Елбасы елдің тірегі тақырыптық түрде ұйымдастырлған оқу қызметі

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Елбасы елдің тірегі тақырыптық түрде ұйымдастырлған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
1-желтоқсан Елбасы күніне арналған тақырыптық сабақ конспектісі мекетепке дейінгі мекемедегі ересектер тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елбасы – елдің тірегі»

Мақсаты: Балаларға тұңғыш президент туралы кеңінен түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Елбасы туралы толық мағлұмат беру, еліміз туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сұйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, Отанына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің суреті, Қазіргі президент Қ.К.Тоқаевтің суреті, рәміздер, ойынға қажетті материалдар, губка, бояу т.б.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, өлең, мақал-мәтел, ойын, сергіту, сурет салу.

Сөздік жұмыс: Отан, Елбасы.

Қостілділік компонент: Отан-Родина, ту-флаг, елтаңба-герб.

ҰОҚ барысы: Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, балалар!

Тәрбиеші: Балаалар, Қазақстанның гимнін орынымыздан тік тұрып орындайық.

Тәрбиеші: Балалар, қане, орындарыңа жайғасып отырыңдар.

(Тақтада суреттер ілінген)

-Балалар біздің Отанымыз, мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан Респуликасы.

-Ал, бізде қандай ұлттар тұрады?

-Орыс, кәріс, неміс, ұйғыр, татар, дүнген, әзірбайжан т.б.

-Ал, біздің Елбасымыз, тұңғыш президентіміз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-ҚР мелекеттік рәміздерін білесіңдер ме

-Гимн, елтаңба, ту.

-Бас қаламыз, Елордамыз қай қала?

-Нұрсұлтан қаласы.

-Қазіргі Президентіміз кім?

-Қасым жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Қостілділік көмпонент: Отан-Родина, ту-флаг, елтаңба-герб.

Суреттерді көрсету арқылы түсінідіріледі.

Балалар, сендер Қазақстан туралы, Елбасымыз туралы, Отанымыз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.

Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.

Отаным менің - Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.

Отан- деген Атамекен,

Отан деген туған жер

Отан ана, Отан пана

Қазақстан туған ел!

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!


Туған жердей- жер болмас,

Туған елдей ел болмас

-Жарайсыңдар, балалар! Отан, Елбасы, рәміздер туралы өте көп біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын» әнімен түсірілген видеомен компьютерге балалар қимылдарды орындайды.

Алдарыңдағы үстелдің үстіндегі губкамен көк түсті бояумен бояп, жасырылған тудың, бәйтеректің суреті шығады.

Ойын: «Қай елдің туы?»

Ойын шарты: Тақтада әр елдің туы іліген солы туларды атап, ішінен еліміздің туын табу.

Тәрбиеші: Балалар, біздің туымызда не бейнеленген?

-Күн, қыран құс, ою-өрнек.

Олай болса, қазір күнді, күннің шуақтарын құрастырамыз.

-Күн бізге не береді?

-Жылуын.

Ойын: «Күн шуағын құрастыр»

Ойын шарты: Үстелдің үстіндегі күннің шуақтарын бір-бірден қойып, құрастыру.

Қорытынды:

-Балалар, біз бүгін қай мерекені атап өттік?

- 1 желтоқсан «Тұңғыш Президен» күні

-Балалар, бүгін не жасадық?

-Гимн орындадық, тақпақ айттық, сергіту сәтін жасадық, ойын ойнадық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге көп рахмет! Алғыс білдіріп, мақтап, сендерге әрдайым күндей жарқырап жүрсін деп күнді сыйлаймын.





-











Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының

білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорыны

Коммунальное государственное предприятие «Ясли-сад «Гүлдер»

отдела образования города Темиртау управления

образования Карагандинской области













Тақырыптық түрде ұйымдастырлған оқу-қызметі

«Елбасы-елдің тірегі»







Дайындаған тәрбиеші: Каипбердиева Г.Т.









Теміртау – 2021



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2022
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі