400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Елбасы-елдің мақтанышы» атты салтанатты жиынның сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін, жерін сүйетін, Отаным дейтін,ұлтжанды,елжанды тұлға тәрбиелеуде септігі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Чехов атындағы №14 орта мектебі

1 Желтоқсан-Тұңғыш президент күніне арналған «Елбасы-елдің мақтанышы» атты салтанатты жиынның сценариі

Фанфары


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгігі мектебімізде Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық париоттық актісі аясында өткізілгелі отырған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.


Жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-елдің мақтанышы» тақырыбындағы мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(Ту кірген соң гимн орындалады )

Г И М Н
Жүргізуші:

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Нуркалиев Болатбай Серікұлына беріледі.

Жүргізуші

Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып

9 «А» сынып оқушысы , бірнеше қалалық, облыстық, республикалық дәрежедегі ән байқауларының жүлдегері Макимова Назгүлдің орындауында «Ұлт өкілі» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елбасымыздың өнегелі өмірімен таныстыру үшін, келесі сөз кезегі ардагер ұстаз, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Қайырболды Айтқалиұлына беріледі

Жүргізуші:

Елбасыға арнаған өлеңдерін оқу үшін бастауыш сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші: құттықтау сөз мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Утеева Дариға апайымызға беріледі.

Жүргізуші. Мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Сапарова Заринаның орындауында «Қазақ биін» қабыл алыңыздар

Жүргізуші:5 «ә» сынып оқушысы Төреғали Самираның орындауында «Атамекен » әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!

«Айналайын» хорының орындауында «Туған жер тамаша» әнін қабыл алыңыздар.

жүргізуші:

Сап түзел , салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын .  (Ту әкетіледі)



жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі күнгі салтанатты жиын қонақтары! Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық париоттық актісі аясында өткізілген салтанатты жиын өз мәресіне жетті. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Қош сау болыңыздар!

«Елім менің» әні қойылады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі