"Ел тірегі-Елбасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ел тірегі-Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көмек мақсатында жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-сынып оқушысы

Серік Бауыржан Жасұланұлы

«Ел тірегі-Елбасы»



Мен осы жазба жұмысымды елімнің амандығынан, Елбасымыздың елімізге деген еңбегінен бастағым келіп отыр. Біз кішкентай болсақ та, ата-бабамыз бізге ұлан-байтақ жерімізді мұра етіп қалдырғанын білеміз.

Елім, Отаным деген қасиетті сөз. Әр адамның өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Сыныбымызда өткізілген әрбір тәрбие сағаттарының тәрбиелік мәні зор. Ұстазымыз бізге егемен еліміздің осы күнге жету үшін апа-ағаларымыздың көп еңбек еткенін айтқан болатын.

Отанымыз Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін 1991жылы 1желтоқсанда сайлады. Н.Ә.Назарбаев 1940жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық, қиындау жағдайында өтті. Мал бағып, бау-бақша өсіріп, оны сатып, отбасына көмектесіп, керек заттарын алып жүрген. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алып, ұстаздар көңілінен шыға білген. Ата-анасын қатты жақсы көріп, қатты құрметтеген.

Мектепті бітірген соң Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанады. Кейін шойын кұюшы болып жұмыс істейді. Жақсы еңбегінің арқасында инженер дәрежесіне дейін көтеріледі. Оның басшылық қызметі 44жасында басталады. Сол еңбегінің арқасында өмір жолы айқын болды. Өз Отанын сүйетін патриот, ержүректіліктің арқасында біз осы күнге жеттік. Біз отбасымызбен теледидар көреміз. Сонда мен Нұрсұлтан Әбішұлының ән айтатын қабілеті бар екенін байқадым. Әнді жақсы айтады екен.

Осындай қарапайым елбасының арқасында біз егеменді ел болдық. Егемендігімізді білдіретін өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Ту, Әнұранымыз 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Сонымен қатар 1997жылы бұрынғы астанамыз басшы органдары қазіргі астанамыз Нұр-Сұлтанға көшіп келді. Осылай біздің Қазақстанның жарқын болашағы басталды. Қорытындыда алғашқы Президентім туралы айта отырып, бізге осындай өмір сыйлаған, болашаққа алтын көпір салып берген Тұңғыш Президентіме мың алғыс дегім келеді. Елбасымыздың салып берген сара жолымен жүру біз үшін үлкен мәртебе.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі