Материалдар / Ел мураты -ел бақыты, гүлденген Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел мураты -ел бақыты, гүлденген Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды өз елін Отаның сүйюге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Елбасы мұраты – Ел бақыты, гүлденген Қазақстан »

Сынып: 10а

өтілу күні:  04.12.17ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  оқушыларға еліміз қабылдаған Ата Заңды құрметтеуге әрбір жас жеткіншекті өмірдегі өз құқығын, міндеттерін білуге, Ата Заңын сыйлауға, достық қарым – қатынасты қалыптастыра білуге, кез келген мәселені әділ шешуге, Ата Заңнын өмірлік қажеттілігін оқушыларға ұғындыру, түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: сабақ барысында Конституциядағы маңыздылықтар арқылы патриоттық тәрбие беру

Көрнекілік: ҚР –ның картасы, безендіру құралдары, тірек схема, қанатты сөздер. ҚР-ның Конституциясы (1995ж)

І. Ұйымдастыру кезеңі Ән ұран

( сыныпты түгендеу, оқушы назарын сабаққа бөлу)

Кіріспе

Мұғалім:

Қазақстан біздің сүйікті-Отанымыз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары,айдын шалқар көлдері,жайыла аққан өзендері,ормандары бар.

Осының бәрі Алтай менен Атырау,Ақжайық мен Алатудың аясында құалш жайып,жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады»-деп халқымыз айтқандай,Оған кең мағыналы,қасиетті ұғым.Әрбір адамның отбасы,тұрған мекенні,өскен ортасы,аймағы,мемлекеті-оның жарық дүниедегі жансаясы,өмір өрісі,оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп,аялау үшін еліміз ,туған жеріміз оның тарихын,өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

МЕНІҢ Қазақстаным!Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын.Тіпті,мүмкін емес десе де болады.Оны айтқандай бойынды ерекше сезім билеп,сананда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат,туған халқың ментуған топырағынның алдындағы перзенттік парызи жайлы ойлар жадыңа оралады.Одан өміршеңдік пен өрлікке,оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі.

Менің Қазақстаным!Бұл-жігеріңді жанып,жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер.Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен,оның өткенімен,бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығың,табиғи біртұтастығын еске түседі.

Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын,сағым қуып,самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін,қыран қанатының ғаламат суылын естігендей  боласың.Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеуріңді қимылы көз алдына келеді.

Менің Қазақстаным!Бұл- қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі.Барша әлемге ашық , бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші халқы- тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі.

І. Сұрақ жауап

Мемлекет дегеніміз не? М д- белгілі бір территориясы , шекарасы, рәміздері, ұлты, бар жалпыхалықтық ірі ұйым

1) тапсырма

  • Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)

міне балалар өздерін атап өткендей еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған Ата Заңымыз ел дамуының компасы болды. ҚР 1993 жылы Жоғарғы Кеңес бекіткен Егеменді еліміздің алғашқы Коституциясы, 1995 ж референдум арқылы бекіткен 2ші Конституциясын қабылдады. Біздің елде Конституция күнін қашан тойлаймыз?

2) Тапсырма

Сұрақтарға жауап бер:

1) Ата Заң дегеніміз не? –(елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің ең басты құжаты.)

2) Ата Заңның құрылымын ата – ( 9 бөлім, 98 бап)

3) Осы Конституцияның алдындағы Ата Заңы қашан қабылданды? (28.01.1993)

4) мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы кім? (халық)

5) Ата заң не үшін қызмет етеді? (әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға)

6) Соттар үкім шығарғанда кімгебағынады?

7) ҚР Президентігіне кандидат қай тілді білу керек? (мемлекеттік тілді)

8) Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туған кезінен бастап)

9) неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? (18)

10) Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16)

 3) тапсырма

«Ойды аяқта»

1 топ                                        2 топ                                              3 топ

Заңның құрығы…..                 өш алғаннан горі…               әр адамның құдай…




(бәрінен ұзын )                         (кешірген жақсы)                  (оның ары)

Жамандық қылсаң  пәле күт    жазасын тартпайтын…        әділ істің …

(бәріне де зауал бар)                 (жамандық болмайды)        (арты игі)

ІІ. Әдеби монтаж.

1 оқушы

Қазақстан, менің асыл аймағым.

Қуантады күнге құшақ жайғанын.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

1 оқушы

Қазақстан туралы жалпы шолу.

Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 млн.шаршы шақырым.Қазақстан территориясы пайдалы қазбаларға бай.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері-Елтанба,Жалау және Әнұраны бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы Президент резиденциясының,министрлер кабинеті,министрліктер,мемлекеттік комиттер,Ұлттық Ғылым Академиясы,жергілікті әкімшілік пен мәжіліс ғимараты,Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және сауда мекемелері үйлнрінде көтеріледі.

2 оқушы

Қазақстан Республикасының азаматтары,сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын халықтар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуға міндетті.

1992 жылы маусымның 4-де республика парламенті жаңа рәміздері:Жалау,Елтаңба,Әнұранды қабылдады.Ал Қазақстан Республикасының заңында былай делінген: «Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалуы көк түсті,ортасы күн шапағына бөленген дала қыраны-бүркіт.Күн-оның шапағы,бүркіт алтын түстес.Сол жағынан қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген.1992 жылы маусымның 2-інде қазақ жалуы көтерілді.Жалаудың көк түсі бірлесу идеясына берілгендікті бейнелеп қоймай,бейбітшіліктің,тыныштық пен тоқшылықтың белгісі болған.Көк түс-бұл көңіл ақтығы,адамның үміт сияқты адамгершілік қасиеті,өз сәулесіне шомылған күн қазақ халқының жомарттығы мен арман ойларының биіктігін бейнелейді.Дәстүрлі ою-өрнек көп ұлтты Қазақстан халқының этникалық тұтастығын көрсетіп тұр.

3- оқушы Рамазан

Алматы- жері жайсаң облыс

Ақтөбе- өлке ақ тарысы – мол ырыс.

Атырау- мол Қазақстан мұнайы

Жамбыл – Жайлау, қазыналы, шұрайлы

Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетеу – Көп көгілдір көл аймағы

Қарағанды – Қара алтынның қоймасы,

Қостанай – құт қызыл бидай қоймасы,

Қызылорда – күрішті  сыр сағасы,

Орал – көне ақ  жайықтың жағасы.

Өскемен- өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар- қара Ертістің саясы

Қызылжар- солтүстігім орманды

Семей- аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды

Талдықорған – жер жәннаты, көп бағы,

Ақмола- Арқада ыстық алқабы

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

 

4-оқушы Ердәулет

Сыр бойындай баулардан ,

Алатудай таулардан.

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий,Аралдан.

Баян сұлу,Жібектей,

Төлегендей түлектей.

Ұл-қызы бар елімнің,

Жұлдызы бар жерімнін.

Ұлы тойдай ұлы есім.

Жаралған ер жер үшін,

Сырда сұлу күрішім,

Қырда бидай ырысым.

Жыршы-жырау салтымнан,

Әнші-күйші халқымнан

Сәлем саған,туған ел!

5 оқушы: Нұртілек

Мемлекетіміздің астанасы-1997 жылы Астана қаласына көшірілді.Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.Астана қаласының тұрмыс-тіршілігі,әілеуметтік жағдайы,экономикалық дамысы,өзге елдермен байланысы күннен күнге дамып,көркею үстінде.

6-оқушы

Ақ Жайық,Алтай арасы,

Қазақтың Шалқар қаласы,

Республикамк қарашы!

Жерінің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

7- оқушы

Абай туған,СӘКЕН ТУҒАН,

Құрметте достым,қазақтың жерін,

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан-республикам менің!

Төлеген,Мәншүк,

Батырлар шыққан.

Қазақстан-республикам менін!

Орманы-пүліс,

Бұлағы-күміс,

Қазақстан-республикам менін!

Таулары заңғар,

Өзені ырыс,

Қазақстан-республикам менін!

8- оқушы

Республикам күндей күлген шығыстан,

Асыл елім,жан жүректі ұғысқан.

Ата- бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын бесік – Қазақстан гүлстан.

Жүр барайық, ашайық ән арнасын,

Жырау толғап домбырасын қолға алсын.

Дастарқандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар билеп талмасын

Алматы- жері жайсаң облыс

Ақтөбе- өлке ақ тарысы – мол ырыс.

Атырау- мол Қазақстан мұнайы

Жамбыл – Жайлау, қазыналы, шұрайлы

Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетеу – Көп көгілдір көл аймағы

Қарағанды – Қара алтынның қоймасы,

Қостанай – құт қызыл бидай қоймасы,

Қызылорда – күрішті  сыр сағасы,

Орал – көне ақ  жайықтың жағасы.

Өскемен- өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар- қара Ертістің саясы

Қызылжар- солтүстігім орманды

Семей- аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды

Талдықорған – жер жәннаты, көп бағы,

Ақмола- Арқада ыстық алқабы

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

 9- оқушы:

Мемлекетіміздің астанасы-1997 жылы Астана қаласына көшірілді.Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.Астана қаласының тұрмыс-тіршілігі,әілеуметтік жағдайы,экономикалық дамысы,өзге елдермен байланысы күннен күнге дамып,көркею үстінде.

11-оқушы

Республикам күндей күлген шығыстан,

Асыл елім,жан жүректі ұғысқан.

Ата- бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын бесік – Қазақстан гүлстан.

Жүр барайық, ашайық ән арнасын,

Жырау толғап домбырасын қолға алсын.

Дастарқандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар билеп талмасын

ІV. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тындалады.

(шығарма, реферат, өлеңдері)

  Сабақты қорытындылау

«Ата бабаларымыз аңсаған

азаттық пен тәуелсіздікті алдық.

Ендігі мәселе — келесі ұрпаққа, болашаққа

Қазақстанның осы тәуелсіздігін

аманаттау»

Н.Ә.Назарбаев

«Елінің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса,

азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық

Жалғыз мемлекеттің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.

Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

Н.Ә. Назарбаев



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!