«Егемен елдің кемеңгер
басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев»
Қазақстан Республикасы десек,
бірден көз алдымызға елбасымыздың сұлбасы келері хақ. Тәуелсіз
Қазақ елі атанып, егенмен, зайырлы, көпұлтты мемлекетке
айналғанымыз елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерең еңбегінің
жемісі. Еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін
атап өтуде. Бұл жай ғана мерекелік күн емес, бұл-мемлекет
тарихындағы ұлттық мемлекетіміз үшін маңызы зор айтулы күн болып
табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отаны мен халқы үшін
ынта-ықыласын салып, адал әрі жанкешті қызмет етудің нышанына
айналды. Ол кісінің атқарған жұмыстары орасан зор. Елбасының
саясатының алтын арқауы, басты өзегі-ел бірлігін сақтау екені
белгілі.
Қазіргі кезде барша ел
таныған, ғасырдың жаңа сатысына көтерілген, дербес ел болдық.
Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
арқасы.
Осы орайда біздің мектебіміз «Маяковский
атындағы негізгі мектебі»КММ-сінде де айтулы мереке жоғары деңгейде
атап өтілді. Мектебімізде 1-9 сыныптар арасында «Елін сүйген,елі
сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаттары, мектеп кітапханашысы
А.Кожатаеваның жетекшілігімен «Ел еріне,ері еліне сенген ұлы тұлға»
сынды елбасының ғылыми еңбектері оқушылар арасында кеңінен
насихатталды. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Акишеваның басшылығымен
«Тұңғыш Президент күні-тарихи маңызы зор мереке» атты 5-9 сыныптар
арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар информатика
пәнінің мұғалімі Е.Касымжанованың ұйымдастыруымен «Қазақстанның
Тұңғыш Президенті» тақырыбында оқушылар арасында «Үздік видеоролик»
сайысы ұйымдастырылып, нәтижесінде мектебіміздің 9- сынып оқушылары
сайыстың жеңімпазы атанды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
А.Канапьяновтың ұйымдастыруымен «Біздің жетістігіміз –сізге
арналады Елбасы! » атты үстел теннисінен жекелей біріншілік өтті.
Оқушылар жүлделі орындармен
марапатталды.
Елбасының өмірі мен ғылыми
еңбектері,атқарған елеулі істері оқушы қауымға кеңінен
насихатталып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Елбасының
өмір жолы, атқарған жұмыстары, отбасы оқушы қауымының зор ықыласына
кенелді.
Тәуелсіз Қазақ елін елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевсыз елестете алмаймыз,сондықтан
елбасының қайраттылығы мен күш –жігері таусылмасын, Алла ұзақ ғұмыр
берсін, нұрлы жолмен жүрген жастарымыз еліміздің нұрланып өсуіне
барынша үлес қоссын!
«Маяковский атындағы негізгі
мектебі»КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сләмова
Жұлдыз Тұрғалиқызы