400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елбасы – елімнің тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Елбасы – елімнің тірегі»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену,оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.

 Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой- толғау, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, кесте, тірек-сызбалармен жұмыс.

Көрнекілігі: Елбасының суреті, тірек-сызба, еңбектері, «Егеменді елім-мақтанышым менің» буклет.

Барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі. 

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған ел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шатыққа қадам басты ел.

Шартарапта шаттығыңдай азат күн,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

Қазақстан Республикасы әнұранын орындау.

-  Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.

- 1- Желтоқсан Президент күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймыз!

Кіріспе сөз

- Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы – «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Міне, осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 28 жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі сабағымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

- Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып,оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.

Н.Ә.Назарбаев-ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан,халқының үмітін,сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;

-қалың елінің жанашыры,мұңдасы,тағдырласы;

-қорыққанға қорған,тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;

- алдағыны болжай білетін,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;

- елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;

- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.

- Бүгінгі 9 және 11 сынып оқушыларымен бірігіп өткізгелі отырған  сабағымызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы «Бала Нұрсұлтан» «Менің тұғыш Президентім» «Елбасы кітаптары – ел мұраты» «Елбасы туралы біз білмейтін қызықты деректер» тақырыбында тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жетістіктеріне тоқталсақ.

Бұл - еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды  құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.  Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 

Елбасы туралы қызықты деректер

1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл келеді.

2. Елбасының әкесі Әбіштің бағбан болғанын білесіз бе? Әбіш – бір ағаш пен екіншісін будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз естелігінде.  

3. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана. Ислам дінінде ата-ананың балаға жасаған дұғасы Алла тарапынан сөзсіз қабыл болатын дұғалар қатарына жатады. Тұңғышының тілеуін тілеген ана Нұрсұлтанның кішкентай кезінде «Жарығыма ғұмыр бер!» деп тілеп отырса, кейін Теміртауға кеткенінде: «Ей, Алла! Сұлтаныма амандық, саулық бере гөр! Жұлдызын жарық қыла гөр! Өзіңе тапсырдым, Алла» деп дұға етпей ұйықтамайды екен. 

5. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.  

6. Елбасымыз музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар. 

7. Елбасы – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен

8. Назарбаев – альпинист. Ол тау баласы болғаннан кейін бе, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін Президент болғаннан соң да кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған. Соның ішінде теңіз деңгейінен 4010 м биіктіктегі Абай шыңының орны ерекше. Бүгінде Алматы маңында Нұрсұлтан шыңы бар. 

9. Елбасы – құралайды көзге атқан мерген. Елбасымыз аң аулағанды, саят құрғанды жақсы көреді. Әрі оның мергендігі туралы түрлі аңыздар бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер, күні кеше дүниеден өткен Мақсұт Нәрікбаев ол туралы: «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деген болатын кезінде.

10. Елбасы – ақын. Оның суырып салатын қасиеті бар екенін айналасындағылар жиі айтады. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.

11. Елбасы – гольф шебері. Елбасымыз Хайнань аралдарындағы демалыстарының бірінде гольф ойнау шеберлігімен жергілікті халықты қатты таңғалдырыпты. Гольф допшасын бастау алаңшадан көмбе алаңшадағы шұңқырға бір ұрғаннан кіргізген. Таңдайларын қаққан қытай мамандары сол жерге ескерткіш те орнатпақ болған көрінеді.

12. Нұрсұлтан Әбішұлы – әзілқой адам. Ол кісімен дастархандас болған көптеген адамдар естеліктерінде Елбасымыздың ерекше әзілқой адам екендігін айтады. Әсіресе еркін отырыстарда әзіл айтып, айналасындағыларды күлдіріп, көңілдерін көтеріп отырады екен.

Керемет, елбасымыз туралы қаншама қызықты деректермен таныстық.                                                         

Сандар сыр шертеді

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1 -інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-  жалпыхалықтық референдум нәтижесіндеҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде

Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентіболып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

2011 жылы 4-сәуірде 95,5 пайыз дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

Елбасының шығармашылығы

Бұл бөлімде елбасының жазған кітаптары мен әндерін жасыратын боламыз. (интерактивті тақтадан көрсетіледі)

Зерттеушілерге сөз кезегі беріледі (Кушкинова Гульдарай), (Сәлімов Әбілхайыр)

Хайрушев Русланның орындауындағы  «Үшқоңыр» әнін қабыл алыңыздар.

Әлемге Қазақстанды таныту жолында...

Елбасымыз әлемге Қазақстан ды таныту жолында көптеген шаралар ұйымдастырды. Соның арқасында қазіргі кезде еліміз күннен – күнге көркейе түсуде.

EXPO – 2017                            

ЕҚЫҰ                    

Азиада - 2011                                      

 Құрылған ұйымдар 

Н.Ә.Назарбаевтың атсалысуымен құрылған ұйымдар

№

Аймақтық ұйымның атауы және құрылған жылы

1

ТМД,Алматыда(1991 жылы 21 желтоқсанда)

2

Орталық Азия экономикалық қауымдастығы(1994 жылы)

3

Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымы(ОАЫҰ,2002 жылы)

4

Кедендік Одақ(1995 жылы)

5

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы(ШЫҰ,2001 жылы 15-маусым)

6

Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы Кеңес(АӨСШК)


Н.Ә.Назарбаев – бүгінгі заман лидері

А) Әлем саясаткерлері елбасы жайында......

Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. 
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 
Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. 
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. 
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. 
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

Б) Президент туралы кітаптар мен фильмдер (интерактивті тақтадан көрсетіледі)

С) Елбасы атымен – бұл бөлімде елбасы атындағы мекемелер, оқу орындарының аттарын атауларыңыз қажет.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі