Материалдар / “Елбасы - ел тірегі”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

“Елбасы - ел тірегі”

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл очерк Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне “Елбасы - ел тірегі” тақырыбында жазылған. Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаған, беделін нығайтқан дара көшбасшымыздың халыққа қызмет еткен ерең еңбектері қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
295
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Елбасы – ел тірегі»

Адамзат дами келе, сан ғасырлар өте келе әлемде түрлі өзгерістер орын алды. Ғылым, білім оқшауланып, қоғамда мәдениет, халық, мемлекет, дәстүр сынды маңызды құндылықтар пайда болды. Осындай құндылықтардың бірі – халық. Ал мемлекет болып қалыптасып, қиындықтардан бірге өтіп, ерең еңбектің жемісін көріп, жетістікке жету – әлбетте, әлем бойынша қалыптасқан әр этностың басты мақсаты, асыл арманы және ата-баба алдындағы міндеті. Сол мемлекетті аяғына тұрғызып, оны асқақ белестерге жеткізетін, қиындықта халық арқау сүйе алатындай, әділеттік аясында қызмет көрсететіндей, ел үмітін ақтайтындай нағыз қолбасшы, мемлекет басшысы – Елбасы болу керек. Тек сонда ғана мемлекет нағыз ел болып қалыптасады. Оған ешқандай тосқауылдар үлкен жетістіктерге жетуде кедергі болмайды. Себебі, Елбасы - халықтың үміті, елдің қазіргі күні және болшағы, абыройы әрі алға жетелейтін ұраны. Сондықтан, еш күмәнсіз, шынымен де нағыз бақытты, болашағы жарқын елдердің қатарына Қазақстанды жатқыза аламыз. Қазақстан- жер көлемі жағынан 9-орынды алады. Табиғаты әр алуан, ұлан-байтақ даласында есепсіз байлығы бар, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге, пайдалы қазбаларға толы, Менделеев кестесінің 99 элементі кездесетін мемлекет. Қазақ елі өз мәдениетін дамыта алған, салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғақтайды. Әрине, абыройы асқақ мемлекетке сәйкесінше ұлы көсбасшы керек. Есім ханның ескі жолын, Қасым ханның қасқа жолын ұстанатындай, өз сөзінде болаттай берік тұра алатындай мықты көсбасшының болуы шарт. Тарих бетінде есімі қалатын, өз халқының күш-жігері болатын, жүректегі сенімділік пен мақтанышпен айта алатындай аса құрметті кемеңгер тұлға ретінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты үлгі ете аламыз. Ол - ата-баба арманың жүзеге асыра алған, Қазақстанды үлкен дағдарыстан аман алып қалып, қайта түлетіп, аяғына тік тұрғызған ұлы басшы. Күллі әлемге «қазақ» елінің атағын шығартқан көсбасшы. Қазіргі күнде еліміздің жетістікке жетуі, жас мемлекет болса да, дамыған елдердің қатарына кіруі – тұңғыш Президентіміздің елеулі еңбегінің арқасы. Дәл қазіргі Қазақстанның асқақ бейнесін бұрыңғы күндермен салыстыра отыра, Елбасы - ел тірегі екендігіне көзіміз жетеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқының тағдырына әсер еткен елеулі үлесі – Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып, оның шегарасын шегендегені және мемлекеттік рәміздердің негізін қалауы. Қазақ халқы, 1991жылдың 1 желтоқсанында жалпыұлттық сайлау барысында, Қазақстан елінің тағдырын кемеңгер тұлға Н.Ә.Назарбаевқа табыстаған болатын. Халқымыз аса жауапты шешімді жүректегі бар үмітпен, бар ынтамен қабылдаған еді. Себебі, іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерең еңбек керек. Мәңгі бақи Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеміс, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы, халықтың нәзік жүрегіндегі жалынды жігері болатын. Қазақ еліне жоңғарлардың жойқын шабуылынан бастап, Ресей империясының қарапайым халыққа көрсеткен зілдей қысымынан ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерге дейін бастан кешірген қайғы-қасіреті - тәуелсіздіктің ащы жолын сезіндіреді. Әрбір қазақтың көкейінде тұрған арманы – елінің тыныштығы мен халқының берекелі болуы еді. Осы арман Елбасымыздың арқасында шындыққа үлесті. Ол – ел сенімін ақтады. Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастап тәуелсіз, егеменді ел болып жарияланды. Енді аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, дара мемлекет атанғаннан кейін, оны барлығына мақтанышпен таныстыра алатын мемлекеттік рәміздер болуы тиіс еді. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар бізде тек тәуелсіздікке аяқ басқаннан кейін пайда болды және әрбіреуінің ресми хатталуынын тарихы да бар. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды. Алдымен, мемлекетті тікелей таныстыратын рәміздің бірі – бұл ту. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі түс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік, сенім мен береке символына айналған. Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Бұл түсті таңдау тарихпен де байланысты. Кезінде Түркі қағанаты, Хазар қағанаты, Ұлы Селжұқ қағанаты , Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Ал, күн бейнесі - байлық пен береке символы. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр. Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жан дүниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады. Сондықтан, осы үш элементті туға қосуға шешім қабылданды. Кейін, мемлекеттің құндылығын айқындап көрсететін рәміз – Елтаңба. Себебі, мемлекеттің Елтаңбасы сол мемлекеттің «ішкі жан-дүниесінің» бейнесі. Бүгінгі Елтаңба − дөңгелек нысанды. Өйткені, дөңгелек өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін, бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз. Сонымен қатар, мемлекетте әнұранның болуы да шарт. Себебі, ол халыққа қараңғы түнекте жарық сәуле шашады, бағыт-бағдар көрсетеді. Біздің әнұранымызды Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы лауазымына енді аяқ аттап кіре бастаған сәтінен бастап мемлекет тағдырын өзгерткенің міне осыдан көреміз. Ол Қазақстанды күллі әлемге аса кәсіби шеберлікпен таныта алды.

Елбасымыз Қазақстанды жетілдіруде тәуелсіздікті алумен, мемлекеттік рәміздердің негізін қалауымен шектеліп қалған жоқ. Ол қазақ еліне тарихта мәңгі қалатындай өзгерістер еңгізді. Мысалы, 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Бұл біздің өзге мемлекеттермен сенімді іс-шаралар жүргізуіміздің кепілі болды. Елбасы өзінің баяндамасы мен ұсыныстарын БҰҰ Бас Ассамблеясында тұңғыш рет қазақ тілінде жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми түрде алты тілі бар және оған қазақ тілі кірмейді. Өз тілінде сөйлеуі арқылы, біздің халқымыздың үні ана тіліміз арқылы жер-жаһанға  естілді. Бірнеше жыл өте келе, яғни 1995 жылдың 30 тамызы Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты қабылданды. Бұл жөнінде тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», -деген болатын. Яғни, ол Конституцияны ежелден келген Ата заң негізінде құрастырып отыр. Ата заң – мемлекеттің тірегі, тәуелсіздіктің реңі.Сондықтан, заңы үстем елдің заманы қашан да тыныш болмақ. Тыныштық тақырыбын қозғай келе, Елбасымыздың халыққа көрсеткен маңызды зор демеуінің бірі – Семей ядролық полигоның жабу еді. Бұл тарихи оқиға 1991 жылдың 29 тамызында орын алды. Полигонға жақын маңдағы елдімекен тұрғындары, әлі күнге дейін радиацияның әсерінен туған аурулардан зардап шегіп, сәулеленудің салдары тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғанын айтады. Сондықтан, бұл әр қазақтың өмірі үшін үлкен қауіп төндірген, бізді бұл алапаттан қорғап қалған Елбасымыз еді. Тағы да маңызды жетістіктің бірі - мемлекеттің бас қаласын құру еді. Әр мемлекетте оны әлемге толық сеніммен көрсете алатындай, билік істері жүретіндей, елдің тұрмысын бар мақтанышпен танытатындай, ұрпаққа жоғары білім табыстай алатындай, өз ұлт өкілінің мәдениетін білдіре алатындай бас қаласы болуы керек. Қазақстанның жаңа астанасы 1997 жылы 10 желтоқсанда жарияланды. Ол – Астана қаласы болды. Астана жылдан-жылға құлпырып, әлемнің ең жас дамыған қалалар қатарына енді. Ол нағыз қазақтың қайнар мәдени ошағына айналды. Атап өтсек, Ұлттық академиялық кітапхана, Қазақстан орталық концерт залы, «Астана опера», мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы салынды. Ал «Бәйтерек» монументі Астананың символына айналды. Қазақстан әлемнің үздік елдер қатарына кіруі үшін де Елбасымыз үлкен жұмыс атқарды. Ол ішкі саясат пен сыртқы саясатты мінсіз атқаратындай екеуін ұштастыра түсті. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жасады, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, ең бастысы, қазақ халқының санын ұлғайтуға септігін тигізді. Мемлекет тұрмысының қалыпты болуы үшін мемлекет басшысы әлемнің ең мықты елдерімен байсалды да сарынды қадаммен келісім шарттарға қол қойды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкіліне жұмыс атқаруға қолайлы жағдай істеді. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен халықаралық деңгейдегі маңызы бар ЕХРО-2017 көрмесінің өтуін айтап өткеніміз жөн. Елбасымыз бұл жетістікке 2012 жылдың 14 наурызында Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017  көрмесін өткізетіндігі жайлы барлығына жария ету арқылы жеткен болатын. ЕХРО-2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болды. Бұл көрме әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде қол жетімді баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елімізге өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін туғызды. Бұл көрме арқылы, Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Міне осы жетістіктерге шолу жасай отыра, Қазақстанның осы күндері байлық пен берекеде жайдарланып өмір сүруінің өзі – президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы екендігіне көзіміз жетеді.

Елбасымыздың аса даналығына, мықты саясаткер мен дипломат екендігіне, халқының қамын ойлап отыратын, оның болашағына алаңдап, жағдай жасайтындығына еш сенімсіздігіміз жоқ. Қазақстанның болашағы жайлы сөз қозғайтын болсақ, бұл мәселені де Президентіміз ойластырып қойған. Ол «Қазақстан – 2050» стратегиясының төңірегінде орын алады. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздеп отыр. Бұларға ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар жатады. Біріншіден, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуды көздейді. Екіншіден, салық саясаты. Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу обьектілері үшін қолайлы салық режімін енгізеді. Алдағы 5 жылда еліміз онлайн-электрондық есептілік режиміне көшуі тиіс деген мақсат қояды. Үшіншіден, ақша-кредит саясаты. Ұлттық Банк пен Президент Әкімшілігінің зкономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйе­сін әзірлейді. Төртіншіден, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершіліккемән береді. Өйткені, Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі деп санайды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған стратегиялық бағдарлама әлемдік қауым­­­дастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сырт­қы сая­сатына экономикалық әлеуметтік-мә­дени дамуына тікелей ықпал ететін, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Бұл стратегияда тек мемлекетіміздің болашаққа көздеген мақстаттары берілмейді. Сонымен қатар, бүкіләлемдік мәселелер қозғалып, олардың алдын алу мен шешу жолдары көрсетіледі. Әрі, «Қазақстан – 2050» стратегиясы қазақ елінің азаматтарын жаңа белестерді жетуге ынталандырады, оларға айқын жол ашады. Елбасы еліміздің әлемнің дамыған отыз елдер қатарына кіруі үшін де септігін тигізетін бағдарламаларды ашқан. Солардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы. Жиырма бірінші ғасыр жаңа технологиялар ғасыры екендігін білеміз. Осы жобаның бар маңыздылығы мен құндылығы осыда. Ол қазіргі ғасырдың даму үрдісіне сәйкес қызмет етуді көздейтін бағдарлама болып табылады. Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл жөнінде Н.Ә.Назрабаев: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деп жазады. Сонымен қатар, халықтың ұзақ өмір сүруі мен денаулығы үшін, ұрпақ және жалпы адамзат үшін сапалы экология керек. Себебі, табиғат – біздің үйіміз бен асыраушымыз, табиғат пен адамзат біртұтас. Сол себепті, Елбасымыз 2005 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын ойлап тапты. Ол мемлекет басшысының халық үшін барлығын жасайтындығының дәлелі. Бұл бағдарламаның басты мақсаты тек табиғатты жасылдандыруда емес, жастардың Отанға деген ыстық сезімін оятуда да болды. Себебі, болашақ – жастардың қолында! Еліміздің жасыл желекке айналып, ну орманының көбеюі үшін ат салысқан жастардың саны жылдан жылға арта берді. Әр жұмыс нәтижелі шығады, сондықтан біз Қазақстанны болашақта экология мәселесінде үнілмейтіндігінде сенімдіміз. Жастарды айта келе, Елбасының қалауымен «Болашақ» бағдарламасы құрылған еді. Ол 1995 жылы 5 қараша құрылды. Бұл жоба жастардың шетелдің беделді оқу орнына түсіп, білікті маман болып, жастарға Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне септігін тигізуге көмек береді. Бағадарлама туралы: «Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - деп Тұңғыш Президентіміз жақсы пікір қалдырады.

Қорытындылай келе, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тірегі, тәуелсіз де егеменді ел болып қалыптасуының негізін қалаушы, өз Отанының жарқын болашағына көпір салушы, халықтың үмітін ақтаған кемеңгер тұлға. Ол болмаса, еліміздің бүгінгі күнгі жағдайын елестету жүрекке қорқыныш сезімін ұялатады. Елбасының арқасында, біздің көкейімізге «халықтың жағдайы қандай болмақ? Еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптаса алады ма екен? Тағы қандай кедергілерге тосқауыл көрсетуіміз керек? Ұрпақтың ендігі күйі не болмақ?» сынды сұрақтар енді мүлдем кіріп шықпайтын болды. Ата-баба арманың ақтап, әр қазақ азаттықтың ақ таңдарын береке-бірлікте өткізіп жүр. Біз түптің түбінде өз дегенімізге жеттік. Егеменді ел болып, қайта жаңғырдық. Елбасымыз бізге қамқор көсбасшы бола алды. Мемлекетімізді мақтанышпен таныстыра алатындай, терең тарихы мен мән-мағынасы бар мемлекеттік рәміздеріміз де бар. Қазақстан жас болса да, дамыған елдердің қатарына кіруге аяқ басып жүр. Біздің мақтанарлықтай жетістіктеріміз көп. Көптеген елдермен саяси-дипломатиялық келісім жүргізе отыра, Н.Ә.Назарбаев олармен достық және өзара ынтымақтастық қатынас құрды. Әлемдегі аса маңызды мемлекеттердің басшылары тұңғыш Президентіміз туралы көптеген ойларын қалдырады. Атап айтсақ: Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – заман тынысын таныған тұлға», Ұлыбритания Премьер-министрі Маргарет Тэтчер «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемдегі мықты саясаткерлердің бірі», АҚШ Президенті Барак Обама «Президент Назарбаев ядролық қауіпсіздік және қаруды таратпау мәселесінде әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі» деген пікірлерін қалдырады. Мемлекеттің бас қаласын – Астананы таңдау да Елбасының қалауы болатын. Бұл қалада Қазақстанның тағдырындағы басты оқиғаларының бірі – EXPO-2017 көрмесі өтті. Бұл көрме Қазақстанды әлем мәселелерін шешуде өзін мықты мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің жарқын болашағына апаратын көпір салды. Өйткені ол, болашақ – жастардың қолында екендігін түсінеді. Сондықтан, қазақ жастарының, біздің ұрпақтарымыздың жан-жақты дамуына көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Жастардың білім жолын шындап, еліне елеулі үлес қосуы үшін шетелдің үздік оқу-орындарында білім алуға керемет мүмкіндіктері бар. Халыққа көмек көрсетіп, Қазақстанның экологиясын жетілдіруге де арнайы жоба ұйымдастырылған. ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры екендігін түсініп, мемлекеттің цифрландыруына және дамыған үздік ірі мемлекеттердің қатарына кіруі үшін алдыға таудай мақсаттар қойған. Міне, біздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев небәрі 30 жылда осындай үлкен жетістіктерге жеткенің көрдік. Ол – қазақ елінің тірегі ретінде мәңгі тарих бетінде қалады!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!