Тақырыбы: «Елбасы-ел
жүрегі»
Іс-шараның
мақсаты:Өсіп келе жатқан ұрпақ
жүрегіне еліне деген сүйіспеншілік, жауапкершілік ұялата отырып,
барша әлемге үлгі болған елбасы Н. Назарбаевтың өміріне, еліне
сіңірген еңбегіне тоқталу. Барша қазақстан балаларының атасына
айналған ұлы тұлға жайлы толғану.
Түрі: Сабақтан тыс
іс-шара
Формасы: дөңгелек үстел есебіндегі
баяндау, сұхбат, талдау, слаид шоу, сұрақ- жауап, ой
алмасу.
Сабақтың
көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты стендтер,
компьютер, бейне таспалар, Назарбаев еңбектері және ол жайындағы
кітаптар көрмесі, слаидтар.
Барысы:
І
Ұйымдастыру
Кіріспе (Тюменбаева А.К.) 2
минут
Тарих көші жылжыған сайын
заман өзгеріп, заманмен қатар ұлы тұлғалары дүниеге келіп,
жұлдыздай жарқ етіп, күндей жылу сыйлап өшпес із қалдырып жатады.
Қазақ хандығының іргесін қалаған Жәнібек пен Керей, гүлденуіне
еңбек сіңірген Қасым, Хақназар, Тәуке, Тәуекел, елімнің бостандығын
қалай сақтаймын деп арс ұрған Абылай, Кенесары хандар халқының
жүрегінде мәңгі қалды.Сондай халқына сыйлы тұлғалардың бірі
елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Талай жылдар бодандықта
қалған қазақ халқы үшін сағындырып келген тәуелсіздік тынысы
тарылған елімнің кеудесін көтеріп, терең дем алдыртса,ал жаңа пайда
болып, тәй-тәй басқан сәби елді жетелеп, шыңға шығару ҚР тұңғыш
президентінің үлесіне
тиіпті.Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі
қарсаңында, 2011ж Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсанды
–«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күні»
деп белгілеу шешімі қабылданып, 2012ж бастап мемлекеттік мереке
ретінде тойлынып келеді. Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау
күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу
күні.
Бүгінгі тәрбие сабағының тақырыбы да осы жайлы
өрбімекТұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау
күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу
күні.
Бүгінгі дөңгелек үстел формасында өтетін тәрбие сағаты елбасы жайлы
болмақ. ВИДЕО Тұңғыш президент
Н.Ә.Назарбаев жайлы 3 минут
Сөз кезегін дөңгелек үстел
модераторы әріптесім Бақытжанұлы Қуанышқа
беремін.
Негізгі бөлім (Тюменбаева
А.К.)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып,
тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып,
мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, төл теңгеміз шығып,
ата заңымыз қабылданды. Дөңгелек үстел тақырыбын «Елбасы-ел жүрегі»
деп алдық. Мақсатымыз- өсіп келе жатқан ұрпақ жүрегіне еліне деген
сүйіспеншілік, жауапкершілік ұялата отырып, барша әлемге үлгі
болған елбасы Назарбаевтың өміріне, еліне сіңірген ерен еңбегіне
тоқталу. Барша Қазақстан балаларының атасына айналған ұлы тұлға
жайлы толғану.
Қарастырылатын
тақырыптар:
1. «Елбасы- ел мақтанышы»(
Бөкенов Дамир 5А )
2. «Астана - ұлы дала жүрегі»
(Ахметхан Айханым 5А)
3. «Әлем назарында -қарусыз
Қазақстан» (Болат Хакім 5В )
4. «Рухани жаңғыру-елбасының
көреген саясаты» (Ержанұлы Батыр 5Г)
5. «Мәңгілік ел –тарих
толқынында» (Ташкенова Айша 5В)
Сөз
кезегі 5 «А» сынып оқушысы Бөкенов
Дамирға беріледі.
Видео (Бірінші президент
мұражайы)
Бейне баяннан көріп
отырғандарыңыздай, Ұлы даланың жүрегіне айналған Астана жайлы 5А
сынып оқушысы келесі баяндамашы Ахметхан Айханым
баяндайды.
Ән Тұрсынхан Асыл 5 А
сыныбы «Астана»
Тюменбаева
А.К.
Н.Назарбаев мемлекеттіліктің
өркениет жолын ұсынды. Президенттік саяси институт енгізілді.
Осылай қазақтың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата
заңға сүйеніп, халық алдында Ант берді. Тәуелсіз Қазақстанның көк
Байрағын тізерлеп отырып сүйгені тарихи сәт еді. Бұл бірінші рет
өткізілген инаугурация болатын. Бәрі толқыған. Осындай кезеңде ту
тұғырға берік орнатылмағаны байқалды. Шайқалып қалды. Қас-қағым
сәтте Президент туды тұғырына берік қадап, ырғап-ырғап қатайтып
бекітті.
Міне, содан бері тәуелсіздік туын шайқалтпай, берік ұстап, көк
Байрағымыз әлемдік тулардың қасында қатар желбіреп тұр. Осылай
қазақ халқының етектегі басы төрге
шықты.
Сөз кезегі 5В сыныбының
оқушысы Болат Хакімге беріледі.
Келесі баяндамашы 5Гсынып
оқушысы Ержанұлы Батыр
Видео
Қорытындылау(Оралбекова
А.А.)
Құрметті қонақтар, оқушылар
осымен тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Елбасының атқарған қызметі
мен жақсылықтарын бір сағатқа сыйдыру мүмкін емес. Атақты Төле
би
Уа, халқым сөз қадірін
білесің,
Жаңбыр жаумаса жер
жетім,
Басшысы болмаса ел
жетім,
Көсіле шабар жерім
бар,
Тау көтерген елім
бар.
Қол бастайтын ерім
бар
Атадан қалған сара жолым бар»
деген екен. Дана басшы, алысты болжай білетін саясаткер, білімді,
алғыр азамат, үш кыздың әкесі, Н.Ә.Назарбаев ұзақ өмір сүрсін.
Ендігі кезекті тағы бір әнге берсек