Тақырыбы: Ел ордамыз Астанаға 20
жыл
Мақсаты: 1. Балаларға еліміздің бас қаласы Астана
туралы мәлімет беру.
2.
Астана туралы деректермен білімін дамыту.
3.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Елжанды азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты
сөздер.
Тәрбиеші: Балалар, Астана-еліміздің бас қаласы. Әр
елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің
болашақ патриоттарымыз. Ата-бабамыз жасап берген ұлы жолды алдағы
уақытта жалғастыруымыз керек. Балалар , біз осы астана туралы не
білеміз? Астана туралы мәлімет жинақтаңдар.
Бибінұр бізге
Астана сөзінің шығу тарихы, яғни, атауы туралы
бізге айтып берсін.
-Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол
сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне
парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген
мағыналарға ие.
-Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не
білеміз?
-1862 жылы Ақмола қала мәртебесін
алды.
-1962 жылы қалаға Целиноград атауы
берілді.
-1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана
болып өзгертілді.
-
Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?
Альфия: Себебі,мола-қазақ ұғымында зират, өлген
адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса,екіншіден шетелдіктер
оны сөзбе-сөз аударып,қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап
жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер ат қажет еді.
Астананың атауына байланысты Елбасы: Шынын айтқанда, астананың
атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп
жүргенде,бір жолы түнде дәлірек айтсам,сағат түнгі екіде
Астанадеген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені, Астана
дегеніміз-астана қазақша әдемі естіледі.
1 бөлім. Астана
шежіресі.
Астана туралы білетін,жинақтаған өлеңдері,
жырлары болса айтып ортаға.
Анел:Алатау бастағанда асқарала,
Қосылды қуанышқа жас бала да.
Алматы өзінің жан жалғасында,
Арнайды ақ батасын астанаға
Айзада: Ата-баба салтымен,
Абай, Жамбыл даңқымен
Құлагердей құлшынып
Орнап мәңгі біршілік
Әруақ қонған жас қала.
Жандос пен
Меңтай өз шығармашылығынан
Астананың 20-жылдығына арнап жазған өлеңдерін оқып
берді.
Астанам бас қалам
қасында мақтанам
Астана жас қала
Жүректен толғанған.
Қазақстан жері үлкен,
кең дала
Суы мөлдір, өзені көп, гүлдер өсіп
жайқала
20-жылың құтты болсын
Бас қаласы-орман қала
Астана
Хор: «Елімнің
жүрегі»-әні
Мұғалім:Күннен-күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан
Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет
өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.
2 бөлім. Ғажайып
қала-Астана.
-Балалар, сендер осы елордамыз Астанадағы қандай
ғимараттарды білесіңдер?
-Қалаға келген қонақтарды осы ғимараттармен қалай
таныстырасыңдар?
Әмина : Бәйтерек
Қазағым, қара орманым-байтақ
елім
Жақсыны, жаманды да байқап
едің.
Асыраған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы бойлап өскен бәйтерегің.
Нұрсұлтан-ел тірегі, алтын
діңгек
Алыптың халқы ғана нарқын
білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді
Алашқа қорған болар ұл тудым
деп.
Танытып терезесі теңдігіңді
Әлемге әйгіледі елдігіңді
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің
Сақтай біл ұлан-байтақ
кеңдігіңді.
-Бәйтерек дегеніміз не? Ол туралы не
білеміз?
-Осы бәйтерек ағашы туралы айтылған аңыз әңгімені
кім біледі?
Нұриддин : «Нұр Астана»мешіті.
-Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас
мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі 43метр,
одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метр төрт мұнарасы
бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір
мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
Данияр : Пирамида
-Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап,
адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида
қазақ елін көзге елестетеді екен. Алыстасаң аласарып,жақындасаң
биіктей беретін,ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл
ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысы мен достыққа
адалдығын көрсетеді екен.
Мархаба : Тәуелсіздік сарайы
-астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы
Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы
кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық
аяқталды.Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған
бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында
орналасқан.
Мұғалім :
Балалар сендер байқап отырған болсаңдар, Астана қаласының барлық
көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған? Олай болса Есіл
өзені туралы не білеміз?
Диляра
: Есіл-республикамыздың
солтүстік өңіріндегі Қарағанды,Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік
Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзен
атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар. Есіл
атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар.
Бірі-Есіл атауын «жасыл»деген зат түсімен байланыстырса,
екіншісі-етістік түбірін тілге тиек етеді.
Қазақстанымыздың киелі ордасы
туралы Динара жырламақшы.
Айқында небір өткелін,
Кеңейтіп тарих беттерін.
Сенімін саған тапсырған.
Тәуелсіз елдің, текті елдің.
Шығармай жұртты қақпадан.
Басылар соқса ақ боран.
Ортаймас ырыс –құттары
Астана жайна, баққа оран.
Мұздақпен жапқан жотасын
Алатау саған ата шын,
«Астана-кіші інім»-деп
Алматы берген батасын.
Ақерке: Қастерлей тыңдап осы үнді
Құлақтан еміп есілді
Қанатын жайып, көкке өрлеп
Астана кеңге көсілді
Қазақтың үлкен үйісің
Шежіре, аңыз, күйісің.
Әділдік жақтан наркескен,
Дуалы сөздің биісің
Өсірер әлі-ақ тербетіп,
Болашаққа ұл-қыз бесігін
Астана таңы арайлы,
Әлемге барша қарайды.
3 бөлім. Викториналық сұрақтар. Сен білесің
бе?
-
Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны
қанша адамға жетті? 700 мың
-
Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен
97 метр? Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне
байланысты
-
Жаңа көпірдің ұзындығы? 214метр
-
Жаңа көпірге қандай ат берілді?
Сарыарқа
-
Астанадағы ең басты қатынас жолы? Республика
даңғылы
-
Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат?
Астана Тауэр
-
Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай
аталады? Атамекен
-
«Думан» океанариумына теңіз суымен толтырылған
қанша аквариум сыйып тұр? 13 үлкен аквариум
-
1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және
қара күш иесі кім еді? Қ Мұңайтпасов
-
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кйін ғарышқа
самғаған қазақ ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев
Қорытындылау. Хор «Көк тудың
желбірегені»
Міне, 1998 жылдан бері көркейіп келген Астана
әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі Қазақстанның өркендеуі
дегендей, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы
бері Астанамызға күн сайын жан-жақтан туристер, қонақтар ағылып
келіп жатыр.
Нұртілеу :
Ортақ мекен-жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Туыспыз біз бәріміз.
№42 орта
мектеп
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы: Ел ордамыз Астанаға 20
жыл
Сынып: 6
«Ә»
Сынып
жетекші :
Қырғызбаева
Қ.Қ.