жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ел қорғаны – ер батыр (Мерекелік кеш)
№176 орта мектебі
М Е Р Е К Е Л І К К Е Ш
Ел қорғаны – ер батыр
Сыныбы: 4-11
Жауапты : Ө.Доскеева
П.Сахиева
А.Алмағанбетова
Қызылорда, 2018 ж
Ел қорғаны – ер батыр
Мақсаты: Жеңісті жақындатқан соғыс ардагерлерінің жанқиярлық ерліктерін, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдаған тыл еңбеккерлірінің ерен еңбектерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, майдан даласынан қайтып оралмаған қаһармандарды еске алу, Ұлы Жеңістің 73 жылдығын атап өту.
Түрі: мерекелік кеш
Көрнекілігі: кеш өтетін акт зал тақырып аясында безендіріледі
Бағдарламасы:
1.Би: Оқушылар үйі
2. Жүргізушілердің кіріспе сөздері
3. Қонақтарды таныстыру
4. Мектеп директорының құттықтау сөзі
5. Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» 9 «А» сынып оқушысы Жақсылық Назерке
6. Көрініс 10-сынып ер балалары
7. «Жас ұландықтардың» мерекелік жыр-шашуы
8. Қонақтарға сөз беру
9.Күй:Әбден Жалғас
10. «Қайратты қыз» Орындайтын - 9 «Б» сынып оқушысы Құралова Дильназ
11. «Мың тағзым сізге, майдангер» Жеңіс жырлары топтамалары 10-сынып оқушылары
12. Жеңіс әндері топтамаларынан би 11-сынып қыздары
13. Ән: «Журавли» 9 «В» сынып оқушысы Юнусова Дильназ
14. Хор: «Жеңіс туы»
Барысы:
Би: Оқушылар үйі
Фанфар
1-жүргізуші: «Жеңіс» деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2- жүргізуші: Шынында, бұл – оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.
Жеңіс күні – өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.
1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2- жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар!
1- жүргізуші: Тарих беттерінде өзінің сұрапыл зұлматтығымен өшпестей із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған 73- көктемін қарсы алғалы отырмыз.
2- жүргізуші: Жеңіс күні- бұл Отанымызға қалқан болған, қан майданда жан берісіп, жан алысқан, елі үшін отқа түскен біздің хас батырларымыз бен ардақты ардагерлеріміздің арқасында қол жеткен мейрам.
1- жүргізуші: Сіздерді осынау Ұлы Жеңіс күнімен
екеуі бірге: шын жүректен құттықтаймыз.
2- жүргізуші: Жеңісті жақындатқан соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға,қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір отбасына, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ел қорғаны - ер батыр » атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Адамзат баласына алапат қатер төндірген соғыс отының өшкеніне осынша уақыт өтсе де жері мен намысын жауға таптатпаған жеңімпаз аға ұрпақтың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Олар майдан мен тылда жанқиярлықтың, қайсарлықтың өнегесін көрсетті. Майдангерлердің жеңіске деген ерік-жігері адамзат баласын фашизмнің қатерінен сақтап қалды.
2- жүргізуші: Бүгінгі кешімізге соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің тұрмыс-тіршілігі жайындағы естеліктерімен бөлісіп, Жеңістің маңыздылығын кейінгі ұрпааққа ұғындыра түссем деп келіп отырған құрметті қонақтармен таныс болыңыздар.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Әбішев Сайлаубай ағай
Мектебіміздің ардагерлер кеңесінің төрағасы – Байманов Аманжол ағай
1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін,
Жауды жаншып, Отанды азат ектен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шаймағанбетова Қадыркүл Бердібекқызына беріледі.
2-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Ән: 9 «А» сынып оқушысы Жақсылық Назеркенің орындауында «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Қанды майдан, қызыл өрт борандаған,
Талай боздақ сол өрттен оралмаған.
Мен бүгінде бақытты болып жүрсем,
Бұл солардың қызығы көре алмаған.
Ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы соғыстың 1418 күні мен түні ешқашан ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады.
Көрініс: 10 «А» сынып оқушыларының орындауында «Соғыс алаңындағы оқиға» атты көріністі бірге тамашалайық.
1-жүргізуші: Бұл соғыс адамзат баласы үшін өте зор алапат қырғын майдан болды. Бүгінгі деректерге сүйенсек, бұл соғыста қаза болғандар саны 56 млн. Оның ішінде біздің отандастарымыздан 20 млн астам адам құрбан болған деген дерек бар. Олай болса, соғыста Отан деп от кешкендердің, елім деп еңіреген ерлердің, өзіңді тосамын деп өмірден өткендердің ерлігі мен майдан даласында қаза болғандардың, сол апаттан зардап шеккен жандардың, мәңгіге оралмаған, бірақ жүрегімізде шамшырақтай жарқыраған батырлардың рухына тағзым етіп 1 минут үнсіз еске алайық.
Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды.
/1 минут үнсіздік/
2-жүргізуші: Соғыс жалмап аға, іні бауырды.
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
1-жүргізуші: «Менің аталарым да соғысқа қатысқан. Өкінішке орай, аталарымның өздерінен соғыс жайлы айтып беруді сұрай алмадым. Өйткені ол кісілер мен кішкене кезімде өмірден өтті. Алайда аталарымның ерлігін,
біздердей жас ұрпақтың өмірін, халқымыздың бақыты мен қуанышын сақтап қалуына үлес қосқанын үнемі үлкен мақтанышпен айтып жүремін, -деп келіп тұрған мектебіміздің «Жас ұландықтарының жыр-шашуын қабыл алыңыздар.
/Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының мерекелік жыр-шашуы/
2-жүргізуші: 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4 шамасында гитлерлік Германия әскері КСРО-ның шекарасына енгені бізге тарих пәнінен белгілі. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша, КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізеат пен адам ресурсатрына айналдырмақшы болды. Жаудың 190 дивизиясы, 4 мыңнан астам танктері, 47 мыңнан астам артиллерия және миномет қондырғылары, 5 мыңдай ұшағы, 200-дей әскери кемесі соғысқа жұмылдырылды.
1-жүргізуші: Соғыс- қиратушы күш. Барды жоқ ететін қасірет. КСРО –Герман соғысына Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам майданға аттанды. Ал еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып, майданға аттанған екен.
2-жүргізуші: Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. «Тегінде бар тек жатпас»деген . Сол халықтың ұрпағы ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Сұм соғысты көзімен көріп, жеңіске жету жолында жауына кектене ұмтылған қазақстандық батырлар: Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаровтың есімдері соғыс тарихында мәңгілік орын алады.
1-жүргізуші: -Келесі кезекті қадірлі қонақтарымыздың естеліктеріне берсек.
Қадірлі, Сайлаубай ағай, Аманжол ағай! Сіздер соғысқа қатыспасаңыздар да, барлық Қазақстандықтар сияқты аналарыңыз, бауырларыңызбен бірге тылда жан аямай еңбек еттіңіздер. Балалық шақтарыңыз соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Осы отырған кейінгі ұрпаққа еткен еңбек, көрген қиыншылықтарыңыз, жеңісті жақындатуға қосқан үлестеріңіз туралы айтып берсеңіздер.
Күй: «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының «Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша Бас жүлде, «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» байқауының І орын иегері, «Жеті өнер» І Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсының ІІ дәрежелі Диплом, ХІХ облыстық «Бозторғай» шығармашылық конкурсында «Дипломмен» марапатталған Әбден Жалғасты әсем күйімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Бүкіл әлемге қауіп-қатер төндірген сұрапыл соғыс отының өшкеніне 73 жыл өтсе де жерін жауға таптатпаған жеңімпаз аға-апалардың қаһармандық ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет келер ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Ендігі кезекті «Мың тағзым сізге, майдангер» атты Жеңіс жырлары топтамаларына берсек.
1.Амантайқызы Фариза – М.Әміреұлы «Ардагерлер»
2.Мұратбеков Асқат – Рафаэль Ниязбеков «Солдат сандырағы»
3.Таубалдиева Бағила - С.Боранбаев «Борыштымыз»
4.Әділ Абылайхан – М.Шаханов «Ғайша жеңгей»
5. Қонысбек Нұрсұлтан – М.Мақатаев «1941 жыл. Ақпан»
1-жүргізуші: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына бүкіл Қазақстандықтар мен бірге Қызылордалық жауынгерлер де отанға берген антын адал орындай отырып, ел басына түскен сын сағатта өз борыштарын абыроймен атқарып, алдыңғы саптан табылды.
2-жүргізуші: Жалпы Ұлы Отан соғысына біздің облыстан 15 мыңға таяу азамат аттанды.Майданда көрсеткен ерліктері үшін біздің өңірімізден 7 азамат «Кеңес Одағының батыры» атағына ие болды. Оларды дәріптеу, құрмет тұту, елге таныстыру, келешек ұрпаққа қалдыру – біздің парызымыз.Олар: Тереңөзектік Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейітов, Сырдариялық Жақыпбек Махамбетов, Қармақшылық Көмекбай Тәйімбетов, Қазалылық Мақаш Балмағанбетов, Орман Түктібаев, Шиелілік Әнуар Әбутәліпов, «Даңқ» орденінің иегері Сырдариялық Кәкім Әбдіқадыров болды.
Би: 11-сынып қыздарының орындауында Жеңіс әндері топтамаларынан би
1-жүргізуші: Қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, шөберелері. Олар да
аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы
келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз.
2-жүргізуші:
Жеңіс!Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды,
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды
Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.
Жас ұландар биік ұста туыңды,
Жарқырытып туған жердің таңбасын.
1-жүргізуші:
Бүгін жайнап жасарсың ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілін жақсы үмітпен
Жүрек біткен қуансын жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқалмай
Қандай жүрек қалады қанат қақпай.
Ән: «Журавли» 9 «» сынып оқушысы Юнусова Дильназ
2- жүргізуші:
Тыныштық!Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз.
Көркейе берсін ырыс-құт!
1-жүргізуші: Осымен, Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ел қорғаны - ер батыр» атты мерекелік кеш аяқталды. Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы елміз.Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын, бейбітшілік болсын.
Хор: «Жеңіс туы» Орындайтын – 5-сынып оқушылары.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген