15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ел тірегі -Елбасы"
Шибаевка орта мектебі
Мерекелік іс-шара
Тақырыбы; "Ел тірегі --Елбасы "
Өткізген ; Жолдасова Г. Ж
Нұрбұлақ ауылы - 2015 жылы
Армысыздар қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып алғаш рет елімізде тойланып отыр. Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігімізді орнатып оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ сіздер жақсы білулеріңіз тиіс.
Ендеше Елбасы таңдаған «Менің Қазақстаным» атты әнұранды бірге шырқайық.
Н.Ә.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған , тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;
- қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы;
- қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;
- алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де озық ойлай білетін көсем;
- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
2 жүргізуші: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен!
1 жүргізуші:
Қайырлы кеш құрметті көрермен қауым, Биыл елімізде алғаш рет 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
2 жүргізуші: Кеңес үкіметі күйреген шақта, жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере отырып, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һәм дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің орны ерек.
1 жүргізуші:
Олай болса бүгінгі тұңғыш президент күні мерекесіне арналған «Ел тірегі - Елбасы» атты сазды кешімізге қош келдіңіздер!
( Әнұран айтылып, Ту әкелінеді)
Құттықтау сөз Шибаевка орта мектебінің директоры Уразов Б.С беріледі.
(Үшқоңыр әні жіберіледі)
2 жүргізуші: Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің,
Кілттеулі болып келген еді әлі күн...
Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ,
Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын!1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
1 жүргізуші: Бұл заман әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті.(слайд көрсетіледі)
2
жүргізуші:Үлкен өмірге қадам
басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын
құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу
орнын бітіреді.
1 - жүргізуші ; Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын
ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты
күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек
еді. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету –
Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1991 жылдың 1
желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық
сайлауы өтіп, сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР-ның
Тұңғыш Президенті болып сайланды.
2жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаев тұсында жеттік.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: (видео көрсетіледі)
Ән «Көк тудың желбірегені» сахна төрінде 5-сынып оқушылары ; Жұбатқан С ,Сыражанова А .
Қарсы алыңыздар!
(видео көрсетіледі)
«Менің елбасым » өлеңдермен 2 сынып оқушыларын қарсы алайық
Сахнаға өзінің жеке шығармашылығынан елбасына арнаған «Нұраға» өлеңімен аудандық «М. Мақатаев оқулары» байқауының жүлдегері жас ақын Ғабитов Ғабиден шақырамыз.
1 жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2 жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынды, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
Сахнада үнді биімен 6 сынып оқушылар
Қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Елбасы сайланғалы міне жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты.
1 жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Әдемі, тілі, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысынаайналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президент Жолдауы болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы.
2 жүргізуші: Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына өздерінің жүрекжарды өлеңдерін 1 сынып бүлдіршіндері де арнағалы келіпті. Қошеметпен сахна төріне шақырайық!
1 сынып тақпақ айтады.
«Қазақ биімен» ортада 5сыныптың мың бұралған бишілері!
Ән «Туған жер» орындайтын 7 сынып оқушысы Наурызбаев Бизамбекті Қарсы алыңыздар
1 жүргізуші: Елбасымыз саған мәңгі разымыз
Үлкен кіші ағайындар бәріміз
Ұлтым елім деп қайғырған ұлы жан
Сіз біздердің піріміз де әніміз
2 жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас отанның өмірін де түсініп
Елім жерім деп ұрандаап тайсалмай
Бір керемет жасады ау кісілік
Ән «Егеменді Қазақстан» сахнада Қошқылбаев Айбек
Қазақ биі ортада бишілер тобы.
2 жүргізуші:Ортақ мүдде ортақ жетістiктерге жігерлендіруге тиіс. Бүгінде Орталық Азияда қоян-қолтық жатқан бауырлас елдердің бәрінің мүддесі біреу — ғасырлап күтіп, әзер қолы жеткен азаттықтан айырылып қалмау. Ол үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай білу керек деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.
1 жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын
Бірге: Президентім, елбасы, аман болғай ,Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!!
(Атамекен әні шырқалады. Барлық қатысушылар сахнаға шығады.)
Міне осымен тұңғыш президент күніне арналған мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше ел аман жұрт тыныш болғай!
Шибаевка орта мектебінің
сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің
2014-2015 оқу жылының есебі
Әдістемелік жұмыстарын мақсаты:
« Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлығын және сынып сағаттарын беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру»
Міндеттері:
1. Психология және педагогика мәселелері бойынша сынып жетекшілердің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейлерін көтеру.
2. Сынып жетекшілердің жаңаша жұмыс істеуіне жағдай жасау;
3. Сынып жетекшілердің тәжірибелерін жинақтау, оқып үйрену.
4. Оқушылардың әлеуметтенуі мен тәрбиеге деген бірдей принциптік жақындаудың орындалуын қамтамасыз ету.
5. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтап, қабілетіне қарай шығармашылыққа баулу;
6. Тәрбиесі төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізу
Сынып жетекшілер қызметтін
барлығы 15
мұғалім жұмыс атқарады. Олардың білімі жоғарысы
-14, арнаулы орта білімдісі
-1. Оның ішінде бірінші
санатты-4, екінші санатты
-,10
санатсыз- 1
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жыл бойы
жоспарланған жұмыстары, жиналыстары өз уақытында
өтілді.
Қыркүйек айында сынып жетекшілер ұжымы нормативтік
құжаттармен, әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. Сонымен
бірге тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,сынып
жетекшілердің тәрбие жоспарын дайындауға әдістемелік көмек
көрсетілді, тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын талаптар
қарастырылып, сынып жетекшілердің қызметін ұйымдастырудағы
ұсыныстар айтылды. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы әдістемелік
әдебиеттер қарастырылды. Қыркүйектін 1 аптасында
сыныптар бойынша көп балалы, әлеуметтік жағдайы
төмен отбасылар санын анықтау жұмыстары өткізілді және
тұрмыстық жағдайын тексеру актілер толтырылды.
Бірлестік жетекшісі жыл басында ашық тәрбие сағаттарының тақырыбын кестесін құрды . Тілдер күніне орай «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында барлық сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелері туралы сынып сағаттарында әңгіме өткізу туралы айтылды
«Оқушыларға жол қауіпсіздігін үйрету мақсатында «Жолда абай бол-жас дос» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді
Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өтті
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мақсатымен қараша айында « Дені саудың – жаны сау» ашық сынып сағаттары 7 сыныпта, « Салауатты өмір – барыс тектес» 8-9 сынып арасында өтті. Жауаптылар Қошқылбаев .А , Қалдымұратова Г .
Желтоқсан айында Тұңғыш президент күні аталып өтілді . Іс -шараны 5-сынып жетекшісі Жолдасова Г өткізді. Шарада елбасымыз туралы слайдтар көрсетілді. Арнау өлеңдер оқылды. Елбасымыздың өмір жолы туралы мәліметтер берілді .
ҚР Тәуелсіздіктің күніне арналған «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында 1-9 сынып арасында сынып сағаттары өтті .
Сонымен бірге 6- сынып арасында « Желтоқсаннның желі ызғарлы» атты ашық сабағы өтті жауапты Бижанова М
Желтоқсан айында «Қош, сүйікті Әліппем» ашық тәрбие сағаты Амирова А. өткізді . Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік . "Аяулы -анашым "атты шараны 10-сынып оқушылары ұйымдастырды. «Ана- алып бәйтерек» атты тақырыпта тәрбие сағаттары болып өтті.
"Әз- Наурыз" атты мерекелік шараны Түгелтаева л, қоспанова Г ұйымдастыруымен өткізілді . Мектепте әр сыныпта наурыз көжелер ұйымдастырылды. Шараға ата-аналарда ат салысты. Наурыз мерекесін атап өттік. Наурыз мерекесіне ата-аналарды, қонақтарды шақырып, қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп, көріністер көрсетіп, әң өлең айтылды. Экологиялық санасын қалыптастыру, экологиялық тәрбиелілігін дамыту мақсатымен 2 сыныпта « Табиғат- тал бесігім» ашық тәрбие сынып сағатты өтті Жауапты Рахметова .А
Ұлы жеңіске жетпіс жыл қарсаңында апталық жоспарлар құрылып , көптеген жұмыстар өткізілді. Суреттер көрмесі өткізіліп , көрмеде 5-сынып оқушысы Жауынгеров Нұрсұлтан 1-орынды иеленді . "Мәңгі есімде" атты шығарма байқауында 4-сынып оқушысы Сексенбай Фатима 1-орынды иеленді . "Сап түзе" байқауында 1-орынды 8"А"-сынып оқушылары , 2-орынды 3"А" сыныбы, 3-орында, 7 "А" сыныптар қанжығаларына байлады. " Ешкім ешқашан ұмытылмайды . " атты концертті бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында еске алу минуты және ұлы отан соғысыннан көріністер көрсетілді .
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ; Жолдасова Г.Ж
Қазіргі заманғы оқыту мен
тәрбие үрдісінде көптеген өзгерістер әкелуде.Бұл өзгерістер әрбір
білім мекемесінің , әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбетін,
өзіндік тәрбиелік жүйесін құру қажеттілігін , мұғалім іс-әрекетін
жаңаша ұйымдастыруын талап етеді.
Мектеп- білімнің қайнар көзі дейтін болсақ, білімнің негізгі ірге
тасы бастауыш мектепте қаланады.
Бастауыш мектеп- бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды
оқыту,тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруға қолайлы жағдай
туғызатын негізгі буын. Сондықтан мектептегі тұтас білім сапалы
нәтижеге жету үшін оның бастауыш буынындағы оқу тәрбие үрдісі заман
талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастыруы керек.
№46 А.С.Пушкин атындағы мектептің педагогикалық ұжымы, оның ішінде
бастауыш сынып мұғалімдері ҚР «Білім туралы» Заңын ҚР
тұжырымдамасын жүзеге асыру және мектеп жарғысына сәйкес адам
өмірімен денсаулығын қадірлеу жеке тұлғаның еркін дамуын
қалыптастыру мақсатында 2009-2010 оқу жылында бірқатар жұмыстар
жүргізді.
Жоғарыдағы мақсат, міндеттерді қабылдай отырып, бастауыш сыныптарда
екі кезеңде барлығы 441 оқушыға 37 мұғалім(жоғары білімді – 46,
арн.орта – 1, аяқт. Жоғары - 3) сабақ беріп, жылдық жоспар бойынша
оқу тәрбие жұмыстарын жүргізді.
Тамыз айында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдер секция
жұмыстарына қатысып Аудандық «Білім беру мазмұнын жаңарту
жағдайындағы нәтижеге бағытталған » секция жұмысында А.Махамбет
панорамалық сабақ көрсетті.
Қыркүйек айының 15-і мен 25-і аралығында 22 қыркүйек – Тіл
мерекесіне байланысты «Тілім менің ардағқтым» атты онкүндік болып
өтті. Пән мұғалімдері,сынып жетекшілері оқушыларды қатыстыра
отырып, жоспар бойынша бірнеше жұмыстар жүргізілді. Апталықтың
ашылуын Қалыбек Н. мен Иманбекова Ұлжан апайлар өткізді. Онда
онкүндікте атқарылатын жұмыстар таныстырылды.
Мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш,өтірік өлеңдерді айтудан жарысты.
2-3-4 сыныптар аралығында «Тіл - қазына» деген тақырыппен Л.
Махажанова мен Б. Жаханова жүргізді.
Ж. Абдикадирова мен Л. Мизанбаева «Тіл - ұлттың жаны» деген
тақырыпта шығарма жаздырып, жүйелі, ойын тақырыпқа сай жеткізе
білген оқушыларды мадақтап, шығармаларын көпшілікке оқып берді.
«Ескірмейтін есті сөз» деген айдармен Тәжібаева А, Сейтхан Индира
оқушыларға тыйым сөздерді жатқа айтқызып, оның себебін
түсіндірді.
Баланың тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін «Шешендік әлемінде»
деп би, шешендердің сөздерінен үзінділер оқып, көріністер А.
Тоқназарова пен Д. Ниязханова өте тартымды етіп ұйымдастырды.
Сонымен қатар Л. Жүнісова мен А. Қаппрова оқушылардың арасынан
таланттарды анықтап, өздері шығарған өлең шумақтарын, жазған
шығармаларын оқып шықты. Олар: Мырзабекова М, Мырзабек А (4
«Г»), Ғабитова М(4 «Ә») , Әшімханова С (4 «А»), Нұрболатқызы Н (4
«А»).
Ұлы ғұламалардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерін жаттап, оларды
жинақтап, реттеу Г. Шәкебаева мен Ұ. Әлжановаға тапсырылды.
Онкүндік қорытындылап, жақсы қатысқан оқушыларды ескеріп Алғыс
хаттарды Ж. Иманбаева пен Г. Алтынбаева жинақтады.
Мына оқушылар Алғыс хатқа ие болды:
Ергешбаева Зайда 4 «А», Ғабитқызы Мадина 4 «Ә», Базарбай Олжас,
Өмірзақ Б 4 «Б» , Бимырзаева Ғ 4 «В», Сейдазим Н 4 «Г» т.б
Осында мазмұны терең, тілі көркем шығармалардан үзінділер оқып
үйрену балалардың сөздік қорын молайтып, олардың жүйелі ойлап,ойын
дұрыс түсіндіре білді.
Қазан айының 19-ы мен 24-і аралығында «Құт береке, Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!» атты апталық болып өтті.
19-қазан күні Ш. Ажарова пен Л. Мизанбаева ұйымдастырумен
апталықтың ашылуы болып, онда күз туралы мағлұматтар беріп, жоспар
таныстырылды.
20-қазан күні ана тілі пәнінің мұғалімдері А. Тәжібаева мен
Ұ. Иманбекованың 3-4 сынып оқушыларының «Күз кереметі» тақырыбында
жазған шығармаларын балаларға оқытты. Онда тақырыпқа сай өз ойын
жеткізе білген балалар ерекше аталды.
21-қазан «Киім үлгілері» көрсетуден жарысты Сейтхан И мен Жүнісова
Л ұйымдастырды.Күзгі жапырақтардан,жемістерден,дәнді дақылдардан өз
ойымен кестелеп,құрап тіккен киімдерін киіп таң қалдырды.
22-қазан күні қыл қалам шеберлерінің өнерлері тамашаланды.Яғни
«Сурет сала білуде өнер» деп аталатын тақырыппен Әбдіқадырова мен
Сайлаубекқызы Ш оқушылардың салған суреттерін жинақтап оны
қабырғаға іліп қойды.Оның ішінде ерекше бейнелеп сурет салған
оқушылар аталып, «Алғыс хатпен» марапатталды.Олар: Ізбасар А,
Омаров 4 «А», Қайырбекова Н, Ғабитова, Бекболатова Н, Сейілбекова А
4 «Ә», Өмірзақ Б, Аманова 4 «Б», Ыбырайхан А 4 «В», Жанаберген М 4
«Г».
23-қазанда балалардың түрлі жеміс-жидектерден,дәнді дақылдардан
жасаған бұйымдарымен ермексазды пайдаланып оқушылардың қиялынан
шыққан қол өнерлерінен көрме ұйымдастырылды.Оны басшылаққа алған
еңбек пәнінің мұғалімдері Ниязханова Д мен Алтынбаева Гүлнара
оқушылардың жұмыстарына дән риза болды.
24-қазан күні апталықты Иманбаева Ж пен Шәуебаева Гүлнар «Күз
жазирасы» даланың дархан дастарқаны,яғни малда ,құс та, аң да
қомданып семіреді.Өйткені күз молшылық байлық деп қортындылап
апталыққа белсене қатысып, атсалысқан оқушыларға «Алғыс хаттар»
тапсырды.
«Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша сурет көрмесі
ұйымдастырылды.
«Алтын кілт» 2-4 сынып оқушыларының арасында математикадан
олимпиада өткізілді. 4 сынып оқушыларының арасында «Эрудит-2009»
математикалық сайыс өткізілді. Әбуов Шахмардан марапатталды.
«Бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру
жолдары» тақырыбында облыстық семинарға қатысып бастауыш сынып оқу
ісінің меңгерушісі М.Калихан баяндама жасады.
«Елдігі мен ерлігін елеп өтем,Егеменді елімнің ертеңімен!» атты
апталық өткізіліп,әрбір сыныптарда патриотизмге тәрбиелеу жұмыстары
жүргізілді. Желтоқсан мерекесіне байланысты іс-шаралар
өткізілді.
10.12.09 күні әдіс бірлестігінің отырысында 1 сынып оқушыларының
білім,білік,икем дағдыларын тексерудің қорытындысы жасалып, талдау
жасалды. Үйден оқытылатын оқушыларды жан-жақты тексеру жұмыстары
жүргізілді.
Санитарлық-гигиеналық жұмыстар үнемі бақылауда.
МАБ-қа дайындық жұмыстары Ж. Оспановаға бекітілді.
Мерекелік жиын өткізілді
І жарты жылдыққа және ІІ тоқсанға арналған жазба жұмыстарын алып ,
білім сапасы шығарылды.
1 сынып. «Әліппемен қоштасу»ертеңгілігі өте жоғары деңгейде
өтілді.
Барлық сыныптарда «Жаңа жылдық» мереке жоғары деңгейде аталып
өтілді.
Сынып бөлмелері секция жұмысына дайындалды. «Алтын кілт» 2-4 сынып
оқушылар арасында сайысқа оқушылар қатысып,2 сыныптан
І орын -Әлиев Мағжан
ІІІ орын Бекен Ұлпан
3 сыныптан І орын-Пернебеков Ж
ІІІ орын-Дербишиова Г
4 сыныптан І орын Сейілова А
Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, санитарлық-гигиеналық
тазалығына баса назар аударылып, сынып ішінің жылуы
тексерілді.МАБ-қа дайындық жұмыстары жүргізілді. Кесте бойынша
қосымша материалдар беріліп, тест жұмыстары алынып,қорытынды
жасалды.
4 «А» сынып оқушыларының мінез-құлқының қалыптасу мониторингісі
жасалды.
Кезекшілердің қызметі бақыланып,сынып ішінің уақтылы жуылып,
тазалануы үнемі тексеріліп отырды. Әліпбаева Зинаға бекітілген.
18-28.01.10 аралығында дүниетану пәнінің онкүндігі өткізілді.
18-23.01.10 аралығында 1-4 сынып оқушыларының дәптерлерінің
ұстап-тұтылыуы және күнделіктері тексерліді. Тексерудің қорытындысы
арнайы папкада жинақталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген