15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ел жүрегі - Астана» атты түлектерге арналған салтанатты жиынның әзірлемесі
«Ел жүрегі - Астана» атты түлектерге арналған
салтанатты жиынның әзірлемесі
Безендірілуі: зал гүлдермен, шарлармен, плакаттармен безендірледі.
Өткізілу уақыты: 25.05.2014 жыл сағат 10.00
Залда «Мектебім» әні орындалып тұрады.
1-жүргізуші:-Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар .ата-аналар және оқушылар мен түлектер!
2-жүргізуші:-Армысыздар құрметті қауым! Бүгін адамзат тарихындағы балалық шақтан мәңгі есте қалатын көгілдір көктеммен бірге жадырап жеткен 25 мамыр соңғы қоңыраудың соғылатын күні.
1-жүргізуші:-Бүгін-алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
2-жүргізуші:-Бүгін- «Мектебім, ұстазым»-деп көңілің қимастық кешкен күн!
1-жүргізуші:-Бүгін ата-ана ақ жол тілеп, ақ батасын берген күн!
2-жүргізуші:-Бүгін-ата-әжең ерке ұланның ержеткенін көрсем деген күн!
1-жүргізуші:- Бүгін түлектер үшін ұстазының жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн!
2-жүргізуші:-Бүгін арман қуып алысқа аттанған күн!
1-жүргізуші:-Бұл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн!
2-жүргізуші:- Бүгінгі салтанатты жиынымыз Астананың 20жылдығына
арналған «Ел жүрегі - Астана» атты тақырыбында соңғы қоңырау кешімізбен ұштасып келіп отыр.
1-жүргізуші:- «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.
2-жүргізуші:- Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз.
1-жүргізуші:-
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.
2-жүргізуші:-
Астанам шапағаттың шуағындай,
Астанам махабаттың тұрағындай,
Астанам – періштелер мекенісің
Астанам махабаттың тұрағындай.
2- жүргізуші: 2017-2018 оқу жылының «Ел жүрегі - Астана» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ).
1-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 11-жыл түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
Акишева Айдария
Адишев Жандос
Бейсенбаева айару
Қабдыраш Бектас
Қабыкен Келдібек
Сатанов Жайық
Сырымұлы Аймаханбет
Сынып жетекшісі Гүлнар Маратқызын қошеметтпен ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін!
/9 сыныптан 2 ұл бала/
(гимн орындалады, оқушылар қосылады)
2-жүргізуші:
Білімді
шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын
ешкімнен аямаған,
Саялы бақ жанашыры
жас ұрпақтың,
Ұстаз-деген – аяулы,
ардақты адам.
Алғашқы құттықтау мектеп директоры Жаман Ербұланға беріледі.
1-жүргізуші:-
Ажырамай
мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа
жаралған жүрегіңіз,
Сөз
берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге
арналсын тілегіңіз-дей келе ауылымыздың
әкімі
Абзал Тойбекұлына сөз кезегін береміз.
Ән: Мектебім
1-жүргізуші:-
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің
Оқу жылы аяқталуы туралы бұйрықты директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Балтабаева Алмагүл Болатқызына беріледі.
(1,10 сынып оқушыларына марапат қағаздары тапсырылады)
2-жүргізуші:-
Сәт
сапар тілеп түлектерге,
Мейірімге
толы болып жүректері,
Құттықтау
сөзбен келіп қалды,
Балғын шақтың
балалары.-дей келе сөз кезегін 1 сынып
оқушыларына береміз.
/1- сынып сөз сөйлейді/
1 оқушы: Құттықтау
Ән «Бақыт деген»- орындайтын 1сынып оқушысы Жәнібек Дильназ
2-жүргізуші:-
(4 сынып сөз сөйлейді)
4 сыныптың 11 сыныпқа арнауы. Хасен Мөлдір
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды төртінші сынып баршаңды.
11 жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Ағалар мен апалар,
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз.
Келдібек аға, мен сіздей, Заңғар
Спортшы боламын.
Барлық сайысқа қатысып,
Облыстан орын аламын.
Жайық аға , мен сізді сыйлаймын, Ермахан
Өзіңізді қоштасуға қимаймын.
Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,
Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.
Аймаханбет аға, өзі қандай сымбатты, Бексұлтан
Ұлы ғой анасының қымбатты.
Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,
Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.
Тәртіпті де, тіл алғыш, Балжан
Айару ападай боламын.
Сабақтан себепсіз қалмаймын,
Салт – дәстүрлі сақтаймын.
Өзімнен кішкентайларға, Кәусәр
Мейіріммен қараймын.
Айдария апа мен сіздей,
Әдепті қыз боламын.
Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған, Ернұр
10 сынып қыздарына жарқылдаған.
Қанат қағып барасыз Бектас аға,
Мақсатыңа жете біл армандаған.
Өзі қандай ұқыпты қарашы, Әліби
Жезқазғанның ол сүйкімді баласы.
Барлық іске тиянақты қарайды,
Мақтан етем мен Жандос ағаны.
1 бала – Сіздерге жалын жүректен,
Айталық достық тілекпен.
Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын !
2-жүргізуші: Бүгінгі күн 9- сынып бітіруші түлектер үшін де ерекше күн
Себебі: Арман қуып, түлектердің біршамасы жаңа өмірге аттанып, балалықпен қоштаспақ.
Ендеше осынау есте қалар ерекше күнде 9 сынып оқушыларына құрметпен сөз кезегін береміз.
9-сынып:
Арманыңда жаныңда жалын бар,
Жас талапкер сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар
Мектеп қайта есігін ашпас енді
Өмір ұстаз ақылды, айрықша енді
Басқаша үйретер бар сабағын
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді.
Жаса қанша тентектік есір мейлі
Мектептегі мұғалім кешіргенмен
Өмір қатал ол күндер кешірмейді.
Даусыз ол күн есіңде сақталарын
Жазылмаған өмірдің ақ парағын
Жаңа дастан күтеді жазуыңды
Күтпейді тек кластың тақталары
Енді сені күтеді барлық жолдар.
Күтпейді тек мектептің парталары
Кездеседі дауылда , дабылда көп
Дамылдама қаймықпа қабылда кеп
Үлкен ойдан үлкен іс туар ойлан
Болашақтың тағдыры қолымда деп
Уақытта емтихан алар ол сын
Қорқыта алмас көңілге сенім қосын
Жас талапкер билет ал тәуекел деп
Емтиханда өмірде жолың болсын!
2-жүргізуші:-Ал келесі сөз кезегін құрметпен түлектерге береміз.
Түлектердің өз шығармашылықтарынан алынған ұстаздарға деген жүрекжарды арнауларын қабыл алыңыздар.
Айару: Тілектерді оқып тұрады
Қалған балалар төсбелгілерді ұстаздарға тағып тұрады.
1-жүргізуші:Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған,-дей келе түлектердің орындауында ұстаздарға сазды сәлем жолдаймыз.
Ән “Ұстазым” орындайтын 11 сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі жетекші бапкерлерде.
-Сөз кезегі құрметпен 11- сынып жетекшісі
Қуанышбекова Гүлнара Маратқызына беріледі.
Ұстаз тілегі:
I –жүргізуші:
Жақсы
шәкірт азамат атанады,
Халқынан
ата-анадан бата алады.
Ұрпағына
айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға
шақырайық ата-ананы.
Ортаға ата-аналардың төрайымы Какенова Зауреш ортаға шығып тілек айтады.
Ән: Сырымұлы Аймаханбет «Қазақ елі»
2-жүргізуші:Мектеп бітіруші түлектерге білім туын табыстау рәсімі беріледі.
I
-жүргізуші :
Жас түлек, 11 жыл бойы ата- анаң аялап,
ұстазың жетелеп,мектебің мәпелеп
кәмелетке келдің.
II–жүргізуші
:
Балалықпен қоштасып, жастық шақпен
достастың.
I
-жүргізуші :
Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау
мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру
мен білім кілтін тапсыру салтанатты
рәсімін өткізуді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Білім
кілтін тапсырушы түлек-Акишева
Айдария:- 11
жыл бойы білімізбен, өнерімізбен үнемі
биіктен желбіреуіне күш жігеріміздін
жұмсаған «Білім туын» келесі
ізбасарларымызға табыс етеміз.
Жайық:Әнге
ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып
ұядан!
Айтамын
саған аманат, Iзбасар 10-
сыныптар!
Айдария:Мейірімінен
шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Бір
жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған
аманат!!
Жайық:Үзілісте
соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі
тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған
аманат!
Айдария:Желбірейтін
биікте-Алтын ұя туы аманат!
Кір
келтірмей атына , биікке самғау-бізге
аманат!
Бірге:«Қош
бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге
сау-саламат!
Аманат
қабылдаушының сөзі-2 қыз:
-Біз 10 сынып оқушылары - Сіздерден
қастерлі аманатты қабылдай отырып ,
бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға ,
білім мен тәрбиеде алда болуға ,
мемлекетімізді гүлдендіруге, мектебіміздің
мәртебесін биік ұстауға өз үлесімізді
қосамыз деп ант береміз.
IІ
–жүргізуші :
Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына
қаймықпай құрышты ерген.
Туды
биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта
бер қашанда жеңістермен
«Ұстазға » әні орындайтын Бейсенбаева Айару
II -жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар.
I
–жүргізуші:
Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау
құрметіне мектебіміздің түлегімі
Қабыкен Келдібек 1А сыныбының оқу үздігі
Әбілқайыр Жанельге беріледі.
II -жүргізуші: -
Гүлдерге
толып омырау
Түлектер
тойын тойлайды.
Қағылмақ
соңғы қоңырау
Қаққызбай
өмір қоймайды
I
–жүргізуші:
Мектеп,
мектеп - шаттыққа толы үйің
Ұша
білсең болмас -ау қону қиын.
Балалықтың
соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың
естиміз соңғы үнін.
Соңғы қоңырау соғылады.
IІ –жүргізуші:
Көрмеген
артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін
баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық
вальске түлектерді
Қоштасудың
вальсін айтып тұрып .
IІ
–жүргізуші:
Мектеп
бітірушілерді «Қоштасу вальсімен»
ортаға шақырамыз.
I
–жүргізуші:
Қоштасады
алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан
сипап өтсін көктен күн
«Сәт
сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік
біз армандарға жеткенін.
IІ-жүргізуші
:
Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер!
Алдағы емтихандарыңнан ҰБТ дан тек ғана
сәттілік тілейміз. Әрқашан жолдырың
болсын.Алтын ұя мектептеріңнің сүйкімді
қоңырау үні мәңгі естеріңде сақталсын.
I –жүргізуші:
Ата- аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! Құрметпен түлектерді жаңа өмірге шығарып салайық.
I -жүргізуші: Сәт сапар, сіздерге, Жас түлек!
Түлектер ортадан музыкамен жүріп кетеді.
IІ-жүргізуші : Осымен «Сыңғырла соңғы қоңырау» ,«Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Күмбірле, қоңырау күмбірле
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
Жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Жүргізуші: Түлектердің жолы ақ болсын!
«Бекітемін»
Тәрбие жұмысының
орынбасарының м.а
_______М.Уақасова
« __» ____ 2018 жыл
«Ел жүрегі - Астана»
атты түлектерге арналған
салтанатты жиынның әзірлемесі
2017-2018 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген