Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел Тәуелсіздігіне үлес қосқан-тарихи тұлғалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыз қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп отырған.Ата- бабаларымыздың даңқты ерлігі, олар жасаған ұлы тарих кезеңі әр қазақ баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларына деген құрметін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ел Тәуелсіздігіне үлес қосқан-тарихи тұлғалар»

Ата- бабаларымыздың даңқты ерлігі, олар жасаған ұлы тарих кезеңі әр қазақ баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларына деген құрметін арттырады. Халқымыз қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп отырған. “Туған жер” ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа түс күймейсің” деп отанды сүюге баулып отырған.

Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды деп халық тегін айтпаған. Ал біздің Отанымыз сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақ халқы сан ғасыр армандаған тәуелсіздігіне осыдан 29 жыл бұрын қол жеткізді, яғни 1991 жылдың желтоқсанында еліміз еркіндік алды. Алайда Тәуелсіздік жолында қаншама қан төгіліп, қаншама боздақтар қыршыннан қиылды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны» бастан өткеріп, жоңғарлармен сан жылдар айқасқан қанды жорықтарды халқымыз бастан кешті. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет, Аманкелді Иманұлы, Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл-қыздарының төгілген қанымен терінің нәтижесінде келген еркіндік олар елінің тәуелсіздігі жолында апат болды. Еліміздің басынан азапты күндер де, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әріге бармай осы жиырмасыншы ғасырдың өзінде 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне қаншама қиындық әкелді десекші. Қазақ халқы жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен арманына жетті. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. «Мың өліп мың тірілген» тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды.

Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында әрқашан басымызды иіп, тағзым етеміз. Біз алғашқы Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібекті, сол хандықты нығайтуға ерекше үлес қосқан Қасым хан мен Тәуке ханды, еліміздің тұтастығы үшін аянбай күрескен Абылай хан мен оның немересі Кенесары ханды, қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан азат етуге қосқан зор үлесі үшін Әбілқайыр ханды және басқа да тарихта есте қалған тарихи тұлғаларды әсте жанымыздан шығармаймыз.

Сонымен бірге біз бүгін халқымыздың тәуелсіздік жолындағы сана-сезімін оятқан, қазақ жерінде Алашорда үкіметін құрған, Алаш ұлт-азаттық қоғалысының жетекшілері Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың, Міржақып Дулатовтың, Мұқаметжан Тынышпаетың, Мағжан Жұмабаевтың, Жанша және Халел Досмұхамедовтардың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Қазақ кеңестік автономиялық, кейін одақтас республикасының қалыптасуына зор үлесін қосқан, бірақ сол режимнің қуғын-сүргініне ұшыраған Тұрар Рысқұловтың, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтың және т.б. рухтарына басымызды иеміз. 

Қазіргі кезеңде де елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналып жүрген тұлғаларымыз өте көп. Елді ішкі және сыртқы жаулардан қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтауға ант берген бұл қырандар, күнделікті өмірде талай рет терроризм мен басқа да қылмысты оқиғаларға тап болып отыр. Олардың арасында халықтың тыныштығын бұзған ел дұшпандарына қарсы күресте ерекше батылдық пен өжеттілікті танытып, жарақат алған, сондай-ақ ерлікпен қаза болған қаһармандар аз емес.

Осындай тұлғаларымыздың арқасында біз бақытты өмір сүрудеміз.

Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойғы жинақталған тәрбие әдістерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді. Ал 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі, талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз Қазақстан! Тәуелсіздікті алғанымызға биыл 30 жыл толады. Осы уақыттың ішінде бізді әлем таныды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз ел деп мойындады. Өткенді ұмытуға болмайды. Ол - біздің тарихымыз. Отан үшін отқа түс күймейсің –деп Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған. Мен де өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бүгінгідей намысты ұлдары көп елдің болашағы да жарқын боларына сенімім мол.


Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

12-сынып оқушысы Жұлдызбаева Алтынгүл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.05.2021
2450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12