Материалдар / Ел рәміздерін қастерлей білейік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел рәміздерін қастерлей білейік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ел рәміздері туралы алған білімдерін байқау.Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру. Отанын қорғауға, ел рәміздері әнұран,елтаңба, туын қадірлей білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тақырыбы: «Ел рәміздерін қастерлей білейік!»


Мақсаты:Білімділік:Оқушылардың ел рәміздері туралы алған білімдерін байқау.Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру. Отанын қорғауға, ел рәміздері әнұран,елтаңба, туын қадірлей білуге үйрету.

Дамытушылық :Оқушының тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :Отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, мазмұнды суреттер,қанатты сөздер

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:

Пихологиялық дайындық

Бәріміз бірге айтамыз

Мен атқан таңды сүйемін

Шуағын шашқан күнді сүйемін

Аялаған анамды сүйемін

Қоршаған бар әлемді сүйемін!


-Оқушылармен амандасу

Қымбатты оқушылар! 1 қыркүйек –Білім күнімен сіздерді құттықтаймын.

«Оқу-білім бұлағы

Білім -өмір шырағы-дегендей, осынау өміріміздің шамшырағы білім күні дүниежүзіндегі барша адамзат баласына ортақ күн. Бұл күнді бүкіл әлем ел болып тойлайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын.

ІІ. «Ел рәміздерін қастерлей білейік»

«Ел рәміздерін қастерлей білейік» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Ой толғау»

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Ел рәміздерін ата?

-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды? (1991жыл 16-желтоқсан)

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Мемлекеттік рәміздеріміз-елтаңба, ту,әнұранымызбен мақтана аламыз.Биыл ел рәміздеріне 20 жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-1992 жылы 4 маусымда қабылданып, 6 маусымда күшіне енді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті ортасындағы күннің 32 сәулелері бар.Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс-ерліктің белгісі.




Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негізі-шаңырақ. Ол-елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ-күн шеңбері.Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.Ал уықтар- үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел-жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ақ мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның шапшаңдығын білдіреді.Тұлпар-дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі.Бес бұрышты жұлдыз-«Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Жандарбек Мәлібекұлы-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.

Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы.Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайраткері.1932 жылы Көкшетау облысының Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.

Әнұранның авторы:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, экономика ғылымының докторы.1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Жұмекен Нәжімеденов(1935-1983)-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.

Мемлекеттік Тудың авторы еліне еңбегі сіңген өнер қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді.

1- оқушы Мейірхат

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашаннан

Биікке іліп қояды

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді

Сол көк тудың астында

Көгереміз ,көктейміз

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі








2 –оқушы Нәсіп

Еліммен бірге тілегім

Туған жер-алтын тұрағым

Жатқа да айта білемін

Елімнің әнұранын

Құрметтеймін жерімді

Өзен-көлін нуын да

Қастерлеймін елімді

Әнұранын, туын да

3- оқушы

Өрледі даңқың , атағың

Қазақстан –Отаным

Нұрға бөлер еліңді

Ақ таңың болып атамын

4- оқушы

Қазақстан –Отаным

Туған жерім-киелім

Арттырып даңқын ,атағын

Туына бас иемін

5-оқушы

Қазақстан-елім менің

Отаным-жерім менің

Өзіңнен өскен тарап

Ата-бабам, тегім менің

Сені Отан қасиетті

Сүйеді бар ұланың

Байрағың желбіреген

Асқақтап әнұранын

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Әмиржанова Жансая

6-оқушы Жасмина

Әйнегі-күн,шатыры аспан

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

Қазақ тілімен рауандап атқан,

Жеңістің кілтін достықтан тапқан.

Күнде бір көктеп жаңарып жатқан

Қазақстан –Республикам менің

7-оқушы Альбина

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы

8-оқушы Жансая

Ата Заңым, алтын Заңым –ардағым

Аялаған адамзаттың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабың, тарауларың , тармағың

Ата Заңым-Отанымның құшағы,

Ерлігімнің, елдігімнің нышаны

Өз елінде алшаң басып ұл-қызы

Бозторғай да емін-еркін ұшады

Алтын Заңым-Тәуелсіздік таң, ізгі үміт

Ортақ бізге қоғамдағы игілік

Ақиқаттың аппақ жолын аттаймын.

Ата Заңым, сені ғана ту қылып























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!