400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Ел тірегі-Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көмек мақсатында жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып оқушысы

Серік Мәншүк Жасұланқызы

«Ел тірегі-Елбасы»


Президент бір елдің көшбасшысы. Президент болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұнда әр істі ыждаһаттылықпен, асқан жауапкершілікпен атқару керек. Себебі, оның жасаған жұмыстарының бәрі халықпен тікелей байланысты.

Қазақ жері – күллі қазақ баласының, бабалардың мәңгілік киелі бесігіне енді өзіміз иеміз. 1991 жылы 16 желтоқсанда Нұрсұлтан атамыз қол қойған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңына  сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достығымыз дүниеге келуі, Қазақстанның БҰҰ–ның мүшесіне өтуі, Қазақстанның өз ұланы мен қарулы күштерін құруы, мұсылман әлемімен де қарым–қатынасты нығайтуы -  Елбасының сарабдал , айқын саясатының, дана ойларының жемісі. Төл теңгеміздің айналымға енуі, Рәміздеріміздің қабылдануы, Ата заңымыздың қабылдануы, әсем Астанамыздың бой көтеруі, білім мен экономика саласындағы жаңалықтар, өз алдында бір төбе.

Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. Елбасымыздың жетістіктері де өте зор. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын, сындарлы саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын істер бар. Қазақстанның бағындырар белестері де алда.Осы белестерді,мақсаттарды біз тек Елбасының салып кеткен сара жолы арқылы бағындыра аламыз.

Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер, төресіз ел болмайды”деген дана сөз бостан-босқа айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақ кешуде егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген,халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының осынау тарихи тағдырлы жеңістерін жоғары бағалаймын және мақтан етемін.Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін,туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін, әсем де айбынды Астанамыз Нұр-Сұлтан гүлдендіріп, көркейткені үшін мыңда бір рахмет айтамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.10.2020
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі