні.

Саттар сағынышы

Сайран салған сар дала-Сарбұлағым,

Өзіңменен өзектес жан шуағым.

Боздақтарың аттанып ,қан майданға,

Сыңсып тұрған шығар –ау бар құрағың.

Қайырмасы:

О,адамдар,атама соғыс атын,

Той болсын тек тағдырлар тоғысатын.

Күн туар ма,шіркін-ай енді қайтып,

Сарбұлақтың суына шомылатын.

Арқаладым халқымның аманатын,

Шыға қоймас қашанда жаман атым.

Тірі тұрсам қорғаймын Отанымды,

Ақтау үшін анамның шапағатын.

Қайырмасы:

Ар алдында әрқашан жаным құрбан,

Туған жерге бас ием табындырған.

Баспалдағын жалғайтын болашықтың,

Аман болсын,ауылым сағындырған

Қайырмасы:

О,адамдар,атама соғыс атын,

Той болсын тек тағдырлар тоғысатын.

Күн туар ма,шіркін-ай енді қайтып,

Сарбұлақтың суына шомылатын.

Жүргізуші: Әскери вальс

Жүргізуші: Бақыт Исаева «Ел есінде –ер Саттар!»

Гүлдері,қаптап өссе,көз тартар қыр,

Сарбұлақ Шу бойында құлпырып тұр.

Сол жерде Саттар батыр туып-өскен,

Тарихын біліп ұрпақ көңілді бұр.

Әр сайы, әр шоқысы,толған аңыз,

Қарасақ сар далаға ойланамыз.

Жерінде кіндік қаны тамған ердің,

Өткенін ойға алып толғанамыз.

Өнеге,өмір жолы-ерлік-дастан,

Жас Саттар ауыр тұрмыс кешіп бастан.

Ауылдың мектебінен алды білім,

Жетімдік көріп өсіп бала жастан.

Артса да,тағдыр жүгін аямастан,

Мойымай қиындыққа қарамастан.

Еңбекке араласып үлкендермен,

Өспірім қабырғасы қатаймастан.

Болмысы қатарынан болып өзге,

Келмейтін ақылымен қарсы сөзге.

Әрдайым алғыр ойы,зерделі жас,

Бозбала ерекше боп түсті көзге.

Туған жер тірлігіне араласып,

Ел –жұртпен іргетасын бір қаласып.

Шыңдады Саттар өзін сан сындарда,

Өмірге құштарлықпен қадам басып.

Ауылдың төзіп тұрмыс қиынына,

Ұйытқы болып әр іс жиынына.

Жастардың жеткшісі болды Саттар,

Бастауыш комсомолдың ұйымына.

Қырық бір, жазы елге ауыр тиді,

Қаншама адамдардың жанын қиды.

Қасірет жетіп бейбіт жерімізге,

О,сұмдық өтті тағдыр не бір қилы.

Фашистер ойда жоқта салып ойнақ,

Оранды өртке Ресей,жері аймақ.

Қызғанып ел бақытын көзін құртып,

Шамасы келгенінше қырып жоймақ.

Басталды қанды соғыс қатал заңы,

Халыққа тыныш жатқан тиіп лаңы.

Кешегі нәубәт жылдан өткен елдің,

Түнекке қайта батты атқан таңы.

Осылай шығып тағы батыстан жау,

Фашистер ойрандады бақшасын-бау.

Өмірі жан баспаған ормандары,

Жаудырған оқ-дәріден қалмады сау.

Күн туған ел басына қиын шақта,

Отанға,отты қойған бермей жатқа.

Қорғау үшін аттанды алып қару,

Сұранып өз еркімен майдан жаққа.

Ауылда қалды іні, жора-жолдас,

Ағайын,сүйген жары,жас қарындас.

Мойнында ел парызы,басынса –жау,

Азамат от басында тыныш жатпас.

Жаудырған оқтан толып қорғасынға,

Айналған жердің беті көк жасынға.

Жасқанбай жүрді күн-түн,отты кешіп,

Дүние астан-кестен ортасында.

Смоленск жерін,етуге азат,

Майданда көре жүріп небір азап.

Жас сержант,пулеметшілер бөлімшесін,

Басқарды жауға қарсы ұрыс жасап.

Осылай сан соғысқа Саттар енген,

Жанған от,атылған оқ көзбен көрген.

Ерлік пен өжеттілік біткен бойға,

Қаймықпай,қайсарлықпен соққы берген.

Баяғы бабалардай асыл заты,

Саттардың өшпес ерлік қалды аты.

Жауына атылып жай оғындай бір,

Өзі де жазым болып,кетті қапы.

Жайлаған фашистерге орман ішін,

Соңғы рет жинап бойға қайрат-күшін.

Оқ тиген кеудесімен алға қарай,

Ұмтылды жас жауынгер Отан үшін!

Соғыстан елге Саттар оралмады,

Жеңісін Ұлы Отан көре алмады.

Берілген Кеңес Одақ Батырының,

Атағын кеудесіне таға алмады.

Қорғаған жас та болса жерді-елді,

Жігіттің Саттар нағыз сұлтаны еді.

Өшпестей,артына ер із қалдырып,

Тарихтың қойнауына мәңгі енді.

Ынтымақ қалыптасқан өзегінде,

Бірлескен Кеңес Одақ кезеңінде.

Қазақтың елі-ері қатар тұрды,

Ресейге фашистер оқ кезегенді.

Қас дұшпан жеңу үшін не қылмады,

Алмаққа күшін салып бір тынбады.

Қайсарлық көрсеткеннің арқасында,

Іргесі ел,сөгілмеді,сынбады.

.Қашанда келген емес Жеңіс оңай,

Ұрысқа тайсалмастан түскен талай.

Туған ел ерлікпенен қаза тапқан,

Ұмытар Саттар сынды ұлын қалай?!

.Көк байрақ,Тәуелсіздік ел көгінде,

Шу қала саябақтың тұр төрінде.

Ескерткіш жас жауынгер ер тұлғасы,

Көқайнар,туған ауыл өз жерінде.

.Ерлігін мақтанышпен еске сақтар,

Жырына қосып ұрпақ талай жаттар.

Көтерген ел намысын әз халықтың,

Бүгінде ел есінде-батыр Саттар.

Отанды қорғау парыз,басты ұран,

Тайсалмай қас жауына қарсы тұрған.

Саттардай батырларын мақтан тұтып,

Жасынан жаттап өссін әр Жас Ұлан!

Хор: «Саттар- батыр жауангер» әні,сөзі: Бақыт Исаеваныкі

Саттар –батыр жауынгер

Туған жерден жас қыран,

Қан майданға аттанған.

Жауды жеңіп жеңіспен,

Елге оралу боп арман

Отан үшін от кешкен ер,

Саттар-батыр жауынгер.

Ерлік жолы ұрпаққа үлгі,

Мақтан тұтар туған ел.

Фашистермен шайқасып,

Бейбіт өмір аңсаған.

Ержүрек,қайсар ұл,

Оралмады соғыстан.

Отан үшін от кешкен ер,

Саттар-батыр жауынгер.

Ерлік жолы ұрпаққа үлгі,

Мақтан тұтар туған ел.

Естемесов ер Саттар,

Батыр Кеңес Одақтың.

Ел есінде ерлігі,

Жүрегінде ұрпақтың.

Ержан Заңғар «Батырлар жыры» әні

Жүргізуші: Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріне сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жүргізуші:«Мәңгі ел үшін!» хор 7 сынып оқушылары

Жүргізуші:
Осылай өтті күндер, отты жылдар,
Отан үшін құрбан боп миллиондар
Қаншама жыл өтсе де содан бері,
Ананың көкірегінде үлкен мұң бар.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Ерлік-ел мұраты!






Picture 3





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі