жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Елбасы еңселеткен Елорда"
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
өмір жолы, туып өскен,оқып білім алған , қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт
жүрегінде Елбасына деген
сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар
көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет
« Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш
президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші:
Армысыздар, бармысыздар құрметті
ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2-жүргізуші.
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді
азаматтары, ұлдары мен қыздары!
Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған
«Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші:
Тоғжан, сен қалай ойлайсың, осы Қазақстан
Республикасы осындай дәрежеге жетіп ,
көк туымыздың астында бейбіт, молшылық,
татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің
арқасында?
2-жүргізуші:
Әрине Қазақстанның атын сонау шет
мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп
жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
арқасы. Аяужан, сен қалай ойлайсың
Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл
болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты
дамыды?
1-жүргізуші:
Иә, мемлекетіміз тәуелсіз ел боп
жарияланғалы бері әрине дамыды,
экономикасы да, білім беру саласы да,
медицина саласы да, өндірісі де, шет
елдермен байланысы да. Барлығы,
елбасымыздың саясатының негізінде емес
пе?
2-жүргізуші:Иа,
дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке
де оңай жете қоймадық қой. Қаншама
бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен
Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз
тәуелсіздік жолында құрбан болды.
1-жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз
республика болып жарияланды.
1991
жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы-
Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш
Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші:
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы
–Президент. Латын тілінен аударғанда
«президент» сөзі «алдында отырған»
деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4
желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау
қорытындысында
Н.Ә.
Назарбаев қайта Президент болып
сайланды.
І
жүргізуші:
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің
бар елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін!
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам қолға ту
алған.
Бұл далаға жылап келіп,
уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш
қуанғам,
Бұл далада өскен жанда
жоқ арман!
ІІ
жүргізуші:
Кең
байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен
айшықталған ортасы.
Бүгін бізге
таңдай қағар күллі әлем,
Бұның
бәрі Елбасының арқасы.
І
оқушы:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап
жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап
алған,
Елімнің бар Президенті
ІІ
оқушы:
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт
желі ескендей жайлап алған.
Президентім
бар менің елі түгел,
Ақ киізге
көтеріп сайлап алған.
1-
оқушы.
Қасиетті
Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын
бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным,
бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім,
өркенім.
2-
оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым, бағым,
барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын
аспаның!
3-
оқушы.
Желтоқсаннан бастау алған
теңдігі,
Қазағымның өркендеді
елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік
жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4-
оқушы.
Бірде
шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір
жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды
жарқын жолға бастады
Елбасы боп
сайланды да Нұр ағам.
5-
оқушы.
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта
құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың
жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы
жолы » Нұр ағаның.
6-
оқушы.
Биіктей
бер, Нұр аға,
Қыран қанат
талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық
сіздей тұлғасын.
7-
оқушы.
Гүлдене
бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр
ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр
аға – біздің ұлы адам.
8-
оқушы.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам
бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам
бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ
ниетті халық деген данам бар.
Ән
«Салем саған Қазақстаным»
ІІ
жүргізуші
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы
Алматы облысы Қаскелең ауданындағы
Шамалған ауылында туған.Балалық шағы
кейде таршылық жағдайда
өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша
өсіруіне көмек көрсету керек
болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі
еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін
сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу
үшін есек жеккен арбамен жақын
маңдағы теміржол стансасына бару
дегенің керемет мереке
саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы
білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
І
жүргізуші
Ол
ерте есейді,орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып
металлург –жұмысшы мамандығын
меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің
көмекшісі жұмыстарын атқарды,
ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
ІІ
жүргізуші
Сол
жылдары оның басшылық қасиеттері
жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық
және республикалық көлемде басшы
органдарда жауапты қызметтер
атқарды.Металлургиялық комбинатында
партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды
облыстық және республикалық партия
ұйымдарында экономикалық салаға
жауап беретін хатшы болды.
Өлең «Достарым»
І жүргізуші
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
ІІ жүргізуші
1991
жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті
етіп сайлады
І
жүргізуші
1991
жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық
мемлекет» деп жариялады.
ІІ жүргізуші
1992
жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік
рәміздерЕлтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба
авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,
Шотаман Уәлиханов.
Өлең
«Нұраға» қабыл алыңыздар.
І
жүргізуші
Шаңырақ
–Отан отбасынан басталады.Ортақ
шаңырақ биік ,босаға берік болсын
деген мағынаны,ал уықтар –үлкен
үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла
танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты
тілеймін дегенді білдіреді.Ай
мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның
жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің
қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы
қызыл түлкінің жауын жер соқтырар
айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты
жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз
жарқырай берсін» деген асыл арманды
арқалап тұр
ІІ
жүргізуші
Мемлекеттік
Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда
күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы
күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір
матаның сол жағында қызыл өрнегі
бар.Жалаудың ұзындығы -2
метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын
жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
І
жүргізуші
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Қазақша
би :
Ақшам
шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім
дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген
хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз
тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып
тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы
бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны
бар
Айтындаршы, енді елім кем де
неден?
ІІ
жүргізуші
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз
ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
І жүргізуші
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
ІІ жүргізуші
1998
жылы 10-маусымда жаңа астананың
ресми тұсау кесері болды. Қала
Есіл өзенінің оң жағалауында
Сарыарқаның солтүстік бөлігінде
орналасқан.
Көтереді шаңырақ
Астанам асқақ,
Жанарып қалам,жасарып
далам!
Басыңнан серпі бодандық
жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық
ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды
сені бар әлем бүгін.
1-оқушы
Ауыр
күнді артымызға тастауы –
Қиын
сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім,
ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз
Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура
жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де
түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
2-жүргізуші
Елбасымыз
саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші,
ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім»
деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің
піріміз де, әніміз.
1
-жүргізуші
Халқым
айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім
айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім,
елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас
қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші
Уа,
халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр
жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса,
ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау
көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім
бар,
Атадан қалған сара жолым
бар.
Барлығы:«Осы
тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,
бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ
елінің ертеңі, болашағы үшін жауап
беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән:
«Елім менің»
хор (сөзі:
Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Мұғалімнің
сөзі:
Тәуелсіз
ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы,
осы тұлғаның арқасында. Қазақстанның
бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен
қандас бауырларымыздың тарихи Отанына
шоғырлана бастауы, Астана қаласының
сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі
тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр
сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып
жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің
жарқын болашағы, халықтарының бірлігі
және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
Оқушылардың орындауында флешмоб «Алға, Қазақстан!» Қарсы алыңыздар.
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Коргендеріңізге көптен – коп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген