15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ел жүрегі Астана
Рухани жаңғыру болашаққа бағдар бағдарламасы аясында елордамыздың
20 жылдығына арналған «Ел жүрегі –Астана» тақырыбында өткізілетін әдеби сазды мерекелік іс шараның
ӘЗІРЛЕМЕСІ
Өткізілетін орны: Акт залы
Өткізілетін уақыты: 17.01.2018ж
СЛАЙД №1«Ел жүрегі –Астана»
Бибігүл Алдабергенқызы сөзін жалғастырады. Құрметті қонақтар!!! Мерекелік іс шараға арнайы шақырылған қауым!!!! 2017 жылы сәуір айында елбасымыз Қазақстанның үшінші жаңғыруын басталғанын жариялаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.Апайдың тақырыпқа байланысты тоқталу
Әлем таныған Қазақстанның бас қаласы Астанаға Осынау жылдар ішінде әлем таныған әсем қалалардың қатарынан көрінген Астана қаласы көркейіп өсуде . Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты жарқын болашағымызға айқын бағыт береді.(шымылдырық ашылады)
Шымылдырық ашатын (Гүлбану апай мен Гүлнар апай)
Хор «Нұр Отан» 3-сынып2-3 минут
Видео ролик көрсету.- 3-5минут
СЛАЙД №2 Астананың суреті
1-жүргізуші:
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге
Жайнаған Отанымның жүрегінде
Астанам-бақ ошағым,түп қазығым
Айналған бар қазақтың тілегіне
2-жүргізуші:
Күн
болып қарайды,
Шуақ
боп тарайды.
Әлемге
нұр шашқан,
Астанам
арайлы.
Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз.
Би « Астана» орындайтын 3 а сынып кыздары
1-жүргізуші:Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Ал енді осы ғимараттармен таныс болыңыздар. !!!!
Слайд №3 Бәйтерек
Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады. Мизимбаева Гулбану Хабдрахманқызы
Слайд №4 Ак орда
Гиса Азат оқушы ,Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған.
Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.
СЛАЙД 5 Бейбітшілік пен келісім сарайы
Молдрахметова Асем Мараткызы
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астанақаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани орталығына айналды. Ғимарат пирамида түрінде болса, сарайдың орталық залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, мұражай, университет, опера залы орналасқан.
СЛАЙД 6 Тәуелсіздік Сарайы
Абдикарим Азамат
Тәуелсіздік Сарайы - форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы жоғары халықаралық дәрежеде өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
.
СЛАЙД 7 Қазақ елі монументі
Жаукина Дина ХаттаевнаҚазақ елі монументі- Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл –Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті.
«Қазақ елі» монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колонна да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ ортасында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.
Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен аяқталады.
СЛАЙД № 8Назарбаев Университетi оқушы
Назарбаев Университетi — қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен ашылған Астанадағы жоғары оқу орны. Н. А. Назарбаев университетті өзінің атымен атауға рұқсат берді. Университеттің идеясы – бұрын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге барып оқыған студенттерге енді Қазақстанда сол сапа мен деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беру. «Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.
Кендирова Айым Талғатқызы
СЛАЙД № 10 "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы
Бүгін сіздермен Еуразияның жүрегінен орын тепкен елордамыз Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы . Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.
Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.
Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.
"Хан шатырдағы" назар аударуға тұрарлық тағы да бір бұрыш - "Өнер галереясы". Сіз бұл жерде қазақстандық суретшілер мен қолөнершілердің тамаша туындыларының куәгері атанасыз.
СЛАЙД № 11 ЭКСПО 2017 окушы
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. «Нұр Әлем». «ЭКСПО-2017» қалашығында орын тепкен кешенде негізгі энергия түрлері: ғарыш, күн, жел, су және кинетикалық энергия үлгілері көрсетілген. Сондай-ақ, «Астана — болашақтың қаласы 2050» экспозициясы ұсынылған.
2-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев «Қазақ жері» Айша Алтай
1-жүргізуші:
Астана
– отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға
жетпес байлығы. Қазақ деген абыройлы
елдің атағын асқақтата түскен биік
қамал, тәуелсіздіктің символы. Күн өткен
сайын көркейе түскен елордамыз бүгінде
көз тоймастай ғажайып бейнеге ие. Жаны
жайсаң Қазақ халқымыздың төгілген тері
мен ерен еңбегінің, елбасымыздың кемел
саясатының арқасында әрбір арайлап
атқан таң сайын жетіп жатқан жетістіктері
орасан зор. Осынша жетістік, осынша
армандардың жүзеге асуы – Тәуелсіздіктің
арқасы. Еліміздің егемендігіне
биыл, міне, 26 жыл. Жеткенімізден
жететіндеріміз көп. Істелген істен
атқаратынымыз көп. Астана – Тәуелсіздіктің
жемісі десек, жемісті баптауға тура
келеді. Ал, оның баптаушылары мен
бағбандары біз – жастар болуымыз тиіс.
Өйткені, біз де Тәуелсіздікте туған
ұрпақпыз. Сол тәуелсіздігіміздің
жемісіміз!
2-жүргізуші:
Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік» Салимов Бекзат 4 а сынып оқушысы
СЛАЙД 12
Хор: «Қазақстан» 4-сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Тұратын сан алуан ұлттан,ұлыстан,
Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан.
«Ырыс түбі-ынтымақ» деп жарасып,
Қазақстан жайнап тұрсын алыстан
Татар биі:3 а сынып оқушысы Астана қаласында өткізілген Республикалық би байқауының бас жүлдегері Әмірсейт Айым
2-жүргізуші:.Туған елдің көркі неткен ғажайып?!
Дала күйін шертіп, әнге қосайық.
Жерұйығы Сарыарқаның даласы
Арман қуған Астанаға қарашы.
1-жүргізуші
Асқақтай бер, Астанам!
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Екі жүргізуші бірге:
Жаса, жаса жас қалам.
Жайнай бер менің Астанам!
Ән: «Астана»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген