Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
"Елбасы еңселеткен -Елорда"
Материал туралы қысқаша түсінік
Президент күніне орай 11 сынып оқушыларымен галерия сабақ өтті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
05 Ақпан 2019
485
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жүргізуші: Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қалананы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәндеткен бас сәулетші де мемлекет басшысы болды.Сондықтан да Елбасы мен Елорда-егіз ұғым.Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана- тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Сол өзгерістерге зер салып, галерияны шарласақ.1. "Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш.«Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер. 2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан. Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Зал ортасында әлемдік діндердің өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» - Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің алақанының таңбасы орналасқан.2. «Хан Шатыр» — Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған. Арнайы қондырғылар ішкі температураны бір қалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындары жұмыс істейді.3. «Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсенжәне Жаңбыршы Нұркенов. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.4.«Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан. 5.Ақ Орда: Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ақорда – ел дамуының жаңа философиясының көрнекі бейнесі. Резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты.Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.
6.Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Елордада Пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І-ші съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты. Әлемнің ең жас елордасы Астана қаласында 2006 жылы қайта қауышқан съезд делегаттары екінші бас қосуын жаңа, бірегей ғимарат – Бейбітшілік және Келісім Сарайында өткізді.Пирамиданың негізі 63×63м, биіктігі 63 м. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тас плиталармен қапталған, ал пирамиданың төбесі, яғни күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген нағыз өнер туындысы атақты суретші Брайн Кларктың витражымен безендірілген.Жаңа сарайдың салтанатты ашылу рәсімінде әлемнің классикалық музыкасының жарық жұлдызы Монсеррат Кабалье өнерін паш етті.Экскурсиялар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
7.Тәуелсіздік сарайымен іргелес орналасқан “Шабыт” шығармашылық сарайы еді. Күн санап көркейіп келе жатқан елордамыз алғашқы кезде шенеуніктер қаласы делініп келсе, ендігі жерде ел дәулетіне сай сәулеті жарасқан рухани орталықтар бірінен кейін бірі бой көтеріп, Отанымыздың төрт бұрышынан жиналған халыққа қызмет етіп жатыр. Астанадағы бұл өнер ордасын салуға 8,5 миллиард теңгеден астам артық қаржы жұмсалыпты. Мұнда тек музыка ғана емес, өнердің сан-салалы түрлерімен қатар театр, кино, телевизияға қажет кәсіби мамандар даярланады. Ал оқитын студенттердің санына келетін болсақ, 3 мың адамнан асады екен. Орта және бастауыш мектептің би, сол секілді суретшілер мен мүсіншілер тобына 180 талапкер қазірдің өзінде қабылданып қойыпты. Мұнымен қатар, 500 орынды үлкен және 140 орынды кіші концерт залдары заман талабына сай жарақталыпты. 8. 2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашты. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады.ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау«Астана «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты ғимараты. Көлемі 80 метрді құрайтын, биіктігі 100 метр әлемдегі бірден бір шар тәріздес ғимарат. Құрылымның қас бетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольттық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сфераның үстінде екі желайдағыш генератор орнатылған. Ғимарат үстіндегі шолу алаңына лифт арқылы көтеріліп, бүкіл ЭКСПО ауданына ашылатын әдемі көріністі тамашалауға болады. Ұлттық павильонның ішкі инсталляциялау және жабдықтау жұмыстарын дүние жүзіне белгілі швейцариялық, италиялық, германиялық фирмалар жүзеге асырған. Аталмыш ғимарат көрме өткен соң инновациялық және ғылыми-зерттеу орталығына айналды.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)