400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ел намысын қорғаған – Бақтияр Артаев" 6 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына арналған ҚМЖ. Сабақтың ақсаттары: тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер,сызба – кестелер жасау;жалғаулықты немесе кезектесіп мәнді білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. ҚМЖ бойынша оқушылар: тақырып барысында үйренген жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады, тақырыптың көтерілген мәселесін анықтайды;тақырып негізінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен,ойымен байланыстырады;жинақталған мәліметтерді тақырыптың негізгі ойымен байланыстырады және постер мен сызба кестелеріне түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11-бөлім. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы

Мұғалімнің аты-жөні: Кусаинова Салтанат Камтовна

Мектеп: «№ 16 орта мектебі » КММ

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ел намысын қорғаған –­ Бақтияр Артаев


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

О6 – тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру,

Ж4 – мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер,сызба – кестелер жасау;

ТБ1 – жалғаулықты немесе кезектесіп мәнді білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: оқыған мәтін негізіндегі тірек сөздерді қолдану арқылы көтерілген мәселені анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: сұрақтар бойынша мәтіндегі негізіндегі ойды шынайы өмірмен байланыстырады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша жинақталған мәліметтерді талқылайды, түйінді ойларды постерге жинақтайды.

Бағалау критерийі

- тақырып барысында үйренген жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады, тақырыптың көтерілген мәселесін анықтайды;

- тақырып негізінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен,ойымен байланыстырады;

- жинақталған мәліметтерді тақырыптың негізгі ойымен байланыстырады және постер мен сызба кестелеріне түседі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: жүлде, оз, жеңіс, жүлделі, күрес, жанкүйер, алдыңғы финал, халықаралық жарыстар, олимиада чемпионы


Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен спортпен шұғылдану пайдалы деп ойлайсыздар?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Не себепті бокс қатал спорт түріне жатады? Қалай дәлелдер едіңіздер?

Ишара: қимыл, мимика

Құндылықтарға баулу

  • туған жерімзден шыққан әйгілі спортшыларды мақтан етіп, үлгі тұтуға;

  • оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға;

  • еліміздің атақты спортшыларын құрметтеуге;

  • спортпен шұғылдануға баулу,

Пәнаралық байланыс

Сабақтағы тапсырмалар мен жұмыс түрлері дене шынықтыру, өзін–өзі тану, информатика пәндерімен байланысты

Алдыңғы білім

Қазақстанның төрт климаттық аймағының табиғи ерекшелігін сипаттай біледі. Сын – қимыл, мөлшер үстеу туралы ережелерді біледі, тапсырмалар арқылы жүйелі түрде таба алады,


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

5 минут


















  1. «Жүректен жүрекке» әдісі

Мақсаты: оқушылар бірі-біріне ыстық лебіздерін білдіреді, жағымды психологиялық ахуал орнатады.

Сурет арқылы топқа бөлу: .

1 топ - «Футболшылар»

2 топ - «Боксшылар»





«Ыстық орындық» әдісі

Мақсаты: алдыңғы білімдеріне кері байланыс жасау.

Шарты: Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

ҚБ. «Басбармақ» әдісі





Сабақтың ортасы


20 минут

Оқылым алды.

ЖЖ. 1-тапсырма. «Ой түрткі» әдісі

Мақсаты: Бейнелі суреттерге назар аударып, сұрақтар арқылы шынайы өмірмен байланыстырыңыздар.


1. Қазақстанның қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіздер ме?

2. Бейнелі суреттерде көрсетілген спортшылар қандай спорт түріне қатысады деп ойлайсыздар?

3. Спортпен шұғылданудың пайдасы бар ма?

4. Өз туған жеріңізден шыққан әйгілі споршыларды білесіздер ме?


Дескриптор:


* Бейнелі суреттер арқылы сұрақтарға жауап береді;

* Шынайы өмірмен байланыстырады;





























https://yandex.kz/images/search?text=Қазақстан




















































Оқылым ортасы

ТЖ. 2-тапсырма.«Өрмекші» әдісі арқылы мәтіндегі мәліметтерді жинақтай отырып, жаңа сөздер мен тірек сөздер арқылы постер құраңыздар.

Мақсаты: оқыған мәтін негізіндегі тірек сөздерді қолдану арқылы көтерілген мәселені постер арқылы көрсету.

Шарты: Оқушылар постерге өрмекшінің сұбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.


Тірек сөздер

Сөз тіркесі

Жүлде

Жүлделі орын

Жеңіс

Жеңіс алаңы

Күрес

Күреске дайындық

Жанкүйер

Көп жанкүйер

Жеңімпаз

Олимпиада жеңімпазы


Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды,ол «жеңімпаз» атанды. Алдыңғы финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түрікменстандық Алиаскер Башировты отыз үш те жиырма үш есебімен жеңді. Ширек финалда бар жігерін жинап, украиндық Виктор Поляковты айқын басымдықпен, отыз үш те он үш есебімен, тізе біктірді.Халықаралық жарыстарда өлі мойындала қоймаған,айтарлықтай үлкен жеңісі жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, олимпиадалардың екі дүркін чемпионы. Баркер кубогінің иегері – Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр олимпиада ойындарының фавориті,,тәжірибелі Саитовты жиырма да он сегіз есебімен жеңіл, финалға жетті.

Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкинде еді. Бақтиярды финалда атағы атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін , екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 15 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон финалда Бақтияр Артаевтан отыз алты да жиырма алты есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, Бақтиярдың бағы жанды,бәрін басып озып, жүлделі болды. ( Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық 6 – сынып, 2 – бөлім

Ф.Ш.Оразбаева.,Ж.Т. Дәулетбекова., А.Қ. Рауандина., Р.С. Рахметова., А.Н. Юсуп)



Дескриптор:

  • Жаңа сөздер мен тірек сөздерді анықтайды;

  • Тірек сөздерге сүйеніп сөз тіркестерін құрайды;

  • Мәтіндегі мәліметтерді жинақтай отырып постер жасайды;


Ж.3-тапсырма. « Кезектескен сөздер» әдісі арқылы кезектес мәнді білдіретін жалғаулықтарды қолдана отырып, мәтіннен қажетті бөліктерді теріп жазыңыздар.



Алдыңғы финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түрікменстандық Алиаскер Башировты отыз үш те жиырма үш есебімен жеңді. Ширек финалда бар жігерін жинап, украиндық Виктор Поляковты айқын басымдықпен, отыз үш те он үш есебімен, тізе біктірді.Халықаралық жарыстарда өлі мойындала қоймаған,айтарлықтай үлкен жеңісі жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, олимпиадалардың екі дүркін чемпионы. Баркер кубогінің иегері – Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр олимпиада ойындарының фавориті,,тәжірибелі Саитовты жиырма да он сегіз есебімен жеңіл, финалға жетті.

Дескриптор:

  • Кезектес мәнді білдіретін жалғаулықтарды анықтайды;

  • Мәтіннен қажетті бөліктерді анықтап, кезектес мәнде жазады;










































Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық

6 – сынып, 2 – бөлім

Ф.Ш.Оразбаева.,

Ж.Т. Дәулетбекова., А.Қ. Рауандина., Р.С. Рахметова., А.Н. Юсуп


Сабақтың соңы


Мәтін соңы

«Попс» формуласы

Мақсаты: Мәтіндегі ақпараттар бойынша өз ой –тұжырымдарын білідіру.

Шарты:

Бірінші сөйлем. «Менің ойымша ...»

Екініш сөйлем. «Себебі мен оны ... , деп түсінемін»

Үшінші сөйлем. «Онымен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлеледей аламын

Соңғы сөйлем. « Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім»




















Рефлексия

«2 жұлдыз 1 тілек» әдісі

Мақсаты: Сабақты қорытындылауға кері байланыс жасау.







Үй жұмысы

Бақтияр Артаев туралы қосымша мәліметтер жинап келу.


Ғаламтор көздерінене

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау








Оқушылардың материалды игеру деңгейін қалыптастырушы бағалау арқылы «Басбармақ» әдісі,

«2 жұлдыз 1 тілек» әдісі

және дескрипторлар арқылы жүзеге асты.

  • АКТ байланыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • Жұптық. Топтық жұмыстарда топ ережесін сақтау;

  • Оқушы өзара пікірлескенде әдеп-этикетін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
34 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
5557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі